Четверг, 25.04.2024, 20:50
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК6 "Білім мазмұнын жаңарту-заман талабы."
[ Скачать с сервера (18.9 Kb) ] 22.04.2017, 16:36

 

Білім мазмұнын жаңарту-заман талабы.

 

     Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологиялар да баршылық. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсатта күрделене түседі.
 Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын- ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Критериалды бағалау міндеттерін атап айтатын болсақ; 

-Сабақтың әр бөліктеріндегі оқушының дайындық деңгейін анықтау;

-Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеттері;

-Жеке оқушының даму жетістігін бақылау;

-Білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

 

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызып отырады. Кеңестік заманнан қалған бес балдық бағалау жүйесі жойылады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады.. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Сонымен қатар оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп аламыз және құрастырамыз. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін білдіреді.. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткіздім, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылды.

Тоқсандық жиынтық   бағалауды  жоспарлауда  әуелі  оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі бағалау олардың меңгерілуін тексереді. Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы мазмұнын, құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

• тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

• тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

– жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;

– бағалау құрылымы;

– тапсырмалар саны;

 – тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

 • тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;

 • тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

• тапсырмалардың балл қою кестелері.

Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің ішінен комиссия құрылады. Олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет.Қорыта айтқанда жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

2.Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке , тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

3.Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтау;

4.Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (өздік жұмысы, күнделікті баға т.б)

5.Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

6.Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

 Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған болатын. Оқу нәтижелерін бағалау барысында жаңа формалар енгізілген: балдарды қоюды қарастыратын жиынтық бағалау мен кері байланыс беруді қамтитын қалыптастырушы бағалау. Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, бағалауды өткізудегі қолданылатын әр түрлі бағалау түрлері (қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық, жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы. Бағалау жүйесінде түрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы атап айтатын болсақ, « Жұмыстың басында және соңында» , «Басбармақ», «Мен саған,сен маған» әдістерін қолданып , берілген тапсырманы түсінгенін, яғни  жұмысына сенімді болса шаршыны жасыл түске бояйды,егер аз түсінсе сары, тіпті түсінбесе қызыл түске бояйтынын айтуға болады. Сонымен қатар стикер жапсыру арқылы баланын сабақты қалай меңгергені туралы  білуге болады. «Басбармақ» әдісі бойынша да калай меңгергенің басбармақтарын көрсету арқылы білдіреді."Жетістік" баспалдағы

Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді.

мен барлығын түсінгеніме сенімдімін.

мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін.

мен қайталауды қажет етемін.

мен ештеңе түсінбедім деген сияқты өз ойларын білдіреді.

Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс) Бағалау түрінің ең көп тараған түрі:
Мұғалім оқушыны жаттығуларды жақсы орындағаны үшін мақтап,осылайша ауызша кері байланыс орнатады. Осыған орай оқушылар берілген материалды немесе мағлұматты сәтті ұққандары жайлы түсінуіне болады.  

Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған: критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын..

Сондықтан  жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.

 


 

 

 


 


 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 955 | Загрузок: 13 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 Муратовна • 22:47, 27.04.2017
Эсседе мұғалімнің рефлексивтік ойлары көрсетілмеген. Тәжірибедегі көріністердің мысалдары байқалмады.
avatar