Вторник, 07.05.2024, 15:23
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК4 ЭССЕ ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ ОЙ
[ Скачать с сервера (36.5 Kb) ] 13.03.2017, 20:15

Эссе –рефлексия

 

«Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін таңдаған себебім,сабақ құрылымында оқушының өзіндік талдау жасау негізінде бір – біріне ұсыныс айтып бағалауды  қалай жүзеге асырылғандығын таразылау,бір-бірін шынай бағалауға үйрену.  Бұл модульге сабақ барысында не үшін басымдық бергім келді? Осы «Сындарлы оқыту теориясы» курсына дейін мен үшін мұғалімнің оқушы жұмысына баға қоюы анағұрлым орынды болып саналып,бір жақты бағалау, яғни  білім нәтижесін анықтау мақсатында алынатын дүние болса, енді мен оны кең мағынада танып біле түстім. Сондықтан да мен осы модульге өткізілген сабақтар барысында көбірек көңіл бөлгім келді.

Александрдің «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп айтылған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 52 бет)

Осы тұрғыда бағалау дегеніміз – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі  түрде жиынтықтауға бағытталған қызмет екенін ұғындым.  Ал, бағалаудың негізгі мақсаттары:

  • Оқудағы құндылықтарды анықтау;
  • Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс орнату;
  • Сыртқы уәж бен ішкі уәжге ықпал жасау;
  • Болжау және сұрыптау;
  • Стандарттарды бақылау және орындау;
  • Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау болып келеді.

Оқу үшін бағалау мен оқуды бағалау туралы негізгі ойым: оқу үшін бағалау оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру үшін ролі маңызды. Себебі оқушы өзін-өзі бағалауы мен сыныптастарының бағалауы арқылы өзіне сыни көзқараспен қарап және өзіне есеп беру арқылы алдағы іс-әрекеттерін айқындайды. Сонымен қатар оқушыны оқу барысында мұғалімнің формативті бағалауы, яғни дер кезінде мақтап, мадақтап сүйемелдеуі оқушының оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізеді. Бұл дегеніміз білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі кеңінен орын алу керек деген сөз. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 54-бет).

Тағы бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған. Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екндігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

 (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 58 бет)

 Мұғалімнің бағалауы,мадақтау,ынталандыру оқушылардың көңіл - күйін  көтеріп,өздеріне сенімділікті тудырады. Бүгінгі таңда бағалау барысында критериялык және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды  өзекті деп санаймын. Формативті бағалау ата-аналар,мұғалім және  оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың  бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады. Оқушы өзін-өзі бағаланған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын,жауабынын қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы,не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әртүрлі көзқарастар пайда болмайды.

     Оқушылардың сабаққа ынтасын арттырып, қызығушылығын ояту үшін мадақтау, сенім білдіру,ынталандыру,қолдап отыру қажет екендігін түсіндім және  өз тәжірибемде тиімді қолданамын.

Өз  тәжірибемде    оқушыны  бағалауда  түрлі тәсілдерді пайдаланамын. Бастауыш сыныпта  түрлі тәсілдерді қолдана отырып  өзін-өзі реттеу мен метатанудын  мұндай дағдыларын дамыту бұл  балалардың  саналы  оқушы  болып  шығуларының  кілті деп айтуға  болады.Оқушыларды бағалаудағы мақсатым: оқушылардың оқу білімге деген  қызығушылығын арттыра  отырып,әрбір оқушының оқудағы  күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты және әділ бағалай білу. 

 Қорыта айтатын болсам, оқыту үшін бағалау  және оқу үшін бағалау тиімді екенін түсіндім .

Өз  тәжірибемде    оқушыны  бағалауда  түрлі тәсіл пайдаландым. Бастауыш сыныпта  түрлі тәсілдерді қолдана отырып  өзін-өзі реттеу мен метатанудың  мұндай дағдыларын дамыту бұл  балалардың  саналы  оқушы  болып  шығуларының  кілті деп айтуға  болады.Оқушыларды бағалаудағы мақсатым: оқушылардың оқу білімге деген  қызығушылығын арттыра  отырып,әрбір оқушының оқудағы  күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан-жақты және әділ бағалай білу. 

Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз.

 

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 596 | Загрузок: 22 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar