Воскресенье, 28.04.2024, 20:37
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК7 ЭССЕ ЗЕРТТЕУ ТУРАЛЫ ОЙ
16.03.2017, 09:02

«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына Ұлт Көшбасшысы Н.А Назарбаев білім беру саласының басты міндеттерін айқын белгіледі.

           Біріншіден , барлық дамыған елдердей сапалы бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту. Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек.

Осы міндетті орындауға біз қалай үлес қосып жүрміз? Біздің оқытып отырған оқушыларымыздың білім сапасы қандай дәрежеде?

           Иә, шын мәнінде алып қарайтын болсақ, мектебімізде деңгейлік курстан өткен 16 мұғалім жұмыс жасайды. Олар коучинг пен тәлімгерлік жүргізу арқылы ұстаздарды әріптестерді жаңа әдіс тәсілдер бойынша жұмыс жасауға үйретуде. Мектеп ұстаздарының көпшілігі өз сабақтарын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы өткізеді. Солай бол тұрса да бастауыш буынға қарағанда орта буын оқушыларының білімі тұрақты емес. Бастауыш буыннан жақсы үлгеріммен келген оқушылардың басым бөлігінің орта буынға келгенде  үлгерімі төмендеп кетеді. Мысалы 6 «ә» сыныбының оқушылары жекелеме пәндерден үлгерімі 60-80%  болса да, жалпы сынып боынша оқу сапасы 45,45% .Осындай жағдай 7,8 сыныптарда да кездеседі. Осы мәселені шешу мақсатында оқыту мен оқудың нақты жағдайын анықтау үшін саулнама, сұхбат жүргіздім. Нәтижесінде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен білім алу белсенділігін оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын  арттыру мақсатында орта буын сыныптарында  Lesson  Study  үдерісін өткізуді жөн деп таптық.

             Lesson  Study  циклiн  өткiзу  кeзiндe  мұғaлiмдep  оқыту  тәжipибeciнe  жaңa  әдicтep eнгiзeдi  нeмece  оны  жeтiлдipeдi. Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейтіні белгілі.  Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес. Бұл тәсілдің мүмкіндігі мол, тиімділігі жақсы.

  • зерттеуіміздің басты міндеті жаңа әдіс-тәсілдер баланың білім алуын қаншалықты жақсарта алатынын дәлелдеу. Сондықтан  Осы сабақтар барысында оқыту мен оқудағы белсенді әдістерді қолдану арқылы біршама жетістіктерге қол жеткіздікк Әр сабақта әр түрлі әдіс –тәсілдер қолданса оқушы да жалықпайды, ізденген үстіне іздене береді. Олардың өзінен де тың идеялар туындайды.

Соның нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін  жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.  Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Ойын ашық айта алмайтын, үлгерімі нашар, тұйық оқушы И. Мадияр топта оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнатып, сабаққа белсене араласа бастағанын көрдім. Сонымен қатар орта деңгейде оқитын З.Жанбота мен  пен У.Алуа шығармашылық тапсырмалар орындағанда ойларының ұшқыр екендігіне, логикалық тапсырмаларды ынтасымен беріле орындайтындықтарының куәсі болдым. Жақсы оқитын оқушы  А.Мадина  достарына көмектесіп, түсінбегенін қоңырауда үйретіп жатқанының куәсі болдым.

Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі С деңгейіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап В деңгейіне жеткізуге, В деңгейіндегі  оқушыларды А деңгейіне  жеткізуге тырысамыз. Талантты және дарынды оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруде әлі де ізденуге жұмыстанамыз.

 

 

 

 

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 518 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar