Вторник, 14.05.2024, 11:50
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК1 Зерттеу жұмысы
[ Скачать с сервера (540.8 Kb) ] 03.03.2017, 08:07

Зерттеу жұмысының тақырыбы: "Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану"

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және сабақ өткізу барысында уақытты үнемдей білуге бағыттау, алған білімін болашақта пайдалана алуға жаттықтыру, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыту.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Өзгертілген сабақтарды видео таспаға, фотоға түсіру, сайттармен жұмыстану және жұмыстану барысын оқушыларға меңгерту арқылы сабақ барысында қолдана білуге жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже: Оқу барысында оқушылар АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалана біледі, өз беттерімен сабаққа керек материалдарды іздестіре алады және қолданады.

 

 

  1. Кіріспе. Зерттеу жұмысының алғышарттары

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында компьютер, электрондық оқулықтар, интерактивті тақта, видео камера, сандық бейне, ұялы телефон, интернет т.б. өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық техноло- гияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналып отыр.

 

ІІ. Негізгі бөлім

Мен өз зерттеу жұмысымды орта жалпы білім беретін мектебінің 3 сыныбының оқушыларымен жүргіздім. Алғашқы кезде бастауыш сынып оқушылары менің айтып ,түсіндіргендерімді қалай қолдана алар екен деген уайым да болды. Қазіргі заман талабына сай барлық балалардың интернет жүйесін жақсы меңгергендерімен бірге олардың қажет емес сайттармен жұмыстанып кетпеу жақтары да мені ойландыра бастады. Сондықтан АКТ мүмкіндіктерін пайдалану кезінде тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беріп, қызықтыруды ойластырдым. Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінезқұлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді. Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара байланыста болуы тән. АКТ –ны қолданған кезде теория мен тәжірибе бірігіп жүрсе, оқу мен оқытуды жақсарта түседі. Және бірнеше салаларына көңіл бөлетін болсақ, олар «Технолногиялық білім», «Педагогикалық білім», «Мазмұндық білім» екендігін түсінуге болады. .(Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Сандық бейнені қолдануда Windows-тың көшірмелерінде Windows Movie Maker жасақтамасы бірге жүреді. Ол бейнені редакциялауда таптырмайтын құрылғы. Бағдарламалық жабдықтарды сенімді түрде қолданудың жалғыз жолы оларды пайдалана білу. Фотосуреттерде жарық деңгейін өзгерту оңай, Windows Movie Maker сияқты бейне бағдарламалар жарық деңгейін өзгертіп, редакциялай алады. Кейбір сандық- бейнекамералардың екінші микрофонды қосуға арналған ұясы болады. Микрофонды қосар алдында камераға орнатылған микрофонның өшірулі екенін және ұстауға ыңғайлы екенін тексеріп алу керек. Ал подкастинг-бұл балалардың жұмыстарын, жаңалықтарын Интернеттегі аудиториямен бөлісудің керемет жолы. Және көрсетудің тамаша тәсілі. Подкастқа тоқталатын болсақ, ол радиоқойылымға ұқсас, жазылады, кейін тыңдай алатындай етіп Интернет арқылы таратылады.Бізге iPodder және iTunes сияқты БЖ пайдаланып подкастқа жазылып және mp3 плеермен тыңдауға болады. Дүниетану пәнінен ашық сабағымның «Алматы» тақырыбын өткен кезде Алматы қаласы туралы бейнеподкасты қолдандым және сабақтың тақырыбын ашуда мұғалімге көп көмегі болғанын, балалардың қызығушылықтарын арттыруға ыңғайлы тәсіл екендігін байқадым. Подкаст жасаудың балалардың сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектесетінін, балаға АКТ-ны қолдануда белгілі бір дағдыларды үйрететіндігін көреміз. Подкаст құру үшін жазба жасап, оны mp3 файл ретінде экспорттауға мүмкіндік береді. Артынан оны мектептің web-сайтына жүктеуге болады. Подкастқа музыка, балалардың жұмыстарын, өлеңдерді қосуға болады

Енді Wiki деген не десек, кез-келген адам wiki-де беттерді қоса алады немесе редакциялай алады. Оқушылар өз жұмыстарын немесе басқа бір жұмыстарды wiki беттеріне тіркеп немесе түзете алады. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді дұрыс пайдалануын дамытуға көмектеседі.

Мен осы тұрғыда мектепте зерттеу кезінде акпараттық технологияны пайдаланып бірнеше сабақтар өткіздім. Ақпараттық-коммуникатциялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Сабақта қолданылатын ақпараттық технология – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны сабақта қолдану Activstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 587 | Загрузок: 64 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar