Вторник, 23.04.2024, 13:34
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК16 «Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»
[ Скачать с сервера (19.6 Kb) ] 22.04.2017, 22:32

 

         «Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»

 

        Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.  Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын.

        Менің негізгі ұстанған мақсатым - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту.  Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Инновациялық технология нәтижелері:

 1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

 2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

 3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аламын.

 4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.

 5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін.

 6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігін арттырамын.

 7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырамын.        8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады.  ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін.

          Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін:

  • сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
  • әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;
  • оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;
  • бейімделушілік қабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек.

          Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу, ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:

1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.

2) Заманауи қоғамның шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.

Сауат ашу сабағында қолданылатын педагогикалық технологияларды қолдану әдістері:

  • «Дыбыстар сөйлейді»
  • «Бес жолды өлең»
  • «Инсерт»
  • «Кубизм»
  • «Зияткерлік сергіту»
  • «Екі жұлдыз,бір тілек»
  • «Ойлан – жұптас - талқыла»
  • «Топтастыру»  т.б.

Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.

Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.

Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.

Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады.

            Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.

Сыныптағы сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді қарастырады:

  • оқушыларды жеке оқу үлгерімі мониторингіне қатыстыру;
  • мұғалімнің ұмтылуға қажетті келешек мақсаттарын нақты қалыптастыру түсінігі мен қабілеттілігі;
  • оқушының еңбегін бағалауда мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалана білуі;
  • мұғалімдердің оқу барысы мен нәтижелерін жазбаша белгілемей, әрбір оқушының оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін, есеп беру үрдісін іске асыру;
  • мұғалімнің әрбір оқушымен тіл табыса алу қабілеті.

Жалпы мектепішілік сапалы жиынтық бағалау келесі мәселелерді көздейді:

  • мұғалімнің өзі жауап беретін оқушыларының еңбегі туралы есепті жүйелі түрде беріп отыру;
  • пікір айтудағы бір жақты пікірлерді жою мақсатында, әр түрлі мұғалімдердің қолданатын стандарт айырмашылықтарын жою;
  • мұғалімнен алған жиынтық бағалау нәтижелерін мектепте ойластырып қолдану (іске немқұрайды қарамау);
  • ата-аналарға/қамқоршыға оқушының оқу үлгерімі туралы ақпаратты беру жауаптылығы.

             Әділ бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, сыныпта осы рәсімдерді жүргізуге қажетті тестілер мен тапсырмалардың сапасына ерекше назар аудару керек.

Сыныпта күнделікті бағалау үрдісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті.Осы бағалау нысаны ортаңғы сыныптар мұғалімдеріне қарағанда, әрбір оқушының жетістігі туралы ақпаратты жүйелеуге мүмкіндігі мол бастауыш сынып мұғалімдері үшін қолайлы.

Бағалау сенімділігі ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда түбегейлі болып есептелмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсаты оқыту негіздерін қалыптастыру болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу қажеттілігі жоқ.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы бағалау нәтижелері сырттай пайдалануға арналған жағдайда ғана қажет.

Қорытынды бағалауды сапалы жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді.

Сонымен қатар, мұғалімдердің формативті бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы керек, ал бұл өте күрделі іс.

Кейбір оқушылар сыныптастарына немесе мұғалімге баға бергеннен гөрі, өзін-өзі бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады. Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Оқушылардың жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі «ымыралы» әдіс болып табылады.

Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждейтін болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, әрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындау керек. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін ғана көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет! Сіз олардың бұны жазып алуын немесе жұмысты жалғастырмас бұрын, осы туралы айтып беруін өтіне аласыз.

Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түсіндірудің артықшылықтары

Тапсырмаларды түсіндіру,  оқушылардың өз түсігінін түсіндірулерін және оны тексерулерін талап етеді. Сондай-ақ ,осындай түсінік негізінде жасалған түзету жұмысы орындалуы мүмкін.

               Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай-ақ, мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 856 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar