Понедельник, 06.05.2024, 18:38
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК11 "Жаңартылған мазмұн бойынша1 сынып оқушыларының білім беру мен үйрету тәжірибесіндегі өзгерістері."
[ Скачать с сервера (19.9 Kb) ] 22.04.2017, 20:50

Жаңартылған мазмұн  бойынша1 сынып оқушыларының білім беру мен үйрету тәжірибесіндегі өзгерістері.

     Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады.

                                                                                         К.Д.Ушинский.

     Инновациялық үрдістің өмірге келуі қоғамдағы әлеуметтік сұраныстар мен білім жүйесіндегі білім беру саясатының нәтижесі себеп болады. Білім беру саясатының мәні, мақсаты білім беру ісін заман талабына сай ізгіліктендіру, білім алу кеңестігін кеңейту, оқыту пәндерінің мазмұнын үздіксіз тереңдету, оқыту үрдісіне мұғалімнің жаңаша көзқараста болуын қамтамасыз ету, сабаққа ғылыми ізденіс элементтерін ендіру, әрі осы аталынған іс әрекеттерді оқушылармен бірге күнделікті іске асырып отыру.Сондықтан мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту жолдары биылғы оқу жылында 1сынып оқушыларымен іске аса бастады.

Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті.

  Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. Міне жаңартылған білім мазмұныда осыны талап етеді.Осы әдіс-тәсілдер көбіне сауат ашу пәндерінде 4 дағды арқылы іске асуда, сыныптағы сөйлесуге оқушылардың барынша белсенді қатысу мүмкіндігін беру мұғалімдерге олардың оқуын бейресми бағалау үшін жақсы мүмкіндік. Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. Оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін екендігіне көзім жетті.Олар идеяларын айта бастайды және сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады. Себебі тәжірибе көрсеткендей «Сауат ашу» пәніндегі «Тағам және сусын» бөліміндегі «Біздің кафе, Жарнама, Рецепт» бөлімшелерімен жұмыстанғанда оқушылардың ойларының ұшқырлығы тіл байлықтарының біршама төселгендігі жұмыс түрлерін қызыға сенімді жасай біліуінде болды.Бір-ақ мысалмен айтар болсам- «Көйлек алыңыздар,көйлек алыңыздар! Бір көйлек алсаңыз,сыйлыққа сырға!» ,-деп әр оқушы өз жарнамаларын қызыға еркін орындап,қорғай білді.Топқа бөлу нәтижесінде оқушының өзара пікір алмасуы, өз ойларын ортаға салып ақылдасуын, оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алуы, осы мақсат іске асқан жағдайда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізетіндігін және оқушылардың не білетінін және нені жасай алатындығын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысуға болатынына көзім жетті. Демек  бұл тәсілдемедегі «не білу» емес, «не жасай білу» «Сауат ашу» пәні тапсырмалар жүйесін түзудің негізгі қағидасы  болып табылады.

Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.

   Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика - оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру тікелей мұғалімге байланысты.Осы бағытта да 1 сынып математикасындағы «Күнделікті өмірдегі есеептеулер»бөліміндегі монеталарды қолдану пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Қорыта айтатын болсақ осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.Өз пәнін жетік меңгеру, ақпараттық жаңа технологияны тиімді пайдалану, жаңа технологиялық әдістерді меңгеру, құзырлы болу, оқушылардың психологиясын түсіне білу, ой қиялы ұшқыр болса ғана ХХІ ғасыр мұғалімі бола алады. Мұғалім жеке көзқарасы бар,соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы.

  Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін:

• Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

• Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

• Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

• Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.

   Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын.

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 1886 | Загрузок: 21 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar