- В помощь учителю 1 класса
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2017"
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2019"
- Конкурс-эссе "180-degrees turn"
- Молодому педагогу
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке) |
16.03.2016, 20:46 | |
Менің мектебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесім Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік білімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі болып отыр. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді. Жаһандану кезеңі үнемі жаңаруды талап етеді. Бұрынғыдай екеуара бір кітапты кәдеге асырып, құрбысының үйіне кітап үшін ғана баратын, мұғалімнің айтқанын жазып алмасақ, бұл ережелерді сірәда таба алмаспыз деп айтатын заманның өтіп кеткені қашан?! Бүгінде технологияның тоқтаусыз дамуына ілесе алатын жаңа форматтағы мұғалімдердің білім сапасын арттыру – қоғам алдындағы келелі мәселе. Педагогикада «Жақсы ұстаз болу үшін өзің үйретіп жатқаныңды және оны үйреніп жатқандарды сүйе білуің қажет» деген өсиет бар. Абайша айтар болсақ, ұстаз үйрету мен үйренуден жалықпаған халық қой. Міне осы орайда, жақсыны біліп, үйренбек мақсатында Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының үш айлық біліктілікті арттыру курстарының бірінші(ілгері) деңгейлік бағдарламасы бойынша білім алу құқығына ие болу арқылы оқыту мен оқуға деген көзқарасым мүлде өзгерді. Oқушыларымыздың білім сапасын арттырғымыз келсе, онда еліміздің барлық мектептері мен бала бақшаларында өз мамандығын аса құрметтейтін, елін, жерін сүйетін, сол үшін сабақтарын жоғары дәрежеде өткізе алатын және әріптестерінің кәсіби өсуіне ықпал ететін мұғалімдер жұмыс жасау керек деп ойлаймын. Себебі білім сапасы білім беру сапасына тікелей тәуелді. Оқыту үшін ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ету арқылы бағыт-бағдар беретін, еркін және белсенді ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін болжайтын және оқыту-тәрбиелеу үрдісінде шығармашылықпен қызмет жасайтын мұғалімдер - алға қойған міндеттерді шешудің кепілі бола алары сөзсіз. Ұлы ғұлама Әл-Фараби ұстаз туралы: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсесін ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз, мейлінше шешен, өнер білімге құштар қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына да әділ..., бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп..., қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек " деген еді. Ендеше бұрынғы іс-тәжірибені жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыра отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын жеке тұлға даярлау ісінде нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім барын салары анық. Менің көшбасшылық функциямның ықпалы оқытуға байланысты, әрі әріптестерімнің кәсіби дамуына байланысты алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастықты, кәсіби даму мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер ететініне көз жеткіздім. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алады деп түйдім. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете алатынымыз деп түйіндедім. Биылғы 2015-2016 оқу жылында біздің мектептің деңгейлік бағдарламаны игерген мұғалімдер санының артуымен қатар, мектептегі өзгерістердің дамуына қарай, табысты желілер реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру арқылы жүзеге асатындығын ескере отырып, алдағы оқу жылында мектепте төмендегідей жұмыс топтары құрылмақ. В.Сухомлинский «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» деп атап көрсеткен. Оқушы шығармашылығын дамыту – білімдік үрдіс субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы. Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланыста болуы, мұғалімнің педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетін қалыптастыруға болатынына көз жеткіздік. Бала бойындағы күш-қуатты жетілдіру, оның қолынан бәрі келетініне сендіре білу – ұстазға жүктелген міндет десе де болады, ал сенім бар жерде «алынбайтын қамал жоқ». Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек екендігін білдік. Ойымды америкалық білім қайраткері және зерттеуші Ф.Г. Кумбстың «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер-идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін-өзі бағалауға қабілеттілік қажет» деген сөзін басшылыққа алып, барлық әріптестерімді ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз бетімен білім алу мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық демекпін. Ұстаз- арқашанда жаңалық жаршысы болуы керек екендігін ұмытпауымыз керек. | |
Просмотров: 1154 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Всего комментариев: 2 | |
| |