Воскресенье, 05.05.2024, 15:12
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК10 Мырзағалиева Айжан Тезекбаевна Подстепный №1 ЖОББМ БҚО
16.03.2016, 20:33

 «Заманауи білім - қоғам талабы»

(Эссе)

          Бүгінгі алдымыздағы шәкірт, ертеңгі еліміздің болашағы. Ендеше олардың сапалы біліммен қарулануы ұстаздар мойнындағы ауыр жүк екені белгілі. Осы міндетті абыроймен атқару үшін аянбай еңбектенуге тура келеді.

         Біздің білім беру жүйемізді шындап қарап отырсақ Н.Коперниктің гелиоцентрлік жүйесіне ұқсайды, яғни оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі. Әзір білімді оқушыға қайталап беру арқылы оқыту емес, баланың өзінің білім алуға ұмтылысы мен қабілетін шыңдай отырып, ол жалығып кетпес үшін, технологияны түрлендіре отырып, оған үйренудің әр түрлі әдістері арқылы өздігінен жұмыстануға баулу мұғалім шығармашылығының айқын көрнісі.

           «Еліміздің болашағы жастардың қолында, ал жастардың тағдыры ұстаздың қолында» - деп Н. Ә. Назарбаев атап өткендей, ғылым мен техниканың, ақпараттың дамыған заманында оқушыларға сапалы білім беру ұстаздардың да заман талабына сай көптеген жаңа нәрселерді меңгеруіне, яғни түбегейлі өзгеруіне әкеліп соғады. «Білім беру» атауы бүгінгі күннің талаптарына сай келе ме деген сұрақ туады. Жаңа формациядағы оқытуға дейін біз дәстүрлі оқытуды үздіксіз қолданып келдік. Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзіне мәлім ақиқатты жария қылып, шәкірттерінен өзінің айтқанына ғана иланып, соларды қайталап беруді талап етеді. Мұндай ұстаздың пікірі де біржақты болады, оқушылардың көзқарасарын қарастырмайды, қолданатын әдіс-тәсілдері жұпыны болады, қарапайым дидактикалық қағиданы ұстанады. Сол себепті ұстаз оқушының ойын, пікірін, идеяларын, ұстанымын, ұсыныстарын білмейді. Ал бүгінде оқушыға бағытталған білім беру жүйесі жастардың шығармашылықтарын дамытуға, өз көзқарастарын еркін білдіре білуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, жан-жақты білімді болуға үйретеді. Осындай жаңашыл мұғалім болуды үйретуде деңгейлік курстардың берері мол екені айқын көрініс береді. Тіпті осы курсты бітіріп келгеннен кейінгі сабақтарымда оқушыларымның: бүгінгі сабақ тамаша өтті, енді ылғи да осылай өте ме?-деген сұрағынан кейін ойланып қалдым...

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі кәсіби өсуі арқылы қалыптасады, дамиды.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, біліктілігін жетілдіріп отыру мұғалімді рефлекцияға қабілетті, өз ісіне есеп бере алатын, білім берудің әлемдік жүйесін игерген,  белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырады. Мұғалімдер оқушылардың бойына өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті сапалы біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет. Осы бағытта жұмыс атқаратын педагог кәсіби біліктілігін арттыруда өз-өзін дамытудың жаңа сатысына көтерілуі тиіс.Менің бірінші дәрежелі сертификатталған мұғалім ретінде,  өз сабақтарымда  жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, бағдарламаның тиімді идеяларын қолдануым осының айғағы. 

 Айта кетер жайт , кейбір пәндерде жаңа технологияны қолданамын деп сабақтың негізгі бөлімдері сақталмай, оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды үйіп-төгіп беріп, тексеріп те үлгере алмай, не істеп, не қойғандарын оқушылар да түсінбей жатқан жағдайларды кездестіріп қалдық. Әсіресе математика сабағында оқушыларға өзің түсініп оқы деу де жөнсіз екені анық. Әр тәсілді орынды пайдаланып, оқытудың барлық талаптары оқушылардың, сыныптың қабілеті ескеріліп, жүйелі жоспарланғанда ғана нәтижелі болмақ.    

Қорытындысында оқушылapды сыни тұpғыдaн ойлaнтa білу, оқушы білімін бaғaлaу, оқушылapдың өзін-өзі бaғaлaуы apқылы білімді игepудe жақсы нәтижeгe жeтугe болатындығы бaйқaлды. Қандай да бір әрекеттің нәтижесінде қандай да бір өнім жасалмаса немесе қандай да бір жетістік болмаса мәнсіз болады. Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. Сонымен бірге өзіміз ғана пайдаланып қоймай озық тәжірибемізді, жаңа технологияларды әріптестермен бөлісіп, қызығушылығы бар мұғалімдерді оқытуды талап етуіне байланысты мектебіміздегі 3 мұғалімді өз сұраулары бойынша оқытуға жоспар жасап, жұмыстандым. Толық курсты әлі бітірмесе де, мұғалімдердің қызығушылығы  жоғары  болды ма, көптеген технологияны қолданып өткізген ашық сабақтарына таңдандым.

Соның бірі Мендыбаева Арайгүл Талгатовнаның 8-орыс сыныпта өткізген «Жазықтықтағы нүктенің координаталары» атты ашық сабағы өте жақсы өтті. Топқа бөлуі әртүрлі математикалық фигураларды таңдауымен, ал үй тапсырмасын тексеру математикалық диктант түрінде жасалса, жаңа сабаққа енуде кинотеатрдағы орныңды табу мүмкіндігі, яғни координата туралы түсінік беруден басталып, оқушылар сабақ тақырыбын өздері тапқаны тиімді болды. Ал бекіту кезіндегі практикалық жұмыс үш топқа координаталық нүктелер арқылы «балық» суретін салып шығулары ерекше болды, қателескен топтар өз қателерін тауып түзетті. Сабақ өз мақсаттына толық жетті, қызықты өтті

Үй тапсырмасына «үйрек» суретіне қарап координата нүктелерін табу тапсырылды.

         Екінші сабақ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шошаева Азатгүл Бериковнаның  «Дауысты дыбыстар. Еріндік және езулік дауыстылар» атты ашық сабағы «Саяхатшы Дара» мультсериалы желісімен өткізілді. Ұйымдастыру бөлімінде оқушыларға саяхатқа шығуға қажет нәрселерді түгендеуден бастады да, үй тапсырмасын тексеру «Серпілген сауал» әдісі (оқушылар шеңбер құрап, допты секірту арқылы өткен тақырыптар бойынша бір-біріне сауал қояды) қолданылды.

Жаңа сабақты түсіндіру. «Екі достың «Фонетика» еліне жолға шығуы»деп аталды.

Негізгі бөлім. «Кедергіден құтылуға көмектесейік!». І кедергі: «Адасқан әріптер», ІІ кедергі: «Артық ғылым кітапта» оқулықпен жұмыс, «Талдау-табыс кілті» кедергі, көмек, достық сөздерін дәстүрлі фонетикалық, математикалық талдау. ІV кедергі: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушылар диктант барысында кездескен еріндік, езулік дауысты дыбастары бар сөздерді екі бағанға ажыратып жазады. Рефлексия. «Бүгін не үйрендім?»  (сабақта меңгергендерін қоржынға жазу). Бағалау: «Дараның нағыз достары кім?» Жүйелі түрде, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана алған сабақ өте қызықты болып 1 жыл ғана еңбек өтілі бар жас ұстаздар үшін жақсы бастама болды.

           Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары ескірген әдістемелік жүйені жаңғыртуға, білім беру үдерісінің сапалық және нәтижелік басымдылығын арттыруға, бағалау жүйесіне өзгерістер енгізуге, ең бастысы оқушылардың оқу мен оқытудағы сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдарын жан-жақты ойластыруға жол көрсетеді. Мектеп ұстаздарының өз сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, бағдарламаның тиімді идеяларын қолдануы осының дәлелі. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімнің білімділігі мен кәсіби шеберлігін, өз ісіне жауапкершілікпен қарауын қажет етеді.                     

Мұғалімнің білімін көтеру ісі ең алдымен оның өзіне қарай бағытталғанда  ғана, ұстаздардың өз санасын дамытып, атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы, соған сәйкес өзін-өзі жетілдіруі, шығармашылыққа ұмтылуы қалыптасатын болады.  Біздің мeктeптe өзімнeн бaсқa   дeңгeйлі куpстaн өткeн әpіптeстepім  тынымсыз eңбeктeну, іздeну  apқaсындa қиындықтapды жeңіп, жeңіп қaнa қоймaй оқушылapымeн біpгe әpіптeстepініңдe қызығушылықтapын оятып, соңдapынaн epтe білді. Биылғы оқу жылында өткен ашық сабақтардың барлығында да ұстаздар жаңа технология элементтерін тиімді пайдалана білді. Демек, ұстаздардың заман талабына сай жұмыстануға бетбұрыстары айқын көрініс тапты. Біз, деңгейлік курстардан өткен ұстаздар, өз ұжымымызда басқа мұғалімдердің өзгеруіне ықпал ете алдық деп анық айта аламыз.  Бүгінгі мұғалімнің еңбегі, тынымсыз ізденуді, үздіксіз кәсіби дамуды талап етеді. Қоғамның сұранысына лайықты мұғалім болып, сіңірген білімін болашақта қолдана алатын  тұлғаны қалыптастырайық!

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 766 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
avatar
1 azik_85_kz • 21:54, 16.03.2016
Эссе толық ашылмады деп есептеймін. Сонымен бірге нақты қай бағыт екендігі көрсетілмеген. Мектепті өзгертудегі өзгерісі деп алатын болса қандай проблеманың аңықталып, сол бағытта мұғалімдермен жүргізілген жұмыстары, нәтижелері көрсетілу керек еді.
avatar
2 Муратовна • 12:56, 20.03.2016
Авторы мектептегі оқыту үдерісінің өзгеруі туралы ойын ашты. Жаңа әдіс- тәсілдерді сабақ барысында пайдалану жолында анықталған қателер және оны қалай алдын - алу туралы нақты жазылған. Бірақ, 1(ілгері) деңгейлік мұғалімінің жұмысы тек сабақпен шектелмейді ғой!
avatar
3 учитель1390 • 11:24, 24.03.2016
Эссе тақырыбы "Замануи қоғам талабы" болғандықтан мақала барысында үшінші (ілгері) деңгей жұмысымен шектелмей, көшбасшы мұғалім ретінде мектеп ұжымының жұмысы көрсетілсе эссе талабына сай болар еді.  Яғни, тақырып толық ашылмады деген ойдамын.
avatar