Суббота, 20.04.2024, 09:55
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК 4 "Қазақстан Республикасындағы жаңартылған орта білім мазмұнындағы идеяларды жүзеге асырудағы мектеп тренері ретінде менің үлесім"
[ Скачать с сервера (22.3 Kb) ] 22.04.2017, 09:03

«Менің ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда жаттықтырушы/ критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестіруші/мектеп жаттықтырушысы ретінде қосқан үлесім» бағыты

« Қазақстан Республикасындығы жаңартылған орта білім мазмұнындағы  идеяларды  жүзеге асырудағы  мектеп тренері  ретінде менің үлесім»

 «Бар ғылымның бастауы – мектеп, сондықтан
біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту»

Н.Ә.Назарбаев

 

          Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады [1].  Ал мұғалім бұл кім екен? Бұл сөзді біз күніне бірнеше рет естиміз,бірақ осы өмірде ол қандай рөл атқарады екеніне кейбір уақытта мән де бермейміз. Көз алдымызға мұғалімсіз қоғамды елестете алмаймыз. Сондықтан, менің ойымша, мұғалім «қараңғы түндегі шырақ» сияқты, себебі барлық жаңалықтар мен  бұл жаңалықтарды іске асыру мұғалімнің қолында.

       31 қарашадан бастап екі апта бойы мен «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлердің курсында оқыдым. Курстың мақсаты жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби өсуі мен дамуы, сонымен қатар, тренердің жеке қасиеттеріне көңіл бөлу.

       Қазіргі заманның қажеттілігіне сай оқытудың парадигмасы да  өзгерді. Білім берудің бағдарламасы  жаңарып, жаңадан көзқарас туындады. Осыған орай ,меніңше,  ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.         Айта келсек, мен өзім қанша оқысам да күн сайын бір болсын керекті ақпарат естіп, немесе  әріптесім жаңа идеяға түрткі болып отырады. Мысалы: мектептегі тренерлік курстарды өткізу барысында ең маңызды істерге назар аударып, пайда әкелмейтін елеусіз міндеттерді елемеуге мүмкіндік беретін Эйзенхауэр матрицасын құрдық[2], ол туралы талқылау барысында,тыңдаушыларым түрлі идеяларды орта сала отырған кезде  маған ой келді, бұл матрица бойынша апталық немесе айлық жұмысымды соған салып көрсем не болады екен? Менің ойымша, бірінші- өз-өзіме, жұмысыма талдау жасай аламын, екіншіден, реттелемін. Оны орындау үшін, маған мақсат пен оқу нәтижелерін  қоя білу керек.  Мақсат- адам нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, сол адам үшін ең маңызды болып табылатын дүние[3],-деп ғаламтор беттеріне жазылған. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет.Себебі, мақсатқа жету- бұл өзінің қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл -өзіңді-өзің дамыту,  жетілдіру, жалпы айтқанды, жаңа деңгейге өту, көтерілу. Сондықтан менің мақсатым шынайы, қолжетімді болу үшін, ұтымды, тиімді тұстарын өтетін ортаның қабылдауына қарай негіздеуді басты мақсатқа алған жөн деп ойлаймын.

     Оқу нәтижелері тақырыбы бірнеше сессияда орын тапты, топпен жұмыс істеу барысында флипчарт немесе талқылау кезінде менің байқағаным, әріптестерім  өздерінің  жұмыстарына анғармай оқу нәтижелерін анықтап отырды, дәлірек айтқанда,  «кинометафора» тақырыбын  ортаға шығару кезінде диалог арқылы зерттеушілік әңгіме орын тапты, себебі түрлі идеяларды ортаға сала отырып, бір ортақ шешімге келдік, соңында олар бірігіп   бір ұтымды идея болып шықты. Міне, сол уақытта оқу нәтижелері де анықталды.  Сессия өткізу барысында  презентацияны да қолдануының ұтымды жақтарына тоқталдым. Ең біріншіден, ол жүйелендіріліп, өмірмен байланыстыра отырып, нақты, түсінікті түрде жеткізе алу керектігі түсіндірілді.Үй тапсырмасын бергенде жоғары айтылған тұстарға көңіл бөлуі міндетті болғанмен, теорияны да ұмытпай ұштастуру болды. Осы жерде үлкен орынды теория бөлімі де  алады. Негізінен, теория деген сөзін грек тілінен аударғанда пайымдау, анықтау дегенді білдіреді. Теория- белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен  байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды[4].  Мектептегі сессиялар  барысында ,байқағаным, теория мен тәжірибені ұштастыру әріптестерім  үшін қиын болды, себебі олар   оған аса көңіл бөлмегендігі көріне отырыды, оқи келе ойлары да реттеле, дәлелдер де келтіре алды. Оған түрткі болған «Қолдау көрсету» тақырыбымен жұмыс істеген әріптестерім теорияны қарапайым рөлдік ойынмен жеткізгені маған әсер қалдырды, яғни мен қарапайым нәрсені кейбір уақытта күрделендіріп жіберемін екен, енді менде басқа көзқарас пайда болды. Бұл өзгерістер сессиялар мен қосымша жұмыс жасаған  арқылы  келгені, ал  ықшам сабақты бірінші аптаның екінші күнде үй жұмысы болып бергенмін, оны  толық дайындап келгенмендері және дайындағандары да  көңілімнен шықпады, себебі уақытты үнемдей алмағандары, тапсырмалардың көптігі екенін ұғып, келесіде   қателіктерін жоюға тырысты, бірақ  келесіде уақыт қайтадан жетпей қалды, сонда мен өзіме мақсат қойдым – істерім анық болу керек   деп .Сонымен маған да, әріптестеріме де  әлі де үйрену керек, бұл дағдым тәжірибе барысында реттеледі деп сенімдемін.

          Өзімнің мектеп тренері  ретінде рефлексия жасай  келе осындай қорытындыға келдім: Рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл әрекет психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, педагогикада мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне негіз болады. Күн сайын өзіміздің әрекетімізді бағалай отырып, соңғы күндердегі рефлексия сабырлықпен қабылданды, меніңше, бұл да өзгеріс.

          Меніңше,жаңартылған  орта білім мазмұнындағы  идеяларды  жүзеге асырудың бір қадамы   мектеп тренерінің қолында. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деп ұлы Абай атамыз айтқандай болашақта әріптестерім осы сессиялардан  алған білімімді мектебімде жүзеге асыра алады  деп ойлаймын. 21ғасырда талап етілетін дағдылардың мәнін түсіне біліп, шешімдер мен іс-әрекеттерді ұйымдастыра білетін ұлағатты ұстаздар  болатындығыма сенемін. Себебі ,мақсатым анық,оқу нәтижелерім әріптестерім мен оқытушыларға арналған, әдіс-тәсілдерім жаңаша түрінде, ресурстарым әртүрлі, көтерілетін мәселелерім өзекті болады.

       Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруына арналған. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажеттілігіне жаратып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Оқушылардың  бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы

аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Белгілі Қытай пәлсапашысы Конфуцийдің: «Мен саған

балық берсем, сен бірақ күн тоқ боласың, ал енді мен саған қармақпен қалай

балық аулауды үйретсем, сен өмір бойы тоқ боласың» – деген сөзі оқушыларды да,мұғалімдерді де әрекет етуге ынталандырады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Kk.m.wikipedia-orq
  2. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы. Үлестірме материалдар (8бет).
  3. www.surak.szh.kz
  4. Kk.m.wikipedia-orq

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 848 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar