Вторник, 14.05.2024, 13:20
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК1 "Дәстүрлі сабақтың және қазіргі сабақтың барысы..."
[ Скачать с сервера (18.1 Kb) ] 21.04.2017, 20:02

«Оқушыға білім беру мен үйрету тәжірибесінде өзгеріс барысының рефлексиясы» бағыты

Дәстүрлі сабақтың және қазіргі сабақтың барысы...

Технологиялар, коммуникациялар мен ғылым салалардағы мұндай елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға және 21 ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыға терең әсерін тигізуде. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе  аясында «Балалар 21 ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.

Биыл жаңартылған мазмұны бойынша біліктілігімді арттырғаннан кейін мұғалім ретінде мен бұрынғы сабақтарыммен қазіргі сабақтарымды салыстыра отырып зерделесем арасында жер мен көктей айырмашылық бар екен.(кеңес кезеңіндегі білім жүйесін жоққа шығарудан аулақпын ).

 Орта мектепте дәстүрлі сабақтың ең көп тараған үрдісін көз алдыма елестетіп көрсем...

Сабақ әдеттегідей оқушыларды түгендеуден басталады. Бұған шамамен 2-3 минуттай есіл уақыт жұмсалады. Содан соң үйге берілген тапсырманы тексеру кезеңі басталады... Сынып іші тым-тырыс күйге енеді. Стресті бастан кешіретін нағыз осы шақ! Оған да әрі кеткенде 10 минут уақыт жұмсалады.

Ендігі кезек-жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықта жазылған,  қосымша деректермен түрлендіріп, мысал келтіріп 15-20 минут сөйлеу. Бірақ та, тыңдап отырған тек бірінші партада отырған оқу озаттары ғана...  Ал қалған оқушыларға ең ауыр, азапқа тұрарлықтай кезеңі аяқталды, енді бойларын  да еркін жазды. Енді сабақтың үшінші кезеңі – жаңа білімді бекіту. Оқушыларға тапсырма беріп тақтаға талдау жасату, мәтінді өз бетінше оқу, т.б. Осының барлығына қалған уақыт кетіп,  үй тапсырмасы беріледі де сонымен сабақ өз мәресіне жетеді.

Дәстүрлі оқытуда ұстаз шәкірттерінен өткен сабақта немесе оқулықта айтылған білімді қайталап беруін талап етеді. Алайда бүгінгі күні де сабақтардың дені осы әрекет (қайталау) тұрғысында өтетіндігін қынжылсақ та мойындауымыз керек: педагогика саласында еңбектенетін ғалымдардың айтуы бойынша, орташа есеппен әр сабақтың 80% бөлігі есте сақтауға (репродукцияға) бағытталған әрекеттерден құралады екен.

Мәселен, Ресей орта мектеп оқушыларынан он бір жыл бойы келесі мәліметтерді жаттап алу талап етіледі екен: биологиядан -929 түсінік, 347 анықтама және 612 факт; физикадан -39 физикалық құбылыстар мен 31 қасиеттер, 97 физикалық шамалар т.б. («Время» газеті, 13 шілде,2006 жыл). Барлығы: 12056 жадуал, орта есеппен жылына – 1096. Бұл тек жаратылыстану пәндері бойынша ғана! Ал бұған басқа пәндерді қосатын болсақ, пәндер бойынша жатталатын, яки есте сақтауды қажет ететін мәліметтерді қосатын болсақ, мектеп оқушысының көрген күні оңай деуге кімнің батылы жете қояр екен?!

Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып, соларды қайталап беруді талап етеді. «Мен айтып берсем ғана оқушы түсінеді» деген түсінік бүгінгі күні тіпті де ескеріп кеткен. Баяғы патриархалдық заманда емес пе сөздің маңызды да, қасиетті құрал болғаны? Ол кездерде сөзге иланған, сенген, сөзді силаған, сөзге тоқтаған.

Алысқа бармай-ақ  қояйық, қазақ қоғамында да сөз құдіретті деп қабылданған емес пе еді?! Бір ауыз сөз жауларды бітімге келтірген (Қаз дауысты Қазыбектің жоңғар ханына айтқан сөзі), ел ішінде бірлік орнатқан (Бұқар жыраудың керейлерді тоқтатқаны), ел жақсыларын пендешілік әрекеттерден тоқтатқан (бала Сырымның екі рудың көсеміне «Ет сасыса-тұз себем, ал тұз сасыса не себем?» деген дуалы сөздері), жуандарды бассыздықтан тоқтатқан (Сүйінбай мен Бақтыбай ақындардың Тезек төреге айтқандары). «Айтқан сөз- атылған оқ» деген қағиданы ұстанған аталарымыз. Олар сөзді қастерлеген, сөзден қаймыққан. Ал қазіргі күні сөз өзінің бұрынғы қадірін жоғалтқан, бүгінгі қоғам- сөзден әбден жалығып, айтылған сөздің жауапкершілігін сезінбейтін қауым. Үйренуде сөздің нәтижелігі шамалы болар: «Маған айтып берсең- ұмытып қаламын» (Конфуций). Шәкірттеріміз де сөзге онша да илана қоймайды. Көп жағдайда сөзіміз айтылған жерде қалып қояды,немесе оқушылардың бір құлағына кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді.

Бүгінгі педагогикада тек сөз арқылы ғана үйрену мүмкін емес деген қағида дәлелденіп отыр. Керісінше, білімді әрекет арқылы ғана игеруге болады. Сондықтан да әр сабақта үйренушілер бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек: ойлау, оқу, сөйлеу, өз ойын келтіру, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру, талдау.

Мен өзім орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 1 сыныпқа сабақ беремін. Крашен өзге тілді үйрену барысында «табиғи тәртіп» бар деп болжаған, яғни грамматикалық құрылымды үйрену белгілі бір реттілікпен жүзеге асады. Табиғи тәртіп гипотезасы ана тілін үйренуде де, өзге тілді үйренуге қатысты да қолданылады, дегенмен, ана тілін үйрену тәртібі өзге тілді үйренуден әрдайым ерекшеленіп отырады.

Сертификат алғанға дейінгі сабақтарымды дәстүрлі түрде өткізіп келдім. Ол сабақтарымда қатып қалған әдіс бойынша оқушыларға қолдарын алдына қойып, екі көзі мұғалімнің іс-қимылында, өз ойларын жеткізе алмай, айтуға қорқып отыратын. Сабақ жоспарларын құруда да мен қатып қалған күнтізбелік жоспар бойынша, үйреткен технологияларға сүйене отырып жасайтынмын. Оқушыларға білім бере отырып тек қана өзім түсіндірсем, оқушылар тып-тыныш отырса, берілген тапсырмаларды орындап, жаңа сөздерді жаттаса ғана сабақ мақсатына жетті деп ойлайтынмын. Бір күнгі сабағымның мақсатқа жеткендігін белсенді тез қабылдайтын, дарынды оқушылардың жауаптары арқылы өлшейтінмін.

Ал жаңартылған мазмұн бойынша оқушы рефлексиясы – білім беру үдерісінің негізі болып табылады, себебі оқушының ішкі мотивациясын тудырмай, қызығушылығын оятпай тақырыпты терең игерту, сабақ мақсатына жету қиын. Сондықтан да жаңа интербелсенді әдістерді пайдалану арқылы жоспарланған сабақтарымда оқушылардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін, сабақта не білгілері келетіндерін ғана анықтап қоймай, қалай, қандай жолмен білгілері келетіндерін, сынып деңгейін, сыныптың қажеттілігін анықтап аламын. ҚР  білім беру ұйымдары оқу үдерісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мұғалім ретінде туындаған сұрақтарды өз бетімше қойғанда,осы мысал ретінде: «Сен не істедің?», «Сен нені оқыдың?» деген сұрақтардың орнына  «Сен оны қалай жасадың?», «Сен оны қалай оқыдың?»  деген сұрақтарды  қойғанда оқушыларды сындарлы ойлауға, шығармашылыққа жетелейді. Сонымен қоса өз ойларын ұсыну, оны аргументтермен түсіндіру тапсырмасы оқушыларды ізденушілік, зерттеушілік қабілетін шыңдайды. Бұндай жағымды білім ортасында бәрі де өз пікірлерін айтуға дайын болады.

Оқушылар көпұлтты қоғамдағы әртүрлі жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністікте өздерінің коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен тілдік дағдыларын жетілдіре алады. Оқушылар сөздік қорларын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен және фразеологиялық тіркестермен толықтырып, оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын жетілдіреді, нақты тақырыптар бойынша рөлдік ойындардың көмегімен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, қазақ және орыс мәдениетін түсініп, құндылықтарын бағалауды үйренеді.

12 жылдан артық мұғалім боп жүрмін десемде, осы уақытқа дейін сұрақ қоюдың , берген жауаптардың техникаларын білмеппін. Сыни ойлау әдістерінің бірнешеуін сабағымда қолданып көрдім.Мысалы, сабақтың негізгі бөлімдерінде «Джигсо», «Галереяга саяхат», әдіс-тәсілдері қолданылса, ал сабақты қорытындылау үшін «Сұрақ-конверт», «Сұрақты ұстап ал» , «Бұл шындық па жалған ба»? Барлығы бірдей оқушылардың сыни ойлауын бірден қалыптастырды деп айтпасам да, алған білімдерін өз беттерімен қорытындылап, өмірде пайдалануға бағыт алады деп ойлаймын. Ал өзім осы сабақтарды ұйымдастыру барысында өз оқытуым туралы, өткізген сабақтарым туралы сыни ойлауға үйрендім.

Ойымды түйіндей келе айтарым, қазіргі сабақтарыма енгізген жаңалығым өте –өте көп болды. Бұрынғы уақыттарда дәстүрлі сабақ кезінде оқушыларға тек қана дайын білім беріліп, оқушылар тыңдаушы болып, ал біз, яғни мұғалімдер сабақтағы уақыттың басым бөлігін өзіміз жаңа сабақ жайлы ақпарат беруге пайдаланатын болсақ, қазір оқушының өзінің ізденуіне көп мүмкіндіктер бере алатын болдым.

Елімізде осындай сындарлы оқытудың нәтижесінде біліктілігіміз көтеріліп, сабақтарымызда жаңа тәсілдерді қолданып, оқушыға өз бетінше білім алу, ізденіс жұмыстарын жүргізу, сыни тұрғыда ойланып, пікірлерін еркін жеткізе білуге қолымнан келгенше дағдыландырдым деген қорытындыға келдім. Білімімді жетілдіргеннен кейін мен сабақты түрлі формада ұйымдастыра білуді, оқушыларды критерий арқылы бағалауды, айналаға сыни көзқараспен қарауды және оқушыға еркіндік бере отырып, пікірлерін тыңдай білуді және өз іс-әрекеттерімді сыни тұрғыда бағалауға үйрендім. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған деп ойымды аяқтағым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Admin
Просмотров: 620 | Загрузок: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar