Суббота, 27.04.2024, 22:22
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК8 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
[ Скачать с сервера (754.8 Kb) ] 16.03.2017, 21:37

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

              «Критериалды бағалау –білім жетістігінің кілті»

          Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

 

 

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.

 

Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады.                                                       

     

    Жиынтық бағалау бойынша балл/деңгей/баға туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі, тоқсан бойынша жүргізілген жиынтық бағалау нәтижелері білім алушының  жеке портфолиосында сақталады.

     Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр жүргізілу қорытындысы негізінде максималды балл бойынша білім алушылар өзінің мүмкіндік  деңгейіне сәйкес қол жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін.

Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды көрсетеді.

     Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан барысында, тоқсанның соңында беріледі

     Мұғалім өз кезегінде білім беру үдерісінде жиынтық бағалауды, қалыптастырушы бағалау сияқты қорытынды жасап, түзету жұмыстарын жүргізе алады.

 

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 617 | Загрузок: 33 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar