Вторник, 14.05.2024, 11:03
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК3 ЭССЕ ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ ОЙ
03.03.2017, 17:17

Зерттеу  тақырыбы: "Сабақ үдерісінде оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқу сапасын арттыру"

Зерттеу  мақсаты: сабақта оқыту үшін бағалау, критериалды бағалау арқылы қазақ тілі  пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру,  алған білімін болашақта пайдалана алуға бағыттау, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыту.

      Оқушылардың зерттеу кезінде  көңіл –күйлері жаман емес секілді. Алғашқы сабақтарында  мұғалім өзі  көшбасшылық жасап жүрді.  Яғни мұғалім - түсіндіруші, ал оқушы - тыңдаушы.  Ал соңғы өткізген сабағы өзгеше болды.  Өйткені оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, тәуекелге барады. Осы ойды негізге ала отыра тақырыпты  оқушылардың өздеріне талқылауға тастады, балалар тақырыпты  қалай түсінгендіктерін топта  талқылап, ойларын топтастыру стратегиясы арқылы жинақтап, ортада қорғады.

     Бұдан кейін оқушылар үшін сабақтың ең маңызды кезеңі - бағалау.

Бұл сабақта дәстүрлі сабақта кездеспеген бағалау әдісі де өз әсерін тигізді. Мұғалім  бағалау тек оқыту мен білім беруден кейінгі болатын процесс деп түсінсе, ал шын мәнінде  бағалау - оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі  екендігіне көзі жетті. Мектепке оқушы жақсы баға алсам  деп  армандап  келеді. Сол бағаны алу үшін де сабақ үстінде  өзінің  қабілетін, белсенділігін танытып тырысып бағады. Бұрынғы сабақта  ешқандай талдаусыз  тек  қана  бір жақты (мұғалім) бағаланса, қазіргі  7 модуль төңірегінде  түрлендірілген сабақта бағалау  сабақтың басынан соңына дейін  жүргізіліп отырылды. Бұл сабақта  формативті ( мұғалімнің  мадақтауы, қолпаштауы) бағалаудың негізінде жиынтық бағаны шығарды. Мен  тыңдаушымның сабағынан демалып шықтым. Өйткені сабақтағы барлық жұмысты оқушылардың өздері  іске асырды. Бұл кезеңде мұғалім  оларға тек бағыт беруші ғана болды. Жеті модульді сабақта үнемі қолдану барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, ғылымның маңызын төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, әсіресе, үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасы өзгерді.

      Мұғалім өзін басқа машинаға отырдым деп есептеді. Бірақ бұл көліктің  жүргізушісі өзі емес,  оның  оқушылары. Олар басқарушы, жаңа  жол іздеушілер, мақсатына жетушілер. Ал мұғалім  болса, бағыттаушы.

      Ойымды  қорыта  келгенде, мұғалім  нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзінің көзқарасын өзгертті, екіншіден сабақ жоспары мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын оятты, өзін- өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалауды өзгертті. Яғни, менің дәрістерім  әріптесіме  ықпалын тигізді деп ойлаймын.   

                                                        

     .

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 638 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar