Среда, 24.04.2024, 23:17
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК15 "Жаңартылған білім мазмұны менің тәжіребиемде"
[ Скачать с сервера (20.7 Kb) ] 22.04.2017, 22:14

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ-МЕНІҢ ТӘЖІРЕБИЕМД

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.

Н.Ә.Назарбаев

        Әр ұлттың төрінен берік орын алуына әсер ететін қандай дауыл соққан кезде де іргетасы шайқалмайтын  ерекше байлығы-білімді ұрпағы.Оның ішінде басты байлығымыз да, болашағымыз да жастардың қолында екенін айтудан еш жалыққан емеспіз.Әлемнің небір дамыған елдерінің қатарына ену үшін білім саласында көптеген өзгерістер болып жатырғаны баршамызға аян.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша бір көзқарас менде де пайда болды.

      Қандай да бір нәрсені бастаған кезде әр адамның бойында үміт пен қорқыныш қатар жүреді. Биыл да бірінші сыныпты қабылдаған кезде көздері қарақаттай, ақ бантиктері желбіреген қыздар мен шекелері торсықтай ұлдар менің алдыма көздері жаутаңдап келіп  отырды.Мен де оларға қамқорлық пен жанашырлық танытқым келді. Осы балаларды көрген кезде бірде  қуаныштың домбырасы кеудеме тығылғандай болса, бірде қалай жетілдірем деген ой мазалағаны рас. Міне, осы бүлдіршіндермен  бірге жаңа білім саласын жаңа бағытта бірге бастап кеттік.  

   Тылсым дүниетнің сырлары не деген сан қилы десеңші!Иірім-иірім жолдары адамды таңқалдырмай қойды ғой.

Менің алдыма келген бүлдіршіндер де сиқырлы сандық секілді.Әлі де сырлары ашылмаған. Бірі теңізде  еркін жүзген ерке балық секілді болса, енді бірі құдды толқын соғып жағаға шығарып тастаған балықтай өзіне тым сенімсіз, әлсіз сезінеді. Мүмкін сәл ертелеу ме, әлде кешпе жағадағы сенімсіз балықтарымды теңіздің ерке балықтарына қосуға, сол теңізде   еркін жүзе алатындай етемін деп ойладым. Бұл балалардың  бір-біріне ұқсамайтын әрқайсысының бойында  өздеріне тән қасиеттері бар.Осындай терең  ойда отырған кезде  Конфуцийдің мына бір сөзі "Мен саған балық берсем,сен бір күн тоқ боласың,ал енді мен саған қармақпен қалай балық аулауды үйретсем,өмір бойы тоқ болсың " деген сөзі мені осындай сенімсіз ойлардан оятып жібергендей болды. Осы бір қанатты сөз ойыма оралғанда бойымда шабыт пен үміт қатар оянғандыАлдымда отырған бала дәуренді биік сезім мен адал әрекетке шабыттандырудың  нағыз иесі.

Сондықтан өз алдыма қойған проблемалық тақырыбым да осы жаңа білім мазмұнымен байланысып жатыр."Жаңа әдістер арқылы оқушыларды шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру" Әр сабақты өткізер кезде осы оқушылардан шабыт аламын.Мен оларды сабақ барысында шабыттандыру үшін,жақсы қасиеттерін табуға тырысамын. Себебі, бір оқушыға «Жарайсың», «Сен дарындысың», «Сен бүгін мені қуанттың» «Тамаша жауап бердің» деген сөздер шабыт берері сөзсіз.Оларды өз беттерімен білім алуға үйретуге тырыстым. Бала мектеп табалдырығын аттаған кезде аппақ парақ сияқты тап-таза болады. Егер сен бетіне қалай сурет салсаң дәл сондай із қалады. Менің алдыма келген шәкірттерім де сол сияқты менің берген білімімді де сол күйінде қабылдайды.

Сабақтарды әртүрлі  тәсілдерді пайдалана отырып оқушыларды жаңа білімді меңгертуге тырыстым.Жаратылыстану пәні бірінші сынып оқушылары үшін де, жалпы мұғалімдер үшін де еніп отырған жаңалықтың бірі.Бұл жаңа ғана басталып келе жатқан жаңа пән түсініксіз бір кедергілерге ұшырап қалама деген қорқыныш санамды билегенідей болды.Осы қорқынышымды жеңу үшін балалардың өздеріне ұнайтын дүниеден бастағым келді. Оқушыларыма көздерін жұмып, өздерін ғарыш әлемінде жүргендей сезінуді ұсындым. Айнала көзге түртсе көргісіз қараңғы.Тек сол қараңғылықты бұзып тұрған аспандағы  жұлдыздар, тағы да басқа аспан денелері бар. Оқушылар көздерін ашқан сәтте сыныптың жоғарында ілініп тұрған аспан денелерін көреді. Сол кезде бір ерекше рахат сезімге бөленеді. Өздерін Ғарыш әлемінде жүргендей сезінеді.

    Білімді дайын күйінде беру  оқушының шығармашылығын тежейді. Топпен жұмыс жасау оқушыларды бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға ,тыңдай білуге, ең бастысы өз бетімен білім алуға үйретеді. Осы мақсатта сыныбымды 4 топқа бөліп жұмыс жасадым.Зерттеушілер", "Мүсіншілер", "Құрастырушылар", "Суретшілер". Балалардың қиялы шексіз ғой әр топ өзінше бір шеберлікпен, қызығушылықпен жұмыс жасай білді.Осындай сабақтар бірінен соң бірі өте береді.

     Міне,бүгін де мен өз әдетімнен айныған емеспін. Алдымдағы шәкірттерімді қалай таңқалдырсам екен, қалай қуантсам екен деген терең ойға шомылып  мектебіме келемін. Математика сабағы еді. Оқушыларыма "Жетістік нүктесіне" шоғырлануға мүмкіндік бердім. "Білемін", "Білмеймін" ,"Үйрендім","Досыма көмектестім" . Осы нүктелер арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ойын білгім келді. Сабақты барынша қызықты өткізу үшін "Фишбоун","Сөйлейтін қабырға","Кэрролл" диаграммасын пайдаландым. Осы сабақта да топтық, жұптық жұмыстар болды.Сабақтың соңында кері байланыс жасау мақсатында  оқушылар кері нүктелерге шоғырланды. Оқушылар өздері қалаған нүктеге тұрған кезде, Мади "Білмеймін" нүктесіне тұрып қалған еді.Мади негізінен сыныптағы өте белсенді оқушының бірі еді. Мен Мадиден мұндай әрекет күтпеген едім.Ол сабақ кезінде сәл  ойланып кеткендей болды.Сабақты түсінбеді ме, әлде өзіне сенімсіз болды ма, әйтеуір біраз отырыңқырап қалды.Бірақ мен Мадидің бұрын бұлай селсоқ отырғанын көрмеппін сондықтан сабақта оған көп мән бермеп едім. Сабақта әдістерді пайдаланған кезде баланың жас ерекшелігіне сай қолдану керек екенін және бір сабаққа бір немесе екі әдіс жеткілікті деп түсіндім. Әр сабақта әр оқушының жеке қасиеттеріне көңіл бөлген абзал себебі; ол солып қалған гүл сияқты болады уақытында су құйып, күтім көрсету керек.

   Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Келешек ұрпақтың заман ағымынан қалмауы үшін АКТ-ның орны ерекше екені баршамызға белгілі. Мен өз тәжіребиемде оқушыларға bilimland, Imektep сайттарын жиі пайдаланамын. Осы фильмдерді көру арқылы оқушылар жаңа тақырыпты есте сақтап қалады және сол фильмдегі ойын жаттығулары оқушаларға өте жақсы көмектесті.

     Халықта «ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесу қажет» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық басқа да құнды қасиеттерді сіңіріп дамыту –  ұстаздардың міндеті. Білімді сақтайтын қойма болмаса оқудан пайда жоқ.Жоғарыда айтып кеткендей шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін сабақта топтық,үштік,жұптық,жеке жұмыстарды әртүрлі бағытта жиі пайдаланамын.Оқушыларды сабақта көбірек сөйлетуге ,салыстыруға,дәлелдеуге,талдауға,ойын еркін айтуға үйретемін. Мысалы: Өсімдіктер мен жануарларды салыстырады.

- Мысық не істеп жатыр?

-Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде?

Жануарлар өсімдіктер сияқты өседі, қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Жануарлар қозғалады әрітүрлі қимылдар жасайды: жүреді, жүгіреді, қарғиды, секіреді, өрмелейді, ұшады, қалықтайды, қонады, жүзеді, сүңгиді деп жауап берді.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Қандай қиындықтар болса да, әріптестеріммен бірге шешуге тырыстым. Қиын да, қызықты тапсырмалар көп болды.Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

    Тәжірибемде  жарыс сабақтар, тренинг сабақтар,саяхат сабақтар,зерттеу сабақтарын өткізіп балаларды мәңгілік құндылықтарға үйретемін. Біздің сабақтарымыз балаларға өмірлік азық болады деп ойлаймын. Себебі, оқушыларымның жанарларынан ұшқан от болашаққа деген сенім ұялатады.

 Осы уақыт ішінде біраз бас шайқататын да,таңдай қақтыратын сәттер де көп болды. Әр сәт сайын бірсесе  таңырқап, біресе ойламаған сәттер болғаны рас.

    Мен де өз тәжіребиемде түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың бойында күн сәулесіндей жылылық ұялаттым.Әр оқушы күн сәулесін өзінше қабылдап,өзінше түсініп менің жанымды шаттыққа бөлейді. Ең бастысы менің жаңағы толқын соғып, жағаға шығарып тастаған, өзіне сенімсіз балаларым өз теңізінде еркін жүзетін балықтарға айналып келеді. "Мен теңіздің еркесімін","Міне, мен аман-есен жағаға жеттім "деп сүйінші сұрайтынына сенімдімін!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 924 | Загрузок: 21 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 7
avatar
1 Амангалиевна • 11:02, 28.04.2017
сіздің эссеңіз маған ұнады.Рахмет
avatar
2 Бахтыгалиевна • 19:40, 28.04.2017
Өз тәжіребиеңізбен бөлісеніңізге көп-көп рахмет.Сіздіің  эссеңіз ұнады. Сізге шығармашылық табыстар тілеймін!
avatar
Жаңартылған білім мазмұнын сабақтарда тиімді пайдалануға сіздің эссеңіз көмектеседі деп ойлаймын. Әдеби тілмен жазылған. Керемет!!
avatar
4 Ерболатовна • 21:36, 28.04.2017
эссеңіз ұнады.
avatar
5 Ахметжанқызы • 20:42, 29.04.2017
Эссеңіз өте жақсы жазылған
avatar
6 Бауыржановна • 21:12, 29.04.2017
Өз тәжіребиеңізбен бөліскеніңізге рахмет.Маған ұнады
avatar
7 Мералиевна • 21:25, 29.04.2017
Эссеңіз ұнады. Сабақтағы әдістер  жақсы көрсетілген
avatar