Вторник, 14.05.2024, 18:30
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК2 "Критериалды бағалау - оқу жетістігін бағалау"
[ Скачать с сервера (19.5 Kb) ] 22.04.2017, 08:27

«Менің ҚР орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда жаттықтырушы/ критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестіруші/мектеп жаттықтырушысы ретінде қосқан үлесім»

 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ — ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ

    Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында айтылған осы сөздері еліміздің білім беру жүйесіндегі көптеген өзгерістердің бар екендігінің дәлелі бола алады. Яғни, биылғы 2016-2017 оқу жылынан бастап 1сынып оқу жүйесіне енгізілген  критериалды бағалау - оқушының  оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі  болып отыр Мен өзім биылғы жылы 1сыныпты қабылдап алып, осы бағалау жүйесімен жұмыс жасап отырған ұстаздардың бірімін. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Осы орайда мен өзімнің алдыма келген оқушыларымның білімін бағалау барысында «оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, нақты бағытқа жетелей отырып, өз білімін оқушы іштей  айқындауына мүмкіндік беру»- деп, мақсатты жоспарлап жұмысты бастадым. Бұл істе оқытушы  оқушыны  нақтылық осы «жетті» не «талпынады» - деп, бағалай алады. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді.

Критериалды бағалаудың басты  артықшылығы:

-  алдын-ала ұсынылған бағалау  шкаласы болады.

-  анық, айқындылығы (дескриптор) бар.

- бағаның әділдігі, әр тапсырманың балл арқылы берілуі бойынша болуы.

- балаға өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.

     Енді осы бағалауды қалайша қолданып келемін.Өз іс – тәжірибемнен айтар болсам. Бастапқыда кезеңде өзім де, өзгеге де нақты түсіне алмағаным рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадым. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде  оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін  бағалауды қолдану мүмкіндігіне жетіп отырдым деп айта аламын. Себебі: әр сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ бар. Күтілетін нәтеже - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, білім үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерий мен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген  нақты белгілі белесі бар үдеріс.

 Сонымен қатар менің ойымша егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

Оқушылар үшін:

- Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

- Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

- Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

- Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

  Енді бағалауға келсек,  қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетіп отырады. Ал тоқсан соңында  жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді. Оқушы жұмысы ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  бірнеше  қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса  өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне  жеке жұмыс жасаған тұста  керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий  арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді. Мұғалім  алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек.Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

   Сөзімді қорытындылай келе, Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-ананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің  табыстылығын

анықтау бойынша бақылау - өлшем байланысын орнатады. Жыл бойында мұғалім, әдеттегідей, белгіленген мақсаттарға және міндеттерге жету оқушымен қаншалықты сәтті орындалғанын талқылау үшін,ата-аналармен және оқушымен бірнеше рет жолығады. Кездесулердің барысында оқушы алда қол жеткізуге ұмтылуы қажет болатын келешек

мақсаттар айтылып, талданып отырады. Ата-ана тарапынан қолдау көру оқушы

үшін өте маңызды. Бағалау, сонымен қатар, оқушы тарапынан өз жүріс-тұрысын және үлгерімін өз бетінше бағалауын да құрайды. Өз бетінше бағалаудың нәтижелері жазбаша түрде тіркеліп, оның ата-анасына көрсетіледі. Ата-анасы оқушының берілген бағдарламаға сай тапсырмаларды меңгеруін қадағалап отырады. Мұғалім мен бірге ата-ананың  үнемі баласының үлгерім сапасын бақылап отыруға мүмкіндігі бар. Критериалды бағалау —  бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа еніп отырған талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпынысы  болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні  белгілі. Оны өз жұмыс барысымызға жаңадан енгізіп жасап отырған жандармыз. Бұл жетістікке жетелейтін бағалау түрі деп айтар едім. Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

 

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 1773 | Загрузок: 29 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar