Вторник, 07.05.2024, 20:11
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК5 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
[ Скачать с сервера (364.7 Kb) ] 13.03.2017, 20:20

Мектептің зерттеушілік іс- әрекеті

Кіріспе

 

Қазіргі таңда барлық елдер білім беру жүйесін қайта қарап, реформалар  жасауда. Әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан реформалар, мектеп оқушыларының білімі мен біліктіліктерін өмірде пайдалана білуге үйретеді. Сондықтан оқыту мен оқудағы әдістерді өгерту қажет. Бүгінгі таңда өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де,соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек? және мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды?» Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Замануи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі -оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

 Негізгі бөлім

Бірінші деңгей бағдарламасынан алған білімімді жинақтай отырып, мектеп көшбасшысы ретінде мектепте өзгеріс енгізудің бірінші сатысы–Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімнің нақты мектептің ахуалын шынайы бағалауға тырыстым. Мен жұмыс жасап отырған Аққайың ауданы Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебі аудан орталығындағы алғаш ашылған қазақ мектептерінің бірі. Алғашқы жылдары 100-ден аса оқушы болған еді. Қазіргі таңда мектебімізде 76 оқушы білім алуда. Оларға 22 мұғалім білім мен тәрбие беруде. Мектебіміз жылда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Оқушыларымыз түрлі байқаулардан облыс, республика көлемінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Жылдан-жылға мектептің материалдық базасы нығайып келеді. Мектебімізде мұғалімдердің орта жасы 40 жас. Олардың көбі жиналыққа құмар, кәсіби өсуге әрқашан дайын.Үш мұғалім үшінші деңгейді оқыса, бір мұғалім екінші деңгейді, бір мұғалім бірінші деңгейді аяқтаған.Олар өз жұмыстарын түсініп, үлкен жауапкершілікпен қарайтын мамандар. Ұстаздарымыз Алматы, Петропавл қалаларына барып, біліктіліктерін үздіксіз көтеріп отырады. Кейін алған білімдерін тәжірибелеріне енгізіп, әдістемелік кеңестерде, бірлестік отырыстарында таратып отыруға тырысады. Өзім де осы біліктілігімді көтеру мақсатында ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Бірінші деңгей бағдарламасының оқуын оқып жатырмын. Алты жұмаға мектепке тәжірибе кезеңінен өтуге барып, көшбасшылықтың алғашқы қадамдарын жасауды бастадым. Біздің негізгі міндетіміз – әріптестерімізге жаңа идеяларды сынақтан өткізуге, олардың кәсіби өсулеріне, өзара сенім мен қолдау көрсетулеріне көмектесу және оқушыларымыздың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуларына үйрету.

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 568 | Загрузок: 24 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar