Вторник, 07.05.2024, 18:11
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК6 ЭССЕ ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ ОЙ
13.03.2017, 20:22

                                                                                                   

Эссе-рефлексия

«Бойыңда білім бар екен, одан басқалар да өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғызыңыз»Т. Фуллердің сөзін негізге ала отырып « Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша біліктілігімді арттырған мектеп тренері   болғаннан кейін өзіме жүктелген міндетті орындау керектігін түсіндім. Өзім еңбек етіп жүрген педагогикалық ұжымдағы әріптестерімнің кәсіби дамуы мен оқытудағы өзгерістерді өз тәжірибелеріне енгізу үшін бағдарлама аясындағы оқу жоспарына сай сабақтарымды ең бастысы  жүйелі, мақсатқа сай, мазмұнды  жаңашыл түрде жоспарлау керектігін түсіндім.  Тобымдағы  тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру , сондай-ақ әріптестерімнің қызығушылықтарын арттыру   мақсатында жаңа әдістерді сабақтар барысында қолдануға тырыстым. . Сонымен қатар   әріптестерімнің өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етілді.  Тренер ретінде  әріптестің  оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесуге  тырыстым.  Әріптестерім үшін менің әрбір іс-әрекетім, коучингті жүргізудегі шеберлігім маңызды екендігін түсіндім. Осы мақсатта еңбектеніп, бағдарлама негізінде жұмыс істеуге бет алдым.

Мен жүргізген іс-әрекеттеріме зерттеу жүргізе келе, ересектер мен балаларды оқыту арасында үлкен айырмашылық жоқ деген қортындыға келдім. Бала ересек адам емес, дамушы тұлға болғандықтан олардың көзқарасы мен іс-әрекетінде өзгешелік байқалады. Мысалы, балалар болмашы нәрсеге қуанады, ренжиді және көңіл аударғыш келеді. Сондықтан бала үшін мадақтаудың жөні бөлек. Баланы мадақтай отырып, бойларына сенімділік ұялатуға болады. Ересек адамдар үшін тренер  бағыт-бағдар беруші, кеңесші, әріптес болады, ал балалар бізді мұғалім, жанашыр, қамқоршы және сенімді дос ретінде қабылдайды.

Мен оқытудың Кембридж тәсілінің – мұғалімдердің оқытуға деген көзқарасын өзгерту деп түсінемін. Менің өз тәжірибеме көптеген жаңа өзгерістер енгізу арқылы  мұғалімдердің тәжірибесінен де  сол өзгерістерді көру басты мақсатым болып табылады.  .

          Тренерлік курсқа қатысушыларына  жеті модуль аясындағы жаңа идеяларын насихаттап, қызығушылық танытып жүрген әріптестер қатарын көбейту, тізбектелген коучинг сабақтарын жүргізу арқылы табысты оқытуға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету, әріптестерімнің қызығушылығын оятатын тиімді тәсілдерді қолдану арқылы мотивациясын ояту, жаңашыл, іздемпаз, әріптестерімнің сұранысын қанағаттандыру, нәтижелі де табысты оқытуға үнемі бағыт-бағдар беріп отыру, оқыту мен оқуда көшбасшылық жасау.

«Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді,Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім шабыттандырады» деп ағылшын ағартушысы Уильм Уорд айтқандай қазіргі таңдағы  мінсіз  мұғалім деңгейіне  жету үшін  әріптестеріме  өз сабағында бағыттаушы, нұсқаушы, бақылаушы бола отырып, шәкіртінің өз бетімен білімді игере алуы үшін қолайлы орта мен  барлық жағдайларды жасай алатындай табысқа жету жолында әріптестеріме  біліктілігімізді шыңдаған ғана жете алатынымызға көз жеткізгендей  әсерде болдым. Мұғалімнің жаңашылдыққа ұмтылуы-уақыт талабы. 

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 825 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 Муратовна • 15:17, 23.03.2017
Осы жұмысында дайек сөздер келтірілді.
avatar