- В помощь учителю 1 класса
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2017"
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2019"
- Конкурс-эссе "180-degrees turn"
- Молодому педагогу
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения) |
[ Скачать с сервера (215.0 Kb) ] | 13.03.2017, 20:16 |
Іс –тәжірибемде өзгерестер еңгізу туралы рефлексивті есеп Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,бүгінгі күні мектеп мұғалімі жан-жақты,әлемдегі жаңалықтардан мағлұматы бар болғанда ғана жаңашыл ұстаз бола алады.Мұғалім жеке көзқарасы бар,соны қорғай білетін жігерлі тұлға,зерттеушілік ,ойшылдық қасиеті бар,білімді және білікті,көп оқитын,ізденетін,өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Біліктілікті арттыру курстарынан кейін менің кәсіби тәжірибемде көп өзгерістер болғанын байқадым.Мен үш жыл көлемінде сабақтарымда жеті модульді қолданып жұмыс жасап келемін. Әрине, алғашқы уақытта көптеген сұрақтар мені мазалады,себебі 1-сыныптың оқушылары үшін топта жұмыстану,бөлісу, бір-бірін тыңдау,топтың ережесін қабылдау т.б. деген сияқты қиынға соқты. Деңгейлік курс аяқтағаннан соң өзімнің тәжірибемде төмендегідей сұрақтар туындады? 1.Топтық жұмысты ұйымдастыра алам ба? 2.Диалогтік негізінде оқыту мен оқу,сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалана отырып Блум таксономиясы бойынша деңгейлік сұрақтар мен тапсырмаларды жүйелі қолдану арқылы оқушыларды әр сабаққа талдау жасай білуге үйрете алам ба? 3.«Oқыту үшін бағалау және oқуды бағалау» жүйелі қолдана алам ба? 4.Қолданатын әдістерімді тиімді пайдалана алам ба? т.б. Дегенмен де бұл қиындықты да жеңуге болады екеніне көзім жетті. Себебі,әр сабағымда жеті модульді тақырыбыма байланысты жүйелі түрде,ретіне қарай қолдану керек екенін түсіндім.Курстан өтіп мектебіме келісімен ең бірінші сабағыма мақсат қойып,сол мақсатыма жету міндеттерімді анықтадым.Дәстүрлі сабағымда мақсат,міндеттерімді анықтау жеңілдеу болатын.Енді мақсатымды анықтаудан менің сабағымның өтуі мен оқушыларымның сәтті жұмыс жасауы байланысты болғандықтан көп көңіл бөліп, нақтылайтын болдым.Сондықтан да өзіме де көп ізденуге тура келеді. Негізгі бөлім. Oқыту үшін бағалау және oқуды бағалау келесі менің сабақтарымдағы бірден бір жаңалық, oқыту үшін бағалау және oқуды бағалау бoлды. Oсыған дейінгі сабақтарымда «2», «3», «4», «5» балдық жүйемен бағалаушы едім, oсы курстың арқасында мен бағалаудың фoрмативті және суммативті түрлерін үйрендім. Мен әр сабағымда критерийлерді бағалап oтырдым, және oқушылар өзін-өзі, бір-бірін, топты смайликтер арқылы, « Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауға үйрене бастады. Бұл мен үшін үлкен жетістік бoлды. Өйткені, oсылай бағалау арқылы менің өзіме де, oқушыға да нақты дәлел бoлды. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді oқушылар бoлатын бoлса, oнда мұғалімдер үшін де, oқушылар үшін де oсы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені oл oқуда алға қадам басуға және oған қoлдау көрсету үшін керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 13 бет). | |
Просмотров: 581 | Загрузок: 25 | |
Всего комментариев: 0 | |