Вторник, 14.05.2024, 18:49
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК2 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
03.03.2017, 09:05

Зерттеудегі тақырыбымды «Әдебиеттік оқу сабақтарында 4-сынып оқушыларының ауызекі  сөйлеу қабілеттерін дамытудағы диалогтік оқытудың маңызы» деп алдым.

        Бұл тақырыпты маңызды қылып алған себебім, сабақ беру барысында                      

 оқушыларымның   өз ойларын қысқа сөздермен жеткізіп, ауызекі сөйлеу қабілеттерінің төмендігі, сөздік қорларының    аздығын айтар едім. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеттері баяу дамып, білім алуда логикалық қорытынды жасауға, өз бетінше білім алуға,оны тәжірибеде қолдануға қиындау болады. 

Зерттеудегі мақсатым: Оқушылардың ойлау  тілін дамытудағы диалогтік оқытудың рөлін анықтау.

Зерттеудегі негізгі идеяларым:

Сабақ беру барысында диалогтік оқуды тиімді қолдану;

Жас ерекшеліктеріне сай ашық сұрақтар қойып, нақты жауап беруге үйрету;

Оқушылардың өз ойын, пікірін еркін айтып, жолдастарын тыңдай білуге қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Ауызекі сөйлеу қабілеттері дамиды

Топ ішінде бірлесіп жұмыс істей алады.

Өз ойларын еркін айтуға тырысады.

Ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқушының құзыреттілігі артады.

 

       Зерттеу жұмысымның өзектілігін  диалогтік оқытуға негіздеп, оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы рөліне баса назар аударуды жөн көрдім.Бұл мен үшін өте маңызды. Менің сыныбым болғандықтан оқушыларымның сұхбат жасай білудегі қабілеті тек қана сабақ кезінде ғана көрінбей, күнделікті өмірде де қолдана білсе екен деймін. Өйткені  қоғамда сөйлесу құзыреттілігі маңызды болып табылады.

    Білім негізі бастауышта деп айтқандай, бастауыш буында оқушыларының тілдік сөйлеу қабілеттерін жетілдіріп, дамытсақ, орта, жоғары буында ол оқушылар жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Сондықтан да, диалогтік оқытуды негіздеп,оқушылардың сөйлеу мен ойлау қабілеттерін ұштастыра дамытудағы рөліне баса назар аударуды жөн көрдім.Өйткені мен өз тәжірибемде осы мәселені маңызды деп ойлаймын. Өзімнің сыныбым болғандықтан, бұл оқушылар орта буынға жеткен кезде өз ойларын еркін жеткізе білсе екен деймін және өмірде кездесетін қиын жағдайларда қысылмай пікірталасып,өз ойын нақты дәлелді түрде  жеткізе алса, мен үшін үлкен жетістік болады.Бұл мәселе жалпы мектеп үшін де маңызды болып отыр.Себебі диалогтік оқытуды әр мұғалім сабақтарында қолданады.Бұл мәселе мектебіміздің әдістемелік отырысында  да қарастырылып,бастауыш сынып бірлестігінің түйінді мәселе ретінде оқушылардың ойларын еркін сөйлеу арқылы жеткізе білуге үйрету көзделіп отыр. Мен де осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмысын алғаныма және мектеп жұмысымен ұштаса кеткеніне көңілім толып қалды.

      Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интербелсенді қарым-қатынаспен достарымен бірігіп  жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айқын жазылған. Көп жағдайда сыныптағы талқылау, пікірталас мұғалімнің басқару төңірегінде,оқушыны дұрыстап және орнымен нені,қалай және қашан айту қажеттігі сипатында болады. Сондықтан, баланың білім деңгейін дамытуда әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалім үлкен  рөл атқарады. Мұғалім оқушымен кез-келген уақытта қарым - қатынаста болады. Осындай әрекеттер  негізінде оқушының сөйлеу дағдылары дамиды, жетіледі.Тілдік сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін оқуға байланысты белгілі бір тақырыпта оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыру. Сөздерді жасайтын формаларды меңгертіп, сөз бен сөзді байланыстыруға,сөйлем құрауға үйрету, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, пікірталастыра білуге үйренуін ескере отырып, диалогті дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін жаттықтырып, дамытады. Сол себепті осыған  бағытталған жұмыстарды іс - әрекеттегі зерттеуіме енгіздім.

Мектептегі зерттеу тәжірибемнің алғашқы күндерінен   оқушылардың мүмкіндіктерін, берілген тапсырманы қаншалықты орындай алатындығын, жазбаша, ауызша тапсырмаларға қандай деңгейде жауап беруін бақылауға алдым. Өйткеніоқушылардың когнитивті қабілеттерін (ойлау қабілеттерін) дамыту мен қалыптастыруда диалогтік оқытудың маңызы зор.

         Іс- әрекеттегі зерттеу кезінде балалардың тілдесім құзыреттіліктерін қалай дамытамын? Қандай әдіс- тәсілдерді қолданамын?

Осы сұрақтарға жауап алу үшін .....  тәжірибемді өткізуге  кірістім.Ең алдымен мектеп директорына кіріп, жұмысымның мәнін түсіндіріп,  рұқсат қағаздарға  қол қойдырып,  жағдай жасауына өтініш білдірдім. Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу барысындадиалогтік оқытудың қаншалықты тиімді екенін байқау үшін,өзімнің педагогикалық тәжірибемді өзгертуіме тура келді. Диалогтік оқытуды ұйымдастырудағы жаңа жұмыс түрлерінің әдістемесін енгізу мақсатында  орта мерзімді және қысқа мерзімді оқу жоспарларын жасадым. Екінші деңгей бағдарламасының жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына кіріктіріп,сабақ жоспары мен сабақтағы әдіс тәсілдерді өзгертіп  өткізуге тырыстым.

    Зерттеу жұмыстарын іске асыру үшін мен өзімнің  4   сыныбымды алдым. Сыныбымда  14 ұл, 9 қыз бала бар. Оқушыларымның ішінде   негізінен білім алуға ынталы,белсенді, өнерлі оқушылар да бар. Іс-әрекеттегі зерттеуге өзімнің төртінші сыныбымды  алғаныма өкінбеуге тиістімін. Себебі мен бұл оқушыларды төрт жыл оқытып келемін. Деңгейлік курсынан алған білімдерім менжаңашыл әдістерімді осы оқушылардың дамуына бағыттаймын. Орта буынға барған кезде олар өз ойларын ашық айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып, шешімін айта білетін  құзыретті оқушы болатынына сенемін.

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 452 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar