Воскресенье, 05.05.2024, 12:53
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК8 Мирманова Назымгуль Арстанбековна Береговая жалпы орта білім беру мектебі Павлодар облысы
16.03.2016, 20:21

Бағыты: «Менің мектебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесім».

 

Көшбасшы мұғалім – болашақтың шам шырағы.                

        Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж Университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында мұғалімдер оқу көшбасшылары болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін оқыту мен оқудағы әдістерді өзгертуіміз қажет екендігін түсіндім. Мен бірінші деңгей бағдарламасының теориялық білімін меңгеру кезінде мұғалім өзгеруге, өзгеріске дайын болуы керек, көшбасшы бола білу керек екенін ұқтым. Ал мектептегі тәжірибе кезеңінде мектеп көшбасшылары оқушы нәтижелерін жақсартуда басты рөл атқаратынына көзім жетті, әрине оған  мұғалімдердің сабақ барысында орнататын ахуал басты ықпал етеді, сондықтан  осыған байланысты көшбасшы сабақты қалай мейлінше тиімді оқыту керектігін, оған қол жеткізу үшін мұғалімдерге қандай көмек қажет  екенін білуі тиіс.  Сондықтан өз мектебімнің ЭЫДҰ талаптарының негізінде дамып, өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыратын оқушыны тәрбиелеу мақсатында мектептегі тәжірибе барысында бақылау,  қадағалау, қорытынды жасай білудің ұтымды жақтары  (зерттеу, жоспарлау, дамыту, көшбасшылық) бар екенін білдім. Осы мақсатта сауалнама алудың, сұхбат жүргізу барысында «Мұғалімдердің АКТ-ны оның ішінде pzezi.com, kahoot.it технологиялық аспектілерді сабақ барысында қолдануы оқушылардың АКТ құзіреттілігіне  қалай ықпал етеді» деген сұраққа жауап бере келе.

        Міне осы жағдайларды жақсарту үшін мен өз әріптестеріммен жүйелі түрде жұмыс жүргізуім қажет. Жаңаша әдістің  негізгі ерекшелігі балалардың қол жеткізген білімдерін жай ғана біліп  қоймай, оларды қажетті жерде қолдана білуіне басты көңіл аудару болып табылады, ал негізінде ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың ең басты мәні де осында жатқаны даусыз.

         Өзгерістер енгізу арқылы, топқа бөлудің түрлерін тиімді қолданып, кейбір оқушыларды, тырнақшаға алынған, тани білдім. Шыдамдылық пен табандылық сенімді серігім болды.

         «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады » деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне     өз      үлесін         қосады.
        Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігі болып отыр. Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор.

     Ұлы ұстаз А. Байтұрсынов "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Әріптестеріме  ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды оқушы бойына тиімді қалыптастыра алу үшін, алдымен мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруі керек екеніне мектептегі тәжірибе кезінде көзім жетті. Яғни оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді. Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Мұғалімнің құзыреттілігі оның көшбасшылығынан байқалады. Өзінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін белсенділігі, білімділігі, оқушыларын талапқа сай оқытуы оның кәсіби өсуі болып табылады.

«Оқыту үшін ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ету арқылы бағыт-бағдар беретін, еркін және белсенді ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін болжайтын және оқыту-тәрбиелеу үрдісінде шығармашылықпен қызмет жасайтын мұғалімдер - алға қойған міндеттерді шешудің кепілі бола алары сөзсіз.

           Ұлы ғұлама Әл-Фараби ұстаз туралы: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсесін ұмытпайтын...,алғыр да аңғарымпаз... мейлінше шешен, өнер білімге құштар қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына да әділ..., бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп..., қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек " деген еді. Ендеше бұрынғы іс-тәжірибені жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыра отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын жеке тұлға даярлау ісінде нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім барын салары анық. 
           Менің көшбасшылық функциямның ықпалы оқытуға байланысты, әрі әріптестерімнің кәсіби дамуына байланысты алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді.  Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастықты, кәсіби даму мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер ететініне көз жеткіздім. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алады деп түйдім. 
          Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете алатынымыз деп түйіндедім. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз. Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам –өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек.

          Өзіндік оқуға белсенді қатысу үшін тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында АКТ-ны оның ішінде pzezi.com, kahoot.it  технологиялық аспектілерді  құрылғысы арқылы тестіленіп, сабақ қорытындыланып, өз нәтижесіне жетті. Кahoot.it  арқылы берілген тест бір жағынан уақытты үнемдесе, екінші жағынан оқушылардың бағасын сол бойы шығарып беріп, дұрыс – бұрыстығын тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар оқушы психологиясына оң әсерін тигізді

          Бұл жөнінде Мишра және Келер (2006) түсініктемелерінде де нақты білімді мағыналы тұсаукесермен бағдар көрсетуге болатындығын көрсеткен.
Сонымен сабақтарында АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі оқушының ой-өрісінің дамуына ықпал етеді, көре тұра қабылдаған ақпаратты есте ұзақ сақтайды, білім сапасын көтеруге қол жеткізеді, өзіне -өзі сенімді, білімді заман талабына сай оқушы қалыптастырады деген ой түйдім.
Қорытынды айтқанда  АКТ- ны пайдаланып берілген мағынаны жылдам түсінуге арналған тапсырмалар – шығармашылық үдерістің маңызды аспектісі. Сонымен қатар АКТ құралдарын пайдалана отырып, сабаққа жеті модульдің бірін  де кірістірдім. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіне ену заманында АКТ-ның бар мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мұғалім қолында, сондықтан да қалған сабақтарымда да АКТ – ны пайдаланамын.

          Аталған мәселе бойынша мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу бойынша коучинг, тәлімгерлік, кәсіби әңгіме шараларын қамтыған шаралар жоспары жасалды.

«АКТ құзыреттілігі неде?» деген тақырыбындағы коучинг мұғалімдерге  стратегияларын игеруге  бағытталды. Осы тақырып бойынша жоспарланған коучинг арқылы оқушылардың креативтік ойлар мен идеяларды туғызу қабілетін дамыту  үшін мұғалімдер ашық сұрақтарды  сабақта  қолдану арқылы ақпаратты ашуға, оларды жауапкершілік сезімін оятуға көңіл бөлінді.

      «АКТ құзіреттілігіне pzezi.com, kahoot.it технологиялық аспетілерін сабаққа енгізу» тақырыбында жоспарланған коучинг мұғалімдерді сабақ беруіне көп ықпалын береді.  

          Осы өзгерістердің барлығын зерделей отырып мектептің даму жоспарының мақсатына жеттім деп ойлаймын. Тәлімгеpлік ету барыcында өзімнің де білімімді oдан cайын толықтыpып, іс-әрекет нәтижелерін реттедім.

          Бoлашaқта көшбаcшы бoла тұpа  әріптестеpіме қoлдау көрcетіп,  кәcіби дамулаpына көмектeсемін, әлде де cыни тұpғыдан ойлaудың тиімді әдіcтерін үйpетемін, oқушыларға cыни ойландыpатын тапсырмалаpды жетілдіpемін.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1231 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
avatar
1 azik_85_kz • 20:19, 17.03.2016
Эссе мазмұны толық ашылмаған деп есептеймін. Эссенің қорытындылау бөлімі толық атлданбаған. АКТ құзіреттілігін мектеп деңгейінде  өзгерту бағытында нақты мысалдар келтірілмеген. АКТ бойынша басқа мұғалімдердің қандай нәтижелер көрсеткені сабақтарына кіру барысында аңықталғандығы жөнінде мәліметтер жетіспейді.
avatar
2 Муратовна • 15:24, 20.03.2016
azik_85_kz, мен Сізбен толық келісемін. Осы эсседе нақтылық аздау.
avatar
3 учитель1390 • 11:48, 24.03.2016
Бұл эссені оқып шыққанда түсінгенім автор жалпылама ғылыми тілде бірінші(ілгері) деңгей жұмыстарын көсбасшы ретінде көрсеткенімен өз мектебінде және қоғамдастық ортада қандай жұмыстарын алға ілгері жүргізгендігін ашып жазбаған. Егер теорияға практикада жасаған жұмыстарын нақтты көрсете білсе, эссе өз тақырыбын ашып, басшылықтың шам шырағы болып көрінер еді.
avatar