Воскресенье, 05.05.2024, 13:24
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК12 Рахманберген Айсұлу Абай атындағы №90 орта мектеп Қызылорда облысы
16.03.2016, 20:44

                                Мен -қазіргі заман педагогімін.  

                                                     (эссе)       

             Мен -қазіргі заман педагогі  ретінде  өз тәжірибемде  сабақта болсын, әріптестер арасында болсын рефлексияны    қолданудамын 

   Алдымен     рефлексия сөзінің мәнін   ашып алсам.Рефлексия  – өткенге жүгіну  қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы.

         Рефлексия бұл дағды жиынтығынан да тереңірек,  бұл оқыту мен тіл арасындағы қарым-қатынас  көрінісі.Рефлексияның  мәнін түсінгенде  ғана   педагогикалық  рефлексивтік  есеп жүргізе аламыз. Рефлексивтік есеп

- теориялық материал туралы қажетті біліммен нығайтылған, тәжірибелік іс-әрекетін терең талдаумен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен алынған мысалдар жазылған құжат. Рефлексивтік есеп өз тәжірибесіне қатысты мынадай сұрақтарға жауап беруді көздейді: Неліктен осындай жағдай орын алды немесе алмады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» айналдырамын?

Әр сабаққа жүйелі рефлексивті есеп жүргізіп отыру рефлексивті оқытуға жеткізеді.Рефлексивті оқыту – оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында мұғалімнің өзіндік тәжірибесін жүйелі түрде талдауына негізделген оқыту тәжірибесі. Осы қасиетті оқушы бойында да дарыта алсақ рефлексивті делдал бола аламыз.Рефлексивтік делдал -оқушының өзінің оқуына қатысты рефлексия жүргізуіне көмек көрсететін адам.Бұл ойыма ғалымдар тұжырымдамасын  қоссам  (Atkins and Murphy, 1993; 1994):өздік сана, сипаттаушылық, тәжірибені сыни талдай алушылық, синтездеу мен бағалай алушылық,әділеттілік пен сенімділік,интуиция, уақыт, уәж, тәжірибе .Сыныптағы жұмысты жақсарту   мектептегі жетістіктерге үлкен әсер етеді.Сыныптағы хабарламаларды жеткізу жүйесінің негізгі жетекшісі мұғалім болып табылады Олар тәртіптің белгілі нормалары арқылы емес, белгілі оқу ахуалын жасай отырып әсер етеді. Сыныптарда ойлануға және оқушыға бағытталған ахуал жасалған кезде, жоғары үлгерімге қол жеткізіледі. . Сынып жұмысын жақсарту ісінде көптеген тәсілдер мұғалім жұмысының амалдарына шоғырланады Нәтижесінде олар тағы да   сыныпты жетілдіруге  жұмыс жасайды.Мұғалім алдында тұратын негізгі проблема: оқушыны бағдарлау.Оқуға бағдарлану   болмаса  үлгерімге бағдарлану.Әрине мен және мен сияқты әріптестерім оқуға бағдарлауды таңдаған болар еді. Білім сапасына қол жеткізуде шетелдік әріптестеріміздің зерттеулеріне сүйенуге тура келеді. Англия және өзге елдердің зерттеулерінде былай деп тұжырымдаған.

Оқытуға бағдарланған сыныпта (ОБС):

• Тапсырмалар жалпы қатысу жағдайын туғызып, барлығы бірдей қатысу тәртібін орнатады

• Әңгімелесу мен жұмыс жұппен, үшеулеп және аралас топтарда жүргізіледі

• Сынып ережелер жасауға қатысады, жұмыс тәсілінде еркіндік дәрежесі бар.

Үлгерімге бағдарланған сыныпта (ҮБС):

• тапсырма алатындар жауаптарын мұғалімге өздері ұсынуы тиіс

• Бүкіл сыныпқа арналған оқу басым. Оқушылар арасында өзара әрекеттестік жоқ, оқушылар басқалармен өз жұмысымен бөліспейді

• жасау қажетілігі бар басқа рәсімдермен бірге қағидалар мен санкциялар қайталанып жатады.Рефлексия    жасау  оқушыларға өзінің оқуын реттеуге және жоспарлауда шебер болуға көмектесетін дағдыларды дамытуда  аса маңызды.Тәжірибемде рефлексияны  қолдануда байқағаным,олар күрделі проблемаларды шешуде табыстырақ болды, жетістікке жылдам жететін және жалпы табысты стратегияларды қолданды, себебі олар жұмысты мәселе жайында ойланудан және шешу мүмкіндіктерін қарастырудан бастайтын. Оқудың мақсаттары мен стратегияларын үйренген 10-жасар оқушылар осылайша кейде өзінің нәтижелерін жақсартатын, бірақ оқыту стратегиясын пайдалану үшін олар осындай  әдістерге мұқтаж. Мен сабақтарымда  тапсырманың қорытындысы бойынша рефлексия :Осы бөлім бойынша оқушылар түсіну және сөйлеудің қандай дағдылары іске асырылғанын талқылайды. Бөлiмге  рефлексия:Оқушылар бөлiмнiң тапсырмалары арқылы әлеуметтiк тiлдің қалай дамығандығын; осы стратегияларды әдеби мәнмәтінде қалай қолдануға болатынын анықтайды: мысалы, романдағы оқиғаларды, кейiпкер және қаhармандардың арақатынастарын зерделеу.Оқу талқылаудың айқын ортасында болғанда, балалар үдеріс туралы айтып оны үйренуге мүмкіндіктері болады.Сонымен қатар оқу мен үлгерім қалай талқыланатыны да маңызды. Сәтсіздіктен кейін оқушылар өзінің сәтсіздік тәжірибесін қабілеттерінің жеткіліксіздігінен көреді; олардың үлгерімі төмендейді. Мұндай оқушыларға табысы мен сәтсіздіктерін қабілетінен гөрі жұмсайтын күші мен стратегиясына байланысты деп айта отырып көмектесуге болады. Сонда олардың үлгерімі сәтсіз тәжірибеден кейін нашарламайды.

Олардың сыныптағы түсіндірмелерінің арасында мынандайлары да болды:

• Өз идеяларының өзіндік бағалауы: «Мен не айтатынымды түсіндім»

• Түсіну қиындықтары: «Жоқ, мен бұны түсінбеймін»

• Түсіндірмелер беру: «Мен бұны дұрыс түсінбедім: шатасып кеттім» және

• Проблемалар туындаған кезде өз-өзіне сұрақтар қою: «Бұдан әрі қарай не істеу керек?» «Мұндайды мен бұрын көрдім бе?» және «Бұл туралы мен не білемін?»

Мұғалімнің басты рөлінен оқушының басты рөліне ілгерлеу  байқалады:

Белсендірек оқыту, сонымен оқушылар өз шығармашылығы мен шешім шығаруда ғана емес, тағы олар – өз тәжірибесін және оған енгізілген білімді құру үдерісін айқын қайта қарастыру тұрғысынан де белсендірек

Жалғыз білім дереккөзі ретінде мұғалімді ғана көруге қайшы, оқушылар бір-бірін және басқаларды білім алу көзі ретінде көре алатындай үлкен дәрежедегі ынтымақтастықпен оқыту.Оқытуды оқушылардың өздері бағыттайды, оқушылар сұрақтардың туындауына қарай оқытуға өздері бағыт береді, сұрақтарды қоя отырып, өздерінің жеке нәтижелері мен өсулерін бағалайды.

Мына әдістер арқылы оқушыларға қалай білім алғандары мен оқу бойынша стратегияларды қалай қабылдап жақсартқандары туралы көбірек түсінуге көмектесе алдым - мысалы, дауыстап ойлау – және мәселені шешудің түрлі жолдарын ұсындым. Олар оқушылардың бұрын алған білімін еске түсіреді және өзінің тәжірибесін вербалдауға көмектеседі. Сабақ соңында  сабақ туралы ойын талдауға  ұсынылған сөйлем нұсқалары.

Егер ... , мен мүмкін көбірек біле алар едім……

Мен  ... мәселесіне ерекше қызығушылық білдірдім…..

Мен үйренген бір нәрсе –  

... туралы сенімді емеспін

Осы сабақтан алатын ең пайдалы нәрсе  –

Сабақ туралы ең қатты ұнаған нәрсе  –

… туралы көбірек білгім келеді

... таң қалдым

Оқушылар  «Сұрақтары бар қорап» әдісі арқылы тапсырманың қорытындысы бойынша рефлексия жасауды үйренді. Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

 Мысалы–Маған ... туралы  білу үшін көбірек көмек қажет.

Шын мәнінде мені ойландырған ... болды

 Бөлiмге  рефлексия   жасауда  сұрақ парақшалары  даярланды.

«Түсінуді, ойлануды және қолдануды жақсартуға арналған сұрақтар»

Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?

Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.

Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін/ түсінбеген салаңызды        көрсету. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не?» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұраққа жауап жазуға  ынталандыру. 

Шығармашылық тапсырмалар   орындағанда,сұраққа жауап алған кезде, бұл  туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашу мақсатында

«Идея туралы ойлар» әдісі оқушыларға  ұнады.  Мысалы: “_________“идея туралы қалғандары не ойлайды?”

Дәлірек айтқанда, терең талдау, ойлану,өз ойын білдіруге дағдыланды.

Рефлексияға қажетті сөйлемнің бастары алдын ала беріледі.

Мен бұрын … ойлайтынмын, қазір мен … ойлаймын.

Егер мен … бастасам, қазір мен…

Мен … байқадым, ал қазір маған … қызықты.

… болғанда жағдайды еш құтқара алмадым.

Мен … едім, бірақ …

Келесі жолы мен ... есте сақтаймын.

Рефлексивті  есеп беруді үйрету арқылы  «белсенді тыңдау » дағдыларын дамытуға, яғни тыңдау емес, бір бірін есіте білуге  байқампаз болуға, жекеленген ұсақ нәрселерге мән беруге және оларды жазып түсіріп отыруға, яғни дәлелдемелер жинауға үйретеріміз анық.

    Әріптестер арасындағы тәлімгерлік қағидаттарына сүйенген кәсіби пікірталастар осыған тартылған барлық мұғалімдердің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге рефлексивтік есеп  жазу арқылы көмектесе алдым деп айта аламын. Сабақ туралы рефлексивтік есепті талқылауды  бірлесіп  жүргізу арқылы кәсіби білім мен тәжірибелік қызметтің дамуына ықпал ететін кәсіби пікірталастар жүргізілді.

Мұғалімдер:

Рефлексивтік есептерді қарау арқылы оқуды қалай талдау керектігін;

  Әріптестеріне олардың жұмысын талдауға көмектесу үшін, оқыту туралы рефлексивтік есептерді пайдалану жолдарын үйренді.

Бір бірімізді оқытуда  рефлексивтік есептер тәжірибе туралы сындарлы әңгімеге арқау болды

Әр сабағыма рефлексия жасауда төмендегі қағидатты басшылыққа аламын
1. Қорытынды

Мен  тағы не істер алар едім? Тағы не істеуге болады?

2. Бағалау

ЖАҚСЫ және ЖАМАН болған тәжірибе туралы тармақ қайсы?

3. Сезіну

Сол кезде не туралы ойладым және қандай сезімде болдым?

4. Сипаттау

Рефлексия үшін таңдаған тармақта  сөз болған оқиға кезінде нақты не болғанын сипаттайын.

5. Талдау

Мен бұл жағдайдан қандай қорытынды жасаймын? Бұл нені білдіреді?

6. Іс-әрекет жоспары

Егер бұл жағдай қайталанса, мен нені басқаша жасар едім? Сіз өз тәжірибемді осы жаңа ұғымға қалай бейімдер едім?

Бір күндік жұмысыма кері айналып бару арқылы ,ертеңгі күнімнің алғы шартын жасай алдым

Болашақ   алгоритмі

1 Өзімнің   қай жерде  екенімді түсіну,

2 Қай бағытта жылжығым  келетінін  шешу

3 Мақсатты анықтау ,белгілеу

4 Сол   жерге  жеткізетін  жолды  белгілеу

5 Күтпеген факторлармен кездесуге  дайын   болу

     Рефлексия артықшылықтары:

Ол білім алып, оны тереңдетуге және растауға көмектеседі;

Оқытуды жетілдіруге ықпал етеді.

Балалардың, мұғалімдердің оқудағы  нәтижелерін жақсартуға       көмектеседі                                                                                                                                                                                        Рефлексия жүргізу арқылы оқуға бағдарланған сыныптың білім сапасын  түбегейлі шештім деп айта алмаймын.Бірақ сыныпта жылжу бары байқалды.

Оқуға бағдарланған сыныптарға жылжу «жаңа» көзқарас болып табылады деп қорытындылау қате болар еді.Себебі, 350 жылдан астам бұрын бір жазушы мұндай көріністі былай тұжырымдаған:«Дидактиканың басы да аяғы да мынау болсын:Мұғалім сабақты аз беретін, ал партада отыратындар көп оқитын әдістерді ізде де тап. Мектептерде асығыстық, сүйкімсіздік, бос күш жұмсау аз болсын, ал береке, қолайлылық және тұрақты табыстылық көп болсын». Бізге дейін дәлелденген бұл сипаттау соңғы уақыттағы сыныптың және мектеп дамуын оқытуға бағытталған жобалармен   қызметтің нәтижелі   болатындығын көрсетеді:

 

Әдебиеттер:

 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.І деңгей.2 басылым.(2012)37 -бет «Назарбаев зияткерлік мектебі»,ДББҰ

2. Біліктілік курстарының деңгейлі бағдарламасы.(2012) « Глоссарий,  оқу әдістемелік құрал» Астана

4.С.С.Мирсеитова,«Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы: гуманистік парадигма»(2012) 203- бет Қарағанды.                                                             

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1287 | Загрузок: 0 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 4
avatar
1 azik_85_kz • 21:45, 16.03.2016
Эссе мазмұны толық ашылмады деп есептеймін. Себебі мұғалім-көшбасшы сынып деңгейіндегі жұмыспен шектелмеу керек бұл жерде мұғалімдермен, желілік байланыстағы мектептерімен атқарылған жұмыстардың деңгейінде ашып жазу керек. 3 деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалім деңгейінде жазылған
avatar
2 мұғалім • 08:44, 20.03.2016
Мен сізбен келіспеймін оған дәлел мынау "Әріптестер арасындағы тәлімгерлік қағидаттарына сүйенген кәсіби пікірталастар осыған тартылған барлық мұғалімдердің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруге рефлексивтік есеп жазу арқылы көмектесе алдым деп айта аламын. Сабақ туралы рефлексивтік есепті талқылауды бірлесіп жүргізу арқылы кәсіби білім мен тәжірибелік қызметтің дамуына ықпал ететін кәсіби пікірталастар жүргізілді.әріптестер желілік қоғамдастықта жұмыс жасамай ма
avatar
3 учитель1390 • 11:40, 24.03.2016
Эссе үшінші (базалық) деңгей ретінде жазылса, толық ашылды деп бағалуға болады. Бірақ, бірінші (ілгері) көшбасшы мұғалім тарапыннан жазылғандықтан мектептің проблемаларын шешудегі жұмыстар көрсетілсе құба - құп болар еді. Автордың жазғаны эсседен көрі рефлексивтік есепке көп жақын жазылған. Екі ұғымды бір-бірінен айыра білу керек деп ойлаймын. Бұл менің ойым.
avatar
4 мұғалім • 12:38, 24.03.2016
Оқығаныңызға рахмет!
avatar