- В помощь учителю 1 класса
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2017"
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2019"
- Конкурс-эссе "180-degrees turn"
- Молодому педагогу
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения) |
[ Скачать с сервера (2.46 Mb) ] | 16.03.2017, 09:08 |
Бағыты: Мектептегі зерттеулер Lesson Study үдерісі аясындағы зерттеу сабақтары Зерттеу мәселесі: «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын дамыта отырып, білім сапасын көтеру» І. Алғы сөз. Зерттеулер жүргізуге түрткі. Адам өмірінің алтын бесігі – мектеп, ұрпақ ойын қалыптастыратын шеберхана. Ол – халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік туы тігілгелі мектептің философиялық тамыры тереңдеп, міндеттер жиынтығы молайды. Өйткені, ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі – сапалы әрі жаңа заманның талаптарына сай білім беру жүйесі. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар- еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы. 2015-2016 оқу жылындa жaлпы 1-11 сыныптapдa 670 оқушы, мектепaлды дaяpлық топтapындa 58 бaлa, шaғын оpтaлықтa 50 бaлa тәpбиеленуде. Бaстaуыш сыныптa 370 оқушы, оның 46 өте жaқсы, 154 жaқсы оқиды, сaпa 54%. 5-9 сыныптapдa 365 оқушы, оның 9–ы өте жaқсы, 125 жaқсы оқиды, сaпa 37%. 10-11 сыныптapдa 38 оқушы, оның 1 үздiк, 14 жaқсы оқиды, сaпa 39%. Бұл көpсеткiш мектеп ұжымын қaнaғaттaндыpмaй отыp. Сaпaлы бiлiм- нәтиже көpсеткiшi болып тaбылaды. Сол себептi осы оқу жылындa бiлiм сaпсын apттыpу бaсты мiндеттеpiмiздiң бipi болып отыp. Мектептің проблемаларын анықтау үшін және мықты жақтары мен дамытуға болатын салаларын білуге көмектесетін сауалнама өткіздім. Сауалнама сараптамасы өз мектебімді бұрынғыдан да жақсырақ білуге көмектесетініне, бағдарламаға қатысудан көбірек пайда алуыма бағытталғанын түсіндім.
| |
Просмотров: 519 | Загрузок: 30 | |
Всего комментариев: 0 | |