Вторник, 14.05.2024, 13:23
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК1 Эссе зерттеу туралы ой
03.03.2017, 08:05

 

Зерттеу  мақсаты: Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және сабақ өткізу барысында уақытты үнемдей білуге бағыттау,  алған білімін болашақта пайдалана алуға жаттықтыру, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыту.

 

Осы зерттеу жұмысын бастамастан бұрын қандай тақырыпты алсам екен деген ой мені көп мазалады. Оқушыларды қайткенде қызықтыра аламын және қандай нәтиже шығады деп көп ойландым. Қазіргі кезде көп оқушылардың құлақтарындағы наушниктерді қалай шешкізсек екен деп ойладым.Соларды көре тұрып, оқушылардың АКТ мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білмейтіндеріне көзім жетті. Сондықтан да осы тақырыпқа тоқталдым. Алғашқы сабақтарымда АКТ мүмкіндіктерін түсіндіріп айта бастағанда оқушылардың 50 пайызының ғана көңілдері маған қарай ауды. Ал қалғандары тек тыңдап отырған сыңай ғана көрсетті. Сөйтіп әр сабақ сайын АКТ мүмкіндіктерінің түрлерін қолдана бастадым.  Оқушылардың өздеріне де тапсырмалар бердім  және оқушы өз үдерісіне белсене қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізетіндігін  анықтадым. Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі екенін түсіндіріп, айтып отырдым. Бірнеше сабақтар өткен соң оқушылардың қызығушылықтарының арта бастағандары  байқалды.  Мектепке оқушы  бүгін тағы бір нәрсе үйренсем екен    деп  армандап  келеді. Сол білімді  алу үшін де сабақ үстінде  өзінің  қабілетін, белсенділігін танытып тырысып бағады.

Алғашқы сабақтарымда  өзім  көшбасшылық жасап жүрдім.  Яғни мұғалім - түсіндіруші, ал оқушы - тыңдаушы.  Ал соңғы өткізген сабағым өзгеше болды.  Өйткені, оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыса білді, олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырды, бір-біріне кеңес берді, өз алдына мақсат қойды, алынған нәтижелерді қадағалады, тәуекелге барды. Енді оқушылар информатика пәнінің өту барысына болжам жасай бастады. АКТ мүмкіндіктерін өмірде қалай дұрыс  пайдалану керек екендіктерін түсінді. Әр нәрсенің пайдасы мен зияны болатындықтарына көңіл тоқтата білді.

 

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 538 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
avatar