Воскресенье, 05.05.2024, 22:35
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК16 Жолахова Карлыгаш Бактыгалиевна Хамза Есенжанов атындағы ЖОББМ БҚО
23.03.2016, 06:50

Көшбасшы мұғалім ретінде, мектебімнің дамуы мен болып жатқан  өзгерістердегі  менің  үлесім

Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің  алғашқысы өзің бол.

                                                                                                      Махатма Ганди

         Иә, шынында да, үнді елінің қайраткері Махатма Гандидің  осы  сөзі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

         Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасын игергеннен кейін, өзімді тек білім беруші тұлға емес, сонымен қатар, мектептегі іс-әрекетті зерттеуші, мектептің даму жоспарын жүзеге асыратын көшбасшы және әріптестеріме оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді коучинг бағдарламасы арқылы енгізуді үйрететін тәлімгер бола білу керектігін  ұғындым. Мен тәжірибемде бұған дейін ойланбаған  «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?»  және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтардың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Оқушыға дайын білім беруге негізделген дәстүрлі оқыту мен жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізетін жаңа мазмұндағы оқытудың арасындағы үлкен айырмашылықты көрдім. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар  сабақтың нәтижелілігін қамтамасыз ететінін тәжірибемде байқап жүрмін. Күнделікті тәжірибемде қолданып жүрген топтық оқытудың да өзіндік философиясы, мәні мен мақсаты бар екенін оқып білдім. Рефлексия, кері байланыс, «оқушы үні», бағалау түрлері, сабақты зерттеу әдісі, кәсіби қоғамдастық, тәлімгерлік  және жеті модуль туралы алған білімдерім,  менің оқыту мен оқуға  жаңа көзқараспен қарауыма себеп болды.

           Менің мектебім - әлемнің бір бөлшегі. Әлем өзгеріп жатқанда, менің мектебімде де неге өзгеріс енгізбекке? Көшбасшы ретінде,  бұл өзгерісті енгізу  маған жүктелген міндет екені түсінікті.  Өзгеріс енгізудің алғашқы қадамы  өзімнің өзгеруімнен басталу керектігін ұғындым.  Алдымен, бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалімнің түйінді функцияларын саналы түрде ой елегінен өткізіп, өзім үйрене жүріп, әріптестерімді үйретудемін. Мектебім  жаңару үстінде, мұғалімдердің жаңаша  оқытуға деген көзқарастары қалыптасуда.

            «Көшбасшылық-ақылмен билеу өнері» деген  нақыл сөздің мағынасы терең. Әрине, үш айлық курсты бітіріп, қолыма алған сертификатым  менің тәжірибелі көшбасшы екендігіме дәлел бола алмайтыны анық. Осы тұста ұлтымыздың ғұлама ақыны Абай Құнанбаевтың  он жетінші қара сөзінде жазылған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боларсың елден бөлек» ғибратты сөзі әр көшбасшыға дұрыс бағыт  береді деп ойлаймын. Ал, Конфуцийдің  «Адамгершілігі барлар, басқаларға тірек болады, осыны өздері де қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды» деген афоризмінің мазмұнына үңілсем, басқалардың жетістікке жетуіне көмектесу - адамгершілік қасиет екендігін түсінемін. Көшбасшылық жұмысымда осы ғибратты сөздерді жадымда ұстану - бастап жатқан ісімнің табысты болуының алғы шарты деп санаймын.

        Халқымызда  «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші,  оқыту және оқу үрдісінде болып жатқан  жаңалықтар  «Өзгеріс» кәсіби қоғамдастығы арқылы жүзеге асып жатыр.  Қоғамдастық  мүшелері жоспар бойынша  жұмыстана отырып, басқа да әріптестеріне  кәсіби дамудың қажеттілігін түсінулеріне ықпал етуде. Түрлі тақырыптарда  өткізілген коучингтер, жеті модульді ықпалдастыра  өткізген сабақтар, семинарлар өз нәтижесін беруде. Әсіресе, ұжымдағы жас мамандар өз сабақтарында  АКТ-ны, рефлексияны, кері байланысты, топтық және жұптық оқытуды   пайдалануды  тәжірибеге  енгізуде. Оқушылардың  да сабаққа қызығушылықтары артқаны байқалады. Сабақтарда қатысу арқылы  оқушылар  мұғалім ұсынған бағалаудың  түрлі тәсілдерін қолданып, өзін-өзі бағалауға, топтарды өзара бағалауға  жаттығып қалғанын байқадым Бұл көріністер мұғалімдердің  күнделікті сабақтарын жеті модульді ықпалдастыра өткізетінінің дәлелі болып табылады. Оқушылар  табыс критерийлері бойынша бағалауға жаттығып келеді. Сабақ соңында өткізілетін рефлексия және кері байланыс тек деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің сабақтарында ғана емес, басқа да  мұғалімдердің   дағдысына айналып кетті десем артық  болмас. Осы жетістігімізде  барлық мұғалімдердің үлесі бар деуге әлі ертерек. Ұжымның белгілі бір тобы дәстүрлі оқыту жүйесінен әлі де шыға алмай келеді. Дей тұрғанмен, олар да коучингтерден және әріптестерінен үйренген кейбір модульдерді өздерінің ашық сабақтарында пайдаланатынына куә болып жүрмін. Уақыт өте келе, олар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін  мойындайды деп үміттенемін.

          Қоғамдастық арқылы жүзеге асып жатқан жұмыстардың бірі- «Сабақты зерттеу» әдісі. Осы әдісті жүргізу тек қоғамдастық мүшелеріне ғана емес, оқушылар үшін де жаңалық болып табылды. Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптарында жүргізілген зерттеу сабақтары, сабақ үстіндегі мұғалімдердің өздері бақылауға алған оқушыларды қадағалауы, сабақ  соңындағы  бақылаудағы оқушылармен жүргізілетін сұхбаттар мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізіп,  жаңаша  мазмұн беруде. «Бұл қандай сабақ?» деп қызығушылық танытқан мұғалімдер үшін өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, коучинг өткіздік. Сабақты зерттеу әдісі мұғалімдердің ынтымақтастықта жұмыс істеуіне, іс-әрекетті зерттеуді үйренуіне және кәсіби дамуына мүмкіндік беретін тәсіл екендігіне көзім жеткендей.

           Мектептің оқыту және оқу үрдісіндегі жаңалықтар ата – аналармен жүргізілген жұмыстарда да көрініс табуда. Ата – аналар жиналыстары жаңаша мазмұнда өткізіледі. Мектеп пен ата–ана арасындағы қарым – қатынас  жақсарды. Мектептегі  сыныптан тыс шаралар да бұрынғыдан өзгеше өтетін болды.

        «Кедергіні көрген емес, мақсатты көрген адам ғана жеңіске жете алады» дегендей,  мұғалімдер қолжетімді мақсат қоюды да үйренді.

       «Шәкіртке ұстаз болу - ірілік,  ұстазға ұстаз болу - ұлылық» дегендей, өз әріптестеріме тәлімгер бола жүріп, «ұлылық» деп айтуға тұрарлық  іс атқарып жүргенімді мақтан етемін. Бір тәлім алушыма жаңаша мазмұнда сабақ берудің қыр-сырларын үйретсем, екінші тәлімгеріме жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучинг өткізуге бағыт-бағдар берудемін. Өткізілген коучингтерде әріптестерімнің түрлі тақырыпта жоба қорғай отырып, әр мәселеге сын тұрғысынан қарау керектігін ұғынғанын байқаймын. Олар кәсіби дамудың қажетті екенін түсініп келеді.

         Мектептің  оқыту және оқу үрдісіндегі басымдықтарды назарға ала отырып құрылған мектептің даму жоспары мектепті жетілдіруде басшылыққа алатын негіз болып табылады. Деңгейлік  бағдарламасының мазмұнын сараптай келе, бірлескен топтық жұмыс - мақсатқа жетудің негізгі тетігі екендігін  анықтадым. Сондықтан,  нәтижеге қол жеткізу үшін  ұжым мүшелеріне бірлескен топтық жұмысты қалайша тиімді өткізуге болатыны туралы коучингтер өткізілді.  Олардың  нәтижесі күнделікті практикадан көрініс табуда. Оқушылар да, мұғалімдер де топта жұмыс істеудің  тиімділігіне өздері куә болып жүр. Менің көшбасшылық жұмыстарым  мектеп әкімшілігі тарапынан  кең қолдауға ие болып отыр. Сондықтан, ауызбірлік бар жерде, нәтиже де болады деп сенемін.

           Менің ойымша, мектептің жаңаруы  және өзгеруі еш уақытта нүкте қойылмайтын  үрдіс.  Америкалық психолог Дейл Карнегидің көшбасшылық туралы «Сіз көшбасшы ретінде әріптестеріңізді көшбасшы болуға дайындағаныңыз жөн. Бұны  ізбасарыңызды дайындап жүрмін деп ойлаңыз. Сіз кеткенде олар өздеріне көшбасшы болуы керек» деген ойы осыған дәлел, яғни көшбасшы жұмысы өз жалғасын таба береді.

           Атқарылған істерге шолу жасасам, бәрі де сәтті өтті деп айта алмаймын. «Жетістік- ол энтузиазмді жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу»,-  деп  Уинстон Черчилль  айтқандай,  сәтсіздіктің өзін сәттілікке апарар құрал ретінде қолданудамыз. Ұжымымда қалыптасқан жаңаша көзқарастар, жаңа идеяларды жақтаушылар және мұғалімдердің өз кәсіби біліктілігін дамытуға  тырысуы - біздің бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғары сатыға көтерілгендігіміздің белгісі. Атқарылған еңбектің далаға кетіп жатпағанын сеземін. Алда атқаратын жұмыстар өз кезегін күтуде. Мектебімізде жыл санап деңгейлік курс бағдарламасын меңгерген мұғалімдер саны артып келеді. Осы мұғалімдермен бірлесіп болашаққа жоспар құрып, мектептің жоғары деңгейден көрінуіне және  талай өзгерістерге куә боларым анық.

            ХХІ ғасыр-бәсеке ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестің жылдам дамуына ілесе алатын бәсекеге қабілетті  тұлға даярлау- біздің еншіміздегі маңызды мәселелердің бірі. Үйрену және іздену нәтижесінде өзінің  ұстаздық шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын мұғалімдердің  бұл мәселені шешуге өз үлестерін қосатыны сөзсіз .....  

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1374 | Загрузок: 0 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 8
avatar
0
1 Administrator • 06:55, 23.03.2016
Эссе размещено позже, потому что письмо с работой не было подписано и попало в СПАМ. После обращения автора принято решение разместить эссе, т.к. оно было отправлено в указанный срок.
avatar
2 Муратовна • 19:45, 23.03.2016
Эсседе мұғалімнің рефлексиялық ойы жақсы ашылған. Нағыз көшбасшы ретінде мектептегі атқарған жұмысына әділ баға беруде. Сабақ зерттеу әдісінің нәтижелілігін өткізілген сабақтар арқылы дәлелдейді. Дәйек сөздерді нақты және орынды пайдаланған.
avatar
3 NaZ-B • 22:37, 23.03.2016
Эсседе мектептегі өзгерістер толықтай қамтылып, түрлі қырларынан көрсетілген. Эссе мазмұны толық ашылған. Дәлелдері де жеткілікті келтірілген. Автор өз ойын әдеби тілмен жеткізе білген.
avatar
4 NaZ-B • 22:42, 23.03.2016
Аталмыш мақала толықтай ұнады. Мақаланың құрылымы мен көркемдік құндылығы жоғары деңгейде екен. Сонымен қатар автор еңбек сіңірген ұстаз ретінде қазіргі дамушы мектептердің жаңашылдыққа деген жолын нақты келтірген.
avatar
5 NaZ-B • 23:03, 23.03.2016
Автордың ойы анық жеткізілген. Мектепті жаңашылдыққа жетелеу жолында ұстанған новаторлық көзқарасы ұнады. Автордың тіл мәнері жоғары деңгейде және мақала толықтай алынған тақырыпты қамтыған.
avatar
6 мұғалім • 12:18, 24.03.2016
Эсседе жұмыс жалпы аталған. Бірақ нақты аталған жұмыс түрін немесе іске асыру жолдарын көрмедім.
avatar
7 учитель1390 • 12:38, 24.03.2016
Автор эссесі жалпылама тақырыбына бағытталып жазылғанымен, іс-әректі негізінде толық жазбаған.
avatar
8 Naz8641 • 13:42, 24.03.2016
макала оте унады! керекти ой анык жазылган, далелдер келтирилген! осындай жанашыл козкарастар казирги заман талабына кажет деп ойлаймын! p.s: казакша дурыс жазылмаганы ушин кеширим сураймын...уялы телефонда тилдин жок болуына байланысты!
avatar