Суббота, 27.04.2024, 05:27
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК10 "Өзгеретін кез келді..."
[ Скачать с сервера (13.8 Kb) ] 22.04.2017, 20:36

 (Ой толғау)

ӨЗГЕРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ ...

Қоғам бүгін кереметтей өзгерді,

Мазмұнына білімнің жаңаша бір  өзгеретін кез келді.

Айтар болсақ, Әуезовтің сөзімен: «Халық пенен халықты

Білім ғана, ғылым ғана теңгерді»

 

Білім беру жүйесінің мақсаты да өзгерді,

Жаңа формат, жаңа мазмұн, «4 дағдыны» меңгеретін кез келді.

Болу үшін бәсекеге қабілетті нарықта,

Үзіліссіз өмір бойы білім алу көзделді.

 

Мұғалімнің әрекеті, көзқарасы өзгерді,

Ізденіспен біліктілікті арттыратын кез келді.

Қай іске де қиналмастан  шабыттанып кірісетін Ұстазға,

Елбасы да, мемлекет те сенімменен дем берді.

 

Мектептегі оқушыны бағалау да өзгерді,

Тапсырманы әр балаға саралайтын кез келді.

Білім беру қағидаты: «Не білу» емес, «Не жасай білу» екендігін түсініп,

Түзете отырып, қалыптастыратын бағалауды ел көрді.

 

Сыныптағы ахуал да, қарым-қатынас та өзгерді,

Ынтымақтастық орта болса, достасатын кез келді.

«Шаш ал десе, бас алатын» - қағидамен қоштасып,

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айта алатын кез келді.

 

Балаларға қолдау жасап, мадақтауда өзгерді,

Рефлексия этаптарын: «Тоқта, бұрыл, есеп бер!» - меңгеретін кез келді,

Әрқашанда баласының болашағын болжам жасап, қолдайтын

Ата-ананың қоғамдағы пікірі де өзгерді.

 

Балаларды қолдап, қорғап, мадақтау да өзгерді,

Сыни ойлап, қызыға талдап өнерді де тең көрді.

Өз елін де, шетелді де таңқалдырған талай қазақ баласы

Қиналмастан емін-еркін үш тілді де меңгерді.

 

Қарап тұрсаң айналаңа Әлем түгел өзгерді,

Рухани құндылықты меңгеретін кез келді.

Білімді ұрпақ болу үшін болашақта Қазаққа

Басқа елді тең көретін, ішкі әлемі өзгеретін кез келді.

Қадірменді әріптестер, бәрімізге өзгеретін кез келді!

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 623 | Загрузок: 14 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 Муратовна • 23:13, 27.04.2017
Эссенің ерекшелігі бар,білім берудегі өзгерістер туралы нақты айталған,  бірақ, белгіленген эссе көлемі сақталмаған.
avatar