Вторник, 14.05.2024, 01:35
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК8 "Білім сапасын арттырудағы критериалды бағалаудың тиімділігі."
[ Скачать с сервера (16.9 Kb) ] 22.04.2017, 17:00

Білім сапасын арттырудағы критериалды бағалаудың тиімділігі.

   Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес

«Мұғалім-рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.Ол жоғары шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай ,қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес,тарихи танымдық,педагогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық етілуде.Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар –шығармашылық,белсенділік,жауаптылық,терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен  ақпараттық технологияны меңгерту арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін дамытуда критериалды бағалаудың мәні мен маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістерді қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Критериалды бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.

 Ең алдымен «критерийлер» деген ұғымға түсінік берсек.Критерийлер –оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер,атап айтқанда ,оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалдық бағалау-бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін,оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын,айқын анықталған,ұжыммен шығарылған,білім процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критериалармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Бағалау критерийлері –оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі,ал дескриптор-жетістік деңгейінің сипаттамасы.

Критериалды бағалау бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді.Қалыптастырушы бағалау оқытуды ,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.Критериалды бағалау жүйесінде  ең маңыздысы- оқу үдерісі,сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп ,өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп,әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді,яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны,қалай ойланғаны бағаланады.

Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын сабақпен қатар жүретін үрдіс.Қалыптастырушы бағалау оқушылардың білім деңгейін өлшеу үшін қолданады және сабақты жоспарлауда көмек көрсетеді.Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады,балл мен бағалау қойылмайды,мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға,оның өлшемін анықтауға ,сабақты жоспарлауға ықпал етеді.

Қалыптастырушы бағалаудың маңызы-білім беруді ,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту,мақсаты-оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау,жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс.Ол оқушының жаңа сабақты ,тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап,қадағалап отыру.Бұл жиынтық бағалау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастырып ,дамытып ,жетілдіру .Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5- 10 минут болады.Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді,формальді емес әдістерін тиімді,әрі жүйелі қолдану қажет.Формальді бағалау әдісі нақты оқу мақсатына негізделіп жүргізіледі.Дескрипторлар мен бағалау критерийлері тапсырмаға сай құрылып ,оқушы білімінің нәтижесі ауызша және жазбаша түрде  бағалау бойынша қорытындыланады.Формальды емес қалыптастырушы бағалауда оқушы білімінің нәтижесі ауызша мадақтау немесе белгілі бір шартты қимыл арқылы қорытындыланады.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу –жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы.Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс,яғни осы жұмыстың бастауы негізгі қалыптастырушы бағалауда қолданылады.Бүгінгі таңда

оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда ,яғни әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша,тоқсан соңында,оқу жылының соңында,оқушыға балл мен баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі.

Мектепішілік бағалауда ұйымдастырылатын қалыптастырушы және жиынтық бағалау анық,сенімді,қолайлы түрде өткізіліп,сабақ беру үдерісі мазмұнын бағалау үшін жасалғандықтан,оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын қолдана отырып,сабақ беру және оқытуға оң әсерін тигізеді.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктер беретін жағдайда құрастырылады.Бұл басшылықта көрсетілген тоқсандық жиынтық бағалау нәтижесінде қойылатын балдар саны мен модерация үдірістері оқу жетістіктерінің сенімді болуын қамтамасыз етеді,мұғалім мен оқушыға сабақ беру және оқыту туралы тиімді ақпарат береді.

 Мұғалімдердің пайдаланатын оқыту әдісі оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді

 

Сабақта «Үштік одақ», «Хикая картасы», «Ара әдісі», «Эмоциякестесі», «Прожектор әдісі» «Қарым-қатынас аймағы», «Оқиға тауы» «Ыстық орындық», «Мина», «Бес саусақ» әдіс-тәсілдерін қолданып сабақтың сапасын арттырып отырамын.Оқушылар топтарға бөлініп, берілген тақырып бойынша постер қорғайды. Мысалы: «9 ромб» әдісі арқылы оқиғаның маңызды немесе маңызды емес жерлерін оқушылар түсіндіру жолдарын анықтады. «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі проблема, аргумент, факт, туындайтын сұрақ және ол сұраққа жауап және қалай қорытынды шығару керектігін  үйренді.

Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің  жеңіл түрі алынады. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол  көтеріп өз ойын айтып, аз да болса нақты екі- үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Күнделікті сабақта білім алушылар  топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады.  Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жеттімен»  тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.Сыныбымда тоқсандық жиынтық бағалауда оқушылар барлық пәндерден жақсы нәтижеге жетіп отыр.

 

Оқушылардың оқу мақсаттарына жету дәрежелері Б.Блум таксономиясының ойлау дағдыларының деңгейлері білу,  түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау бойынша жүйеленеді. Оқушылардың оқу мақсатына жетуі тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары арқылы сипатталады.

 

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағалары дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына  күнделікті оқу үдерісінде көз жеткізуге болады.Күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді. Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап  алға ұмтылады,  жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай ақ мұғалімге деген өкпе, реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады.

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 1253 | Загрузок: 14 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 7
avatar
1 Бактыгалиевна • 10:55, 28.04.2017
Тамаша.Жаксы жазылган.
avatar
2 Амангалиевна • 11:06, 28.04.2017
критериалды бағалау туралы жақсы жазылған
avatar
3 Бахтыгалиевна • 19:50, 28.04.2017
Критериалды бағалаудың тиімділігі туралы ойыңыз ұнады.
avatar
4 Ерболатовна • 21:43, 28.04.2017
бағалаудың жаңа жүйесінің тиімділігі туралы жақсы айтылған.
avatar
5 Ахметжанқызы • 20:44, 29.04.2017
Өте тиімді жазылған
avatar
6 Бауыржановна • 21:16, 29.04.2017
Бағалаудағы жаңа әдістеріңіз ұнады
avatar
7 Мералиевна • 21:28, 29.04.2017
Жаңа әдістеріңіз ұнады
avatar