Четверг, 28.03.2024, 20:51
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК17 "Бастауыш сыныптарда  коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс- тәсілдер"
[ Скачать с сервера (24.8 Kb) ] 22.04.2017, 22:54

Бастауыш сыныптарда  коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс- тәсілдер

«Болашақта  еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр. » Н.Ә.Назарбаев

    Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Қазақтың классик жазушысы М.Әуезов « Ел мен елді, адам мен адамды теңестіретін бір ғана нәрсе бар.Ол-білім.» деген болатын. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры,ақпараттар ғасыры,дамудың шапшаң түрі, жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру ұс­таз қолында. Өйткені, ұстаз ел­дің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәр­бие­леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда.

   Мұғалімнің педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін,  әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Өз тәжірибеме келетін болсам шәкірттерімнің коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

-Бірлескен әрекеттер – коммуникативті дағдыларды қалыптастырудың негізі

Коммуникативтік дағды жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:

•   Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)

•   Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

•  Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

•   Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)

    Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік дағдының алашқы баспалдағы  болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім  мүмкіндігінше қолдана алады.

    Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік дағдысы  қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.

     Коммуникативті дағдылардың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үрдісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.Осы заманғы педагогикалық үрдісте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан көп.                                                                                                                                                              Оқыту әдістерін таңдау кезінде төмендегідей критерийлерді басшылыққа алу қажет.

Әдістердің оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай келуі;

Әдістердің оқылатын тақырыптың мазмұнына сай келуі;

 

 Әдістердің техникалық жағдайлар мен оқу үшін бөлінген уақытқа сәйкестігі;                                           

      Баланы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру үшін бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Ол үшін әрине мектептегі барлық негізгі пәндер бойынша шығармашылық  жұмыстар әр сабақта беріліп отырған жөн.

  Өзім еңбек еткен жиырма үш жыл тәжірибемде, қаншама жұмыстар істелді, сабақтарда оқушының деңгейіне байланысты  қаншама  әр түрлі әдіс тәсілдер пайдаландым

 «Сауат ашу» пәні арқылы оқушылар қазақ тілі мен әдеби мұрасын меңгеріп, ана тілі мен туған халқының мәдениетін құрметтеуге, оқу үдерісінде және күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда тілдік қарым-қатынасқа еркін түсіп, өз пікірін білдіруге дағдыланады.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау. Оқушының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруда жүйелі жұмыс істегенде ғана нәтижеге жетуге болады.

Өз сабақтарымда  оқушыларға апта күндерін қайталату үшін мен «Апта күндері» атты сөздік  жаттығуны қолданамын.

Мақсаты:дедукцияны, емін-еркін сөйлесуды жұмыспен біржолата өтеу, зейін және логикалық ойларын дамыту.

- Дүйсенбіде доп ойнадық қайда? далада

- Сейсенбіде не құрдық қалада? серуен

- Сәрсенбіде не салдық сәнді етіп? сурет

- Бейсенбіде  не істедік әндетіп? би биледік

- Жұма күні жидек тердік қайда? қыратта

- Сенбі күні  не істедік клубта? кино көрдік

- Жексенбіде бір жиналып не істедік? дем алдық

- Осылайша өте шықты неше апта? бір

 «Образға ену» әдісі

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-жермін (Қаламмын, гүлмін, ) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу.

         1 оқушының әңгімесі: Мен-Табиғатпын..Айналам толған жасыл  әлем. Мен әлемдегі барша жанға тіршілік  сыйлаймын. Әңгіме құрастыра отырып жазу  арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды

 «Бір минуттағы ой»

     Мұғалім сабақтың тақырыбын айтады не бір сөз айтады. Оқушылар осы сөзді естігенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Сосын сол сөзді не үшін жазды түсіндіреді. Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып беруі керек. Осы әдістер «Галерея» әдісі оқушылардың ұжымда бірін - бірі сыйлау арқылы басқалардың ой ұшқырлығын байқауға,  өз ойын қосып отыруға мүмкіндік береді.  Сондай ақ, - қатысымдық дағдыға сай диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке /сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін, өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін қалыптастырады  Сауат ашу пәнінде оқушылардың қызыға орындайтын әдістердің бірі

 

 «Диалог-ертегі» әдісі

Мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез- келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады.

«Қиялымдағы мәтіндер» әдісі

      Бұл әдісте әр оқушыларға түрлі суреттері бар  төрт текше беріледі. Оқушылар текшелерді тастау арқылы өздеріне түскен суреттерге байланысты әңгіме құрастырады.

«Бес жолды өлең» әдісі. Өздеріңізге мәлім бұл әдістің де бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойларын дамытып, сөздік қорларын жүйелеуде нақты нәтиже беретін әдістедің бірі.

1. Зат есім. Кім? Не?

2. Сын есім. Қандай? Қай?

3. Етістік. Не істеді? Не қылды? Қайтті?

4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.

5. Мәндес сөз.

 «Биопоэма» әдісі.  Бұл әдіс арқылы сабақта қорытындылауға болады немесе көршісі туралы не жазғысы келетініне байланысты өзгертіп отыруға болады.Тапсырманы топта талдай отырып орындайды.

1.Аты.\ Жылқы\

2.Үш-төрт етістік. \кісінейді, жүгіреді,құлындайды\

3.Басқалармен қарым қатынасы \адамның досы\

4.Үш-төрт ұнатқан заты \шөп, су, \

5. Ол қорықпайтын екі-үш зат \ит, мысық, адам\

7.Мекенжайы.\атқора\

Мен өзімнің сабақтарымда оқушыларға шығармашылық жұмыстарды көбірек беремін және сол арқылы сабаққа деген қызығушылық, ынталарын арттырамын. «Сұрақты ұстап ал », «Он сұрақ», «Болжау» , « Шеңбердегі диалог» сияқты тиімді тәсілдерді жиі пайдаланам. Олар өз кезегінде оқушының сөздік қорын молайтып, ойланып жауап беруге мүмкіндік береді сөзжұмбақ құрастыру т.б. үздіксіз, тиянақты жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып отырғанда ғана мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады.

• Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.

• Оқушы тілдің әр саласы бойынша қажетті білімді жан-жақты меңгереді.

• Ауызша және жазба жұмыстарын сауатты орындап,өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады

Caбaқтың қызықты дa тapтымды бoлуынa, тaңдaлып aлынғaн әдіc-тәcілдңpдің oқушылapдың жac epeкшeліктepінe caй бoлуы дeп oйлaймын..

Сонымен қатар оқушылардың бірін- бірі бағалауы сенімділіктерін арттыруға септігін тигізеді.  Сабақ үдерісінде оқушылардың  топта, жұпта,  үштікте жұмыс істеуі - өз  ойларын негіздей отырып,  дәлелмен нақтылауға үйретеді.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.            

Г.Галилей: «Адамды бірнәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» - дегендей әр мұғалім осы бағытта жұмыс істегенде ғана, ойлау мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан, құзырлы тұлға қалыптастыра алады деп ойлаймын

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 1483 | Загрузок: 31 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
avatar