Четверг, 25.04.2024, 10:26
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК 3 "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“
[ Скачать с сервера (22.3 Kb) ] 22.04.2017, 08:52

 

«Менің ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестіруші ретінде қосқан үлесім»

 

"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“       

                                                                              А. Байтұрсынов

       Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

       Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Орал  қаласында 2016 жылдың 13-23 қыркүйек аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқыту курсынан өттім. Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс екендігін курс барысында түсініп, мектеп үйлестірушісі ретінде өзімнің атқаратын жұмысымның жоспарын құрып, жұмыстануды қолға алдым.

        Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан мұғалімдер бойынша дерек жинап, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан мұғалімдер бойынша база құрдым. Критериалды бағалау бойынша нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды пән мұғалімдеріне  таныстырып, критериалды бағалау бойынша нормативтік, нұсқаулық-әдістемелік құжаттар талдап, әр қайсысына бердім. Әдістемелік нұсқаулық хатпен таныстырдым. Жаңақала ауданындағы № 3  жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің  мектеп үйлестірушісімен байланыс орнату мақсатында кездесу өткізіп,  ортақ идеяларымен алмасып,  туындаған мәселелерді шешу жолдарын анықтап,  өткізілетін шаралар анықтадық. Пән мұғалімдерді «Жүйелі әдістемелік кешен» порталымен таныстырып, олардың критериалды бағалау бойынша үнемі әдістемелік көмек алуларына өз ықпалымды тигізіп отырдым. «Критериалды бағалау: қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығы» атты мектепішілік семинар өткізіп, пән мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін таныстырып,  қалыптастырушы бағалаудың сабақта қолдану жолдарын үйретіп, туындаған сұрақтарға жауап бердім.  Ата аналарды білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңартылған білім мазмұны және критериалды бағалау жүйесімен таныстыру мақсатында ата аналар жиналысын өткіздім. Мұғалімдерге

әдістемелік қолдау көрсету үшін ортақ жоспар құрып,  кері байланыс беру ережесін талдап, талқылыдым. Пән мұғалімдердің  сабақтарына  қатысу кестесін құрып, сабақтарына қатысып, сабақты бақылау парағымен таныстырдым. Сабаққа қатысып, кері байланыс беріп отырдым. Бағалау рәсімдерін жүзеге асыруда туындаған сұрақтар анықталған кезде , кері байланыспен қамтамасыз етіп отырдым«Оқу мақсаты,ойлау дағдыларының деңгейі, бағалау критерилері, дескрипторлар құрастыру» тақырыбында мектепішілік семинар өткізіп, пән мұғалімдердің оқу мақсаты мен ойлау дағдыларының деңгейінің байланысын, бағалау критерилері мен дескрипторлардың айырмашылығын көрсете алатындай жағдай жасалды. Туындаған мәселе бойынша коучинг, тәлімгерлік үдерісін ұйымдастырып, пән мұғалімдердің толық мағлұмат алуларына жағдай жасадым. ПШО филиалындағы тренерім Эльмира Орынбасаровадан туындаған мәселе бойынша онлайн  кері байланыс алып отырдым. Ата-аналарды жиынтық бағалау талаптарымен таныстыру жиналысын өткізіп, олардың жиынтық бағалау бойынша  толық мағлұмат алуларына жағдай жасалдым.  «Жиынтық бағалау құрылымын талдау» тренинг кезінде  бөлім және ортақ тақырып бойынша бал қою кестесін үйренсе, «Тоқсандық жиынтық бағалау» тренинг кезінде  балл кою кестесін

талдап  және рубрика толтыру айдарын қарастырса, «Мектептегі тоқсандық жиынтық бағалау жұмысына модерация жасау жолдары» тренинг кезінде модерация үдерісін жоспарласа , «Балл қою мониторингі, электрондық журнал толтыру» тренинг кезінде  балл қою мониторингісін жасап және электрондық журнал толтыру бойынша тәжірибе жұмыстарын орындауларына ықпал еттім. Балл қою мониторингі, электрондық журнал толтыруын қадағалап отырып, баға, балл қою мониторингісін жүргізіп, сынып  журналдың толтыруын қадағалап және оқушылардың нәтижелеріне талдау жасап отырдым. Қорытындымониторинг, сауалнама,сұхбат, бақылау нәтижесі бойынша қорытынды  жасауды, критериалды бағалау жүйесінің жүзеге асуы бойынша есеп дайындап, критериалды бағалау жүйесі бойынша ақпараттарды мүдделі тұлғаларға тапсыратын боламын. Критериалды бағалау кезінде мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырып,оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазып, оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндап отырады. Жұмыс барысында  мұғалімдер әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтап, білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындап, оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауын қадағалады. Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауын, оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеп, білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтап, оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуын, оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалайды (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б) Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау жасап отырады. Баға сапасын арттырып отырады.

         Менің ойымша, критериалды бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға, білім беру сапасын арттыруға, оқытудың сапасын жақсартуға, әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға, бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берсе, оқушыларға өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға,шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік берсе, ата-аналарға өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға, баланың оқудағы прогресін қадағалауға,оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге, мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға, баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

       Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 1058 | Загрузок: 33 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar