Вторник, 21.05.2024, 00:35
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Калейдоскоп исследований » Конкурсные работы (казахский язык обучения)

КИК3 ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
[ Скачать с сервера (722.4 Kb) ] 03.03.2017, 17:36

Түйінді идея: Оқыту үшін бағалау – формативті (қалыптастырушы)  бағалау . Оқуды бағалау – жиынтық бағалау.

Зерттеу тақырыбы: "Сабақ үдерісінде оқыту үшін бағалауды қолдану арқылы оқу сапасын арттыру"

Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта оқыту үшін бағалау, критерийалды бағалау арқылы қазақ тілі  пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыру, алған білімін болашақта пайдалана алуға бағыттау, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамыту.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Оқушылардан сауалнама алу. Дәстүрлі және өзгертілген сабақтарды видео таспаға, фотоға түсіру.  Оқушылардан сұхбат алу.

Күтілетін нәтиже: Сабақта оқыту үшін бағалау, критерийалды бағалау арқылы қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығы оятып, ынтасы мен белсендігі артады, алған білімін болашақта пайдалана алады, жаңа сабақты өздеріне меңгерту арқылы білімдерін дамытады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Мен маусым айында Орал  қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтадым. Мектептің барлық мұғалімдері деңгейлік бағдарламамен оқылып, сертификатталмады. Сондықтан мұғалімдердің білімдерін толықтырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгерту, жұмыс барысындағы кездескен қиындықтарды шешіп, кәсібі өсуіне қолдау көрсетіп отыру тренердің негізгі міндеті.

Жаңа бағдарламаға негізделген курста оқу кезінде қай-қай мұғалімнің де алдында сырттай көрінбегенмен де іштей уайымның болғаны сөзсіз. Менің көкейімде болған мәселе мұғалімдерге мен қаншалықты көмек бере алар екенмін, менің алдымда қандай кедергілер болу мүмкін, оларды мен шеше алар ма екенмін, қолымнан келер ме екен? Осы сұрақтарға   курс барысында жауап іздеумен болдым. Осы сұрақтарыма жауап табуда тренер Ж.Ж. тарапынан бағдарлама идеясын түсіндіру жұмыстарының әлсін-әлсін жүргізіліп отырды. Әріптесімізден сабақ барысында түсінбеген, ойландырған сұрақтарымыздың жауабын алып отырдық.    Мен, өз мектебіме келгеннен  кейін жаңа оқу жылынан бастап мұғалімдермен жұмыстануда өзімнің үйреніп, түйгенімнің барлығын беріп, кәсіби өсуіне қолдау жасап келемін. Осы орайда оқу жоспары бойынша сабақтарын беремін.  Сабақтар мұғалімдерге қызықты, жаңа мәліметке толы, белсенді жұмысқа бағытталғанда, әдіс-тәсілдері тиімді таңдалынса тиімді болады деп есептеймін.

Осы курста алған білімімді басшылыққа ала отырып, іс әрекеттегі зерттеу жұмысымды  өзімнің тыңдаушыларымның бірі Ж. Л. жұмыстандым. Зерттеу тақырыбымды анықтап алу үшін, Л. А.   сабақ беретін   7  орыс сыныбы оқушыларынан сауалнама алғанымда "Сабақта өзіңді әділ бағаландым деп ойлайсың ба?", "Мұғалімдердің қойған бағаларына қанағаттанасың ба?" - деген сұрағыма кейбір оқушылар "ия" деген оқушылардың басым бөлігі "жоқ" деп жауап берген. Сауалнамадан анықтағаным, мұғалімдердің қойған бағаларына көңілдері толмайтыны, әділ бағаланбайтынын байқадым. Осыдан "Қазақ тілі пәніне тыңдаушым Л. А. қалыптастырушы бағаны қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра ала ма?"деген ой туындады. Оқушылардың ойын ескере отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жұмысын жеті модульдің "ішінен оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды" таңдадым.

Категория: Конкурсные работы (казахский язык обучения) | Добавил: Administrator
Просмотров: 589 | Загрузок: 35 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
avatar