Четверг, 25.04.2024, 09:29
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК5 " Жаңа заман, жаңашыл ұстаз"
[ Скачать с сервера (20.9 Kb) ] 22.04.2017, 16:27

 

Жаңа заман, жаңашыл ұстаз

«Мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім.»

Ы. Алтынсарин.

 

Ұстаздық жолымның бастау алғанына отыз жылдан астам уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында.
         Сол "Ұстаз" атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін?
 Бұл сұрақтың жауабын дана, данышпан Абай атамыздың шығармашылығынан тапқандаймын. Ол «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек иесі» болу.

         «Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында  сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау  сияқты қасиеттер  тоғыса келе, олар мейірімділік  атты  ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана діттеген мақсат-мүддеге  жетіп, «Ұлы ұстаз» деген  ардақты атаудың шын иегері болатынына кәміл сенемін.

  «Ескіден қол үзбей,  жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.

    Сол себепті де мектебімнің ұжымымен бірлесе отырып, өз тәжірибесінде жетістікке жетуге  талпынатын, жаңа ағымнан қалыспай сапалы білім беруіне де мүмкіндік жасайтын, ол туралы ойлауға мүмкіндік тудыратын шығармашыл мұғалімдерімен тығыз қарым-қатынас жасаудамын.

 Ұстаз – шәкіртін  адалдыққа  баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын  жанашыры әрі ақылшысы.

 Алайда  өзімді, бүгінгі таңда, «керемет  ұстазбын» деп  айту  астамшылық  болар деп ойлаймын. Ал,мен–заман ағысына сай біліммен қаруланған,ой-өрісім жоғары,үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып  келе   жатқан  қатардағы  мұғаліммін.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  жылдар ішінде егемен еліміз дамудың, жаңарудың даңғыл жолына түсті. Болашаққа  нық сеніммен қарайтын болдық.

   Сондай өзгеріс білім беру саласын да бей-жай қалдырмаған.

         Атап айтсақ, Кембридж тәсілінің теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің  үш айлық біліктілікті арттыру курстары мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық, өзгеріс, жаңа бастау десек те болады. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы және Қазақстан  Республикасының жалпы  білім  беретін  мектептері педагог  кадрларының  кәсіби дамуының “Тәжірибедегі  рефлексия”, Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім  беру  бағдарламасы бойынша оқып, бітіргеннен кейін өзімнің  көшбасшы болудағы міндетім ретінде қызмет ететін мектебімдегі әріптестеріме жаңартылған білім мазмұны, сындарлы оқытудағы мұғалімге қойылатын талаптарды,оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер мен 7 модульді ықпалдастыру аясында  кәсіби даму бағдарламасы бойынша сабақтар өткізуге дайын болу керек екендігімді түсіндім.

      Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаша жұмыс істеуге,оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымыз бен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалағандай.

  Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енді. Ол-жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу. Білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмай, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс пайдаланып, оқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс-тәсілін дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы мұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өте мықты хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге қабілетті , жан- жақты білімді, үлкен жүректі , оқушыларды жанындай жақсы көре білетін байқампаз да білікті жан болуы керек.Өйткені іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде.Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге тура келді.Өзім де өзгердім,оқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге қолымнан келгенше ат салысып жүрмін. Бұрын қандай бір қиындыққа тап келсем, қатты абыржушы едім, бүгінгі күнде, жылдам әрі тез шешімін дұрыс табуға дағдыландым.Оқушыларымды да дұрыс шешім тауып, өз ісіне жауап бере алатын азамат болуға шақырып, не нәрсе болса да сын тұрғысынан ойланып, жеті рет өлшеп,бір рет пішуге қалаптастыруға үйретіп жүрмін. Бұл жетістіктер – менің жаңартылған бағыттағы курстан алған ілімдерім еді. Күнделікті сабағыңды түрлендіріп өткізсең, жаңашылдыққа талпынсаң, оқушыға да сыйлы боласың әрі оқушы сабағыңа да селқос қарамайды.

 Өзімнің мұғалім, ұстаз, жалпы адам ретінде түйгенім, мұғалім өзінің артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана марқая, қуана алады екен.

   Жаңартылған бағыттағы атқарған жұмыстарымның нәтижесінде оқушыларымның бойындағы өзгерістер:

-Оқушылар білім алу барысында бір–біріне сұрақ  қоюға, сұрақтың төмен, орта және жоғары деңгейлі болып келетіндігін, сұрақты қайта бағыттауға үйренді.

-Білім алу үдерісінде  оқушылар бір-бірінің сөзін бөлмей,ойын аяғына дейін тыңдап,сұраққа тиянақты түрде жауап беруге үйренді.

-Сабақта оқушылар жауап бергенде өз ойларын ашық айтып, өз қателіктеріне түсіністікпен қарайтынын көрсетті.

-Оқу үлгерімі төмен оқушылардың білімінің көрсеткіштері жоғарылай  бастады.

      Оқушылар бойында сабаққа деген қызығушылықтың артқанын байқап мерейленіп қалдым. Балалардың білім алуға деген ынталары жоғарылады.

Білім алуда жұптық,топтық жұмыс жасаудың пайдалы екендігін,жай болсын, күрделі болсын жұмыс жасауда бірге орындауға болатынын түсінді.

Сыныпта қарым-қатынас жағдайы бір-бірімен сәйкестік таппайтын оқушыларың өзі тапсырмамен жұмыс барысында бірігіп отырып жұмыс жасап, ынтымақтастық көрсете білді.

  Ал сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында: «Ақылдың алты қалпағы», «Ыстық орындық», «Ассоциация» стратегияларын пайдаландым.

 Оқушылардың нені үйренгенін бағалау үшін тағы қандай сұрақтар қоюға болар еді? - деп ойлана отырып,өткізілген әр сабағымның соңында  рефлексия жүргізіп отырдым. Онда  оқушылар «INSERT»,«БББ»,«Екі жұлдыз, бір тілек», «Кері байланыс»  стратегиялары арқылы оқушылардың  нені түсінгенін бағалап отырдым.  Оқушылар кері байланыс орнату  арқылы нәтижеге жетуге болатындығын білді.

Нәтиже: Теориялық білімді игеріп қана қоймай, тәжірибемен ұштастырып, сабақ барысында спиральді білім беру бағдарламасы, тиімді оқу және оқыту, белсенді оқу, тиімді қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру, сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым), оқу және оқыту үшін критериалды бағалау, белсенді оқудың стратегияларымен тиімді жұмыстар жүргізілудің нәтижелі екеніне көзім жетті.

Келешектегі жоспарым: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашуға тиіс, яғни оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау. Әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек. Қазіргі уақытта көптеген ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары негізінде әр оқушыға бейімделу жағдайын жасау идеясы бар, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адамды дайындау. Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін білім беру саласындағы жастардың білімді,саналы тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қосамын деген үміттемін. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді, білікті, жаңалыққа құмар мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 2750 | Загрузок: 41 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 Муратовна • 22:56, 27.04.2017
Эссе нақты жазылған. Рефлексивтік көзқарасы жақсы ашылған.
avatar