Вторник, 14.05.2024, 06:26
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК2 эссе зерттеу туралы ой
03.03.2017, 08:53

Білім саласындағы жаңа дәуір өзімен бірге жаңа ойлар мен заманауи мектеп үлгісін, жаңашыл ұстаз бейнесін ала келді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Еркін елдің болашағы – іргелі білім мен озық ғылымда» деп тегін айтқан жоқ. Қазіргі кезде әр сәт сайын жаңа идеялар, жаңа технологиялар пайда болуда. Инновациялық технологиялар білім беру саласына да келді. Жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беруде әр түрлі әдістерді қолданудың маңызы зор.

Мұғалім нені, қалай оқытатынын біліп қана қоймай, оқу үрдісін шебер ұйымдастыра білуі керек. Соның нәтижесінде балаларда «Нені үйренуім керек?», «Қалай үйренуім керек?» деген сұрақтар туындауы керек. Оқушы енжар тыңдаушыдан сыни тұрғыдан ойлай білетін дербес тұлғаға айналуы тиіс.

20 жылдық педагогикалық қызмет нәтижесінде оқушының табысына сүйенгенде ғана тәрбие нәтижелі болатынын түсіндім. Бұл қуаныш сезіміне, көңіл-күйдің жоғарылауына байланысты. Пайдалы істі табысты орындаған балаларда өз күшіне деген сенімділік, нәтижеге жетуге деген құлшыныс пайда болады.

  • оқу сабақтарымның басты мақсаттарының бірі – тіл мәдениеті жоғары, сауатты оқырман тәрбиелеу. Әдебиеттік оқу сабақтарым дербестікке, шығармашылыққа, тілді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, диалог жүргізе білуге, оқылған нәрсеге тұлғалық қарым-қатынасқа, мәдени мұраны сақтай білуге деген жауапкершіллікке, бірлікті, қоғамды, адами мәдениет пен оның қызметін сезінуге шақырады.

      Диалогтік оқыту арқылы өз ойын еркін білдіретін тұлға – толыққанды, өмір сүруге бейім, өмірлік тәжірибелерді ұстана білетін білім иесі. Сондықтан, сабақтарды диалогтік оқытудың белсенді әдістерін біріншіден, оқушылардың қызығушылығын арттыру, екіншіден, оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, білім сапасын көтеру, үшіншіден, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін өздеріне сенімділігін арттыра отырып дамыту, төртіншіден, оқушылардың диалогтік оқыту арқылы сөйлеу тілін дамыту дер едім.

Диалог түрінде оқыту оқушылардың ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санаймын. Оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әр түрлі тәсілдер арқылы жүргізілген және кеңейтілген диалогке қатысуға мүмкіндік берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндіктер олар тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибесінен өткізуіне жол ашады.

Сабақты толығымен диалогке құру - өте күрделі, себебі бастауыш сынып балаларына жұмыстың әр түрі қажет, сондай-ақ ақыл-ой қабілеттерінің де әр түрлі деңгейде екенін ескеру керек. Өз ойын естіртіп айта алмайтын, өз сыныптастарынан қысылатын, сөздік қоры аз балалар да бар. Ал, сөйлегенді жақсы көретін, алайда тыңдай білмейтін балалар да бар.

Диалогтік оқытудың арқасында серіктестік қалыптасады. Сабақтағы енжар оқушылардың саны азая түседі, өйткені әрқайсысы өз ойын айтқысы келеді, сауатты сөйлеуге тырысады. Диалогтік оқыту тек білім беру мәселелерін ғана шешіп қоймайды, бір-біріне қызығушылығын тудырып, сыни тұрғыдан ойлауды және өз-өзіне баға бере білуді дамытады.

«Диалогтік оқытуды» енгізу керек әрі әр сабақта жақсы нәтижеге жету үшін бақылап отыру керек. Сабақта диалогтік оқыту әдісі арқылы жұмыс істей жүріп, мен нәтижеге қол жеткіздім, балалар өз бетінше жұмыс істейді, топпен нақтылай біледі, өз идеяларын ұсына алады, өз пікірлерін қорғайды. Жаңа әдістеменің тиімділігі оқушылар өз ойларымен бөліседі, білімдерін салыстырады, еркін қарым-қатынас жасай алады.

 

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 478 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar