Воскресенье, 05.05.2024, 18:10
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК9 Муканова Гүлсайра Нурмахамбетовна Подстепный №1 ЖОББМ БҚО
16.03.2016, 20:25

«Жаңа инновацияны қолдану – шығармашылық  шыңдауға бағыттаушы»

            Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз.Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады. 
оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. 
Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.  Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.  Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Жаңашыл әдістерді меңгерген  мұғалімдер сабақтарында қолданып, өз сабағы туралы кері байланыс, бағалау парағы, екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы оқушының, ата – ананың пікірін де біледі. Осы мақсатта жұмыстанып жүрген әріптестерім Ф.Ниеталиева (математика), Б.Нагимова, А.Камиева, Ж.Кукенова, А.Саркенова (тіл мамандары) А.Желмуханова(ағылшын) Р.Мусатаева(орыс тілі) мамандарының ынтасын, жаңашылдыққа талпынысы зор деп айтуға болады. Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын.Жаңалыққа талпынысы басым, үйренгенін жүзеге асырушы тәлімалушы А.С. Желмуханованың да жоспарланған үдерістер бойынша отырыстарға қатысып, ынтымақтаса жүріп, ашық сабақтарын берді. Өткізген сабақтары тартымды, жүйелі ұйымдастырылып, мектебімнің қызығушылығы танытқан мұғалімдері тарапынан жақсы бағаланып, пікірлер айтылды. Оқушылардың жұмыстарын, топтық жұмыстағы әрекеттерін әріптестері келешекте өздері де қолданатындықтарын айтты.Мектеп мұғалімдерінің деңгейлік оқуға қызуығушылығының тағы бір көрінісі – олардың үнемі біздің бірігіп жасап жатқан іс - әрекеттерімізге ықылас танытып, келесі сабақтарымыз бен коучингтеріміздің қашан өтетіндігін сұрап, міндетті түрде қатысып, тәжірибе жинақтайтындары үнемі байқалып, жұмыстанулары бізге үлкен сенім ұялатты.Соның бірін атап өтсем,30 сәуір күні Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылындағы, Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің «Зият» желілік қоғамдастық тобының ұйымдастыруымен «Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» атты семинар-тренинг оздырылды. Оған Орал қаласының №2 орта мектебі, Зеленов ауданы,Үлкен Шаған орта мектебі, Ақжайық ауданының Кеңсуат орта мектебі, М.Абдулов атындағы орта мектебі,Алмалы орта мектебі, Бударин орта мектебі, Тінәлі негізгі мектебі, Самал бастауыш мектебі, Алғабас орта мектептерінен І, ІІ, ІІІ деңгей мұғалімдері мен коуч мұғалімдер қатынасты. Тақырыпқа сай коучингтер, «Шеберлік сабақтары», тренингтер өткізілді. Біз үшін ой бөлісу, пікір алмасу жағынан өте құнды бас қосу болды деп түйіндеуге болады. Кері байланыс кезінде жиналған қауым семинар – тренингтен өздеріне көптеген әдіс-тәсілдер алғандығын айтып ризашылықтарын білдірді.Облыстық желілік қоғамдастық семинары «Оқытуды бағалау,оқыту үшін бағалау-заман талабы» 14 мамыр  Зеленов ауданы, Даринск ауылы, Даринск орта мектебінде оздырылды. Семинар тақырыбы көкейтесті болғандықтан ұжым мүғалімдері белсене қатысты.Семинар барысында жас мамандардың жаңашылдыққа талпынысы қуантты.25 қыркүйек  Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде желілік қоғамдастық аясында «Оқыту мен оқудағы жаңа әдістердің білім сапасын көтерудегі ықпалы» семинар – коучинг оздырылды. Мақсаты мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту бағытында әр мектептен жиналған әріптестермен тәжірибе алмасып, бағалаудың жаңа түрін тәжірибеге енгізудегі жетістіктері мен қиындықтарын бөлісіп, желі арқылы қарым – қатынас жасау. Семинарға Подстепный ауылының екі мектебнің мұғалімдері М.Т.Сыхов,А.С. Құбаева, Г.Н.Муканова, Қаратөбе  гимназия мектебінен М.Ж.Утепкалиева, Г.М.Сариева қатынасты. Семинарда 3  ашық сабақ «Нәруыздар»Г.А.Карманова, «Литосфера» М.Ж.Утепкалиева, «Астанаға ақ бата» Г.Н.Сариева, коучингтер «Сыни тұрғыдан ойлау»М.Т.Сыхов,Г.Т. Жунусова, «Оқыту мен оқуда критерий арқылы бағалауды қолданудың тиімділігі» Б.Ж. Жанахметова, «Инклюзивті оқытудағы бағалаудың формативті түрлерін қолданудың тиімділігі» А.С.Құбаева, Г.Н.Муканова ұйымдастырып, мазмұнды, маңызы зор іс – тәжірибе алмасу  болды. 16 қазан  «Жаңа технологияның деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебіне енгізуі» атты семинар – кеңес ұйымдастырылды. Семинарға ұйытқы болған Республикалық ғылыми курстың «Мектепішілік менеджмент: түп негізі мен механизмнің енгізілуі» атты курстың(13-18.10.) ұйымдастырушысы РИПКСО,к.п.н. А.П.Н.Қ.Р.тілші мүшесі,Қ.Р. үздік қызметкері Гульсара Калиахметовна. Семинарға 13 мұғалім қатынасып, 5 ашық сабақ,2 коучинг өткізілді. Курсқа қатысушы Теректі ауданының мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері жаңашылдық жаңалықтарға қанықты. Гульсара Калиахметовна пікірі: «Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары республикалық семинар өткізуде белсенділік танытып, замануи талаптарға сай кәсіби шебер, бәскеге қабілетті мұғалімдер екенін көрсете білді.Ризашылығымды білдіріп, еңбектері жемісті болсын!».18 тамыз 2015 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбындағы тамыз кеңесінде Зеленов ауданы,Мичурин орта мектебінің мұғалімі А.О.Хайруллинамен бірлесіп  «Желілік қоғамдастық баспасөз келбетімен» атты презентация жасап, аудан мектептерінің мұғалімдеріне ұсынылып, жылына екі рет мәлімет алынатын шешім қабылданды. Бұл да желілік байланыстың бір түрі деп ойлаймын. Мен үшін көшбасшы болу күрделі де жауаптылығы мол міндет екендігін алғашқы күннен байқалды. Осындай қиналған сәттерімде алдағы жасайтын жоспарлы әрекеттерім туралы, бірге оқыған әріптестерім А.Т.Мырзағалиева, Г.Ж. Ешуова, Г.А.Төлегенова, А.С. Құбаева және де мүмкіндігінше басқа да курстастарыммен үнемі байланыста болып, ақыл – кеңестер алдым, бір – бірімізге үнемі қолдау көрсетіп, табысты қадамдар тілеуіміз үлкен сенімділік берді. Болашақта көшбасшы мұғалім ретінде алда әлі талай алынбаған асуларды осы әріптестеріммен бірге бағындырамын деген ойдамын.           Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды. 
Қазіргі таңда енгізілген өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту. 
Осыған дейін тиімді деп өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстырсам айырмашылықтары айқын көрініп отырғандығы байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап, суреттер, кесте арқылы көрсететін тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін сыныптың қалай оқитындығы, қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде қалай қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапсырмалар да баланың ойлау қабілеттерін ескере отырып беруге тырысатынмын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып үйреніп қалған мен сияқты мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көп көңіл бөлу керектігін түсіндім. Аталған өзгерістерді мен 5,6,8, сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар жүргіздім. 
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 5 «в» сыныбына  қазақ тілі пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызығушылығын ескердім. Осы сыныпта бірнеше сабағымды жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіздім. Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар өзгергенін көрдім. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен. Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтар да болды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтық жұмыстың тиімділігі айқындалды. Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы оянып , балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды, оқушылар бірлестікте жұмыс жасауға және де бір-бірін тыңдауға, өз ойын білдіруге, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуге үйренді. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуында. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен ұйымдастыруым оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Бұрын тәжірибемде көрініс таппаған топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 871 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
avatar
1 Муратовна • 15:27, 20.03.2016
Эссенің мазмұны нақты. Мектепшілік қоғамдастықта және басқа мектептермен жүргізілген жұмыстар туралы толық мәлімет алуға болады.  Тақырыптың атауы жалпылау.
avatar
2 учитель1390 • 11:30, 24.03.2016
Автор эссе тақырыбы бойынша мектеп көлемінде жасалған жұмыстарға толық мәлімет бере білген. Эссе нақты ашылып жазылған деп ойлаймын.
avatar