Пятница, 26.04.2024, 14:58
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК14 "Оқушылардың оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасының қалыптасу көрсеткіштері мен оны анықтау жолдары."
[ Скачать с сервера (21.3 Kb) ] 22.04.2017, 22:07

Оқушылардың оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасының қалыптасу көрсеткіштері мен оны анықтау жолдары.

 

“Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі-мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.

Бастауыш сынып оқушылары білімдіұдайы мұғалім арқылы алып,оның әрекеті бойынша қабылдайды.Бұл олардың өзіне-өзі сенімділігінің қалыптасуына жағымды ықпал ете бермейді, мұғалімге деген сенушілік арта түседі,өзін бағалауға дағдыланбайды.Демек, оқушылардың оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасын қалыптастыру мұндай жағдайларды болдырмауға мүмкіндік туғызады.

Рефлексия-субьектінің ішкі психикалық күйін өзіндік тану үдерісі дегенді білдіреді. Рефлексия терминінің латын тіліндегі аудармалары:

-көңіл бөлу,еске түсіру, ойлау деп анықталады.

Рефлексияның мақсаты : оқу әрекетінің  құраушысын шешу жолында алынған нәтижені еске түсіріп,өзін-өзі  тексеру және бағалау.

    Рефлексия- адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап,өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлауы білуі,өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.Ол адамның өзіне деген сенімін арттырып, рухани үйлесімділігін арттырады, білім алушының айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзіне сын көзбен қарауын, талап қоя білуін, жетістікке және сәтсіздікке қалай қарайтынын көрсетеді.Сонымен қатар,рефлексия оқушының іс- әрекетінің тиімділігіне және оның тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Рефлексия ең алдымен басқаларға беретін бағасына қарай қалыптасады.

     Оқу әрекетіне  деген рефлексивті қатынас оқушының өзін-өзі тану,өзін-өзі бағалау,өзін -өзі реттеуді қалыптастырудың бірден бір жолы. Демек, оқу әрекетінде рефлексивті қатынасты қалай қалыптастыруға болады және оқушыларды рефлексияға қалай үйретуге болады деген сұрақтар туындайды.

       Белгілі психолог Г.А.Цукерман «оқу процессінде сөйлеу түрлері»атты еңбегінде рефлексияның пайда болу ілігін және рефлексияның ерекшеліктерін атап көрсетті.

         Г.А.Цукерман және басқа зерттеушілердің ойынша оқу міндетін шешуге бағытталған әрекетте рефлексия кеңінен қолданып  «рефлексия»феномені туындап, тұлғаның өзін-өзі тануының ,бағалануының, бақылауының бір бағыты ретінде қарастырылды.Психологтың пікірінше ,рефлексия ойлау мен іс-әрекетте- тұлғаның өзінің әрекер етуінің ілігі;кооперация мен коммуникацияда –«үстіне », «сыртқа»позициясына шығу механизмі; өзіндік танымда-ішкі бағытталықта өзінің орнын анықтау механизмі мен «Менділік»шекарасын белгілеудің әдісі.

   Демек оқу әрекеті  барысында рефлексия белгілі бір кезендерде пайда болып іске асырылады.

 Оқу әрекеті барысындағы рефлексия оқушының өз-өзіне есеп беруімен тығыз байланысты екендігін көруге болады.Яғни,оқушы оқу міндетіндегі белгілі мен белгісізді,оқу міндетінің мақсатын,орындалу ретін айқындалуымен қатар осыған кері байланысты қайта орнататындығы көрінеді.Бұл кері байланыс өзіндік бақылау,тексеру,бағалау кезенінде іске асырылады.

  Оқушының ой енбегі ,оқудағы табыстары  мен сәтсіздіктерін,рухани өмірін ,оның ішкі әлемін елемеу күйінішті нәтижелерге әкеліп соғуы мүмкін.Бала бір нәрсені біліп,материалды игеріп қана қоймайды,сонымен бірге ол өз енбегіне мазасызданады,өзінің қолынан ненің келіп,ненің келмейтітіне қатысты мүлде жеке пікірлері болады.

    Бұл жөнінде Сухомлинский В.А.былай дейді: «.... Мұғалім оқушының алдында дүниені ашып  қана қоймайды,сонымен бірге ол баланы өзінің табыстарына  мақтаныш сезіміне бөлей алатындай ,қоршаған дүниедегі белсенді жаратушы ,жасампаз етіп қалыптастырады....Егер бала өз еңбегінің табысын көрмесе білімге құштарлық оты өшеді , бала жүрегіне мұз қатады,жігер оты тұтанғанға дейін оны қанша тырысқанмен ерітуге болмайды,өз күшіне сенімін жоғалтады».

   Баланың  бір тапсырманы орындау арқылы өз тәжіребесінде тапсырманы алғашқыда қарағанда әлде қайда тәуір орындай алатынына көзін жеткізуге тырысу қажет .В.А.Сухомлинский  оның мындай тәрбиелік мәні барын атап айтты:

  • оқушы бейне бір өз бойынан шығармашылық күш табады;
  • ол өз табасын көріп қуанышқа бөленеді;
  • одан әрі жұмыс істеуге талпынады.

 Ұлы педагог А.Дистервег : « Оқушыны жұмыс істей білуге үйрет, сол жұмысты тек қана жақсы көріп  қана қоймай .оның екінші қасиеті  болатындай  етіп тәрбиеле... Не нәрсені болсын тек өз күшімен істей аламын  деп ойлайтындай  етіп,сонда ғана ол өзбетінше ойлап.ізденіп,өзін-өзі көрсете  алатындай адам болып қалыптасады» деген пікір айытқан.

        Демек,осы айтылғандарға сәйкес оқушы бойында рефлексияның қалыптасу  көрсеткіштері болуы шарт.Ол төмендегідей :

  • оқу әрекеті шартына сәйкес жоспар тізбегін өзгерту;
  • оқу әрекеті орындау алдында орындау ретін жоспарлап аңықтау;
  • бағалау түрлерінің орындалу ретін білу;
  • бағалау жүйесін өз бетінше дайындай білу. 

 

Ал, оқушы бойында рефлексивті қатынастың қалыптасу көрсеткіштерінің деңгейіне сай, аңықтау жолдарын көрсетуге болады:

1/ оқу тапсырмасын талдай білуін аңықтау;

2/ оқу тапсырмасының мақсатын нақтылай білу деңгейін аңықтау;

3/ оқу тапсырмасын шешуде амалдар ретін  нақтылай білу деңгейін анықтау;

4/ оқу тапсырмасын тексере білу деңгейін анықтау;

5/ Оқу тапсырмасының орындалу деңгейін бағалай білуін аңықтау.

    Оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынастың қалыптасуы негізінде білім сапасы, оқушы жауапкершілігі арта түседі және оқушы бойында тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына жүзеге асырылады.

Бастауыш сынып оқушыларының дара ерекшеліктерін ,мүмкіншіліктерін ескере отырып , оқу әрекетіне деген рефлексивті қатынасты қалыптастыру нәтижесінде оқу үдерісін жетілдіріп,оқушылардың сабақ үлгерімінің жоғарылауына мүмкіндік туғызып,танымдық белсенділігі,ізденімпаздығын арттыруға болады.

«Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасымыз айтқандай, егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен бiлім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту, жан-жақты, дүниетаным қабілеті жоғары, ізденiмпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя бiлетін  тұлға қалыптастыру.

Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескертетін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал етеді.

Сабақтарды жоспарлау барысында өз бойымнан үлкен өзгерістерді байқадым.  Бұрынғы дәстүрлі сaбaқтaрымдa oқушылaрды жүйeлі түрдe тoпқa бөліп, тoп бoйыншa жұмыс жaсaтпaйтынмын. Топпен жұмысты сирек қолданатынмын, көбінесе ашық сабақтарда қолданатынмын және оқушыларды топқа бөлуде түрлі тәсілдерді қолданбай, өз қалауым бойынша отырғызатынмын.  Енді топпен атқарған жұмыстың көлемі жағынан үлкен тақырыптарды игеру кезінде тиімді екендігіне көзім жетті, себебі оқушылар бір-біріне бетпе-бет отырады, пікір алмасады, бірін-бірі толықтырады, түсінбеген жерлерін жұп болып, топ болып талдайды, сонымен қатар шағын топта пікірлерін, ойларын ашық жеткізе алады.  Тағы бір тиімділігі – оқушылар басқаларда түрлі идеялардың болатындығын түсінеді. Бұл жұмыстарымның нәтижесінде топтық жұмыстарды ұйымдастырудың түрлерін  үйрендім.  Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратындығын көрсетті. Осы мақсатпен оқушылардың тақырыпты өзара талқылауына біраз уақыт бөлуге тырыстым және талқылауды сырттай бақылай отырып, оқушылар тарапынан өзгерістерді байқадым. Бұрын оқушыларға өзім сұрақ қойып, оқушы кішкене кідіретін болса, шыдамай жауабын өзім айтып беретінмін, енді оқушылар сұраққа жауап бере алмаған жағдайларда оған қосымша, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы ойлануға мүмкіндік және уақыт беретін болдым, қысқасы өз тарапымнан шыдамды болуға үйрендім және оқушының идеясының қаншалықты құнды, маңызды екендігін түсіндім. Оқушылар өз кезегінде бір-бірінің пікірін тыңдай білу, бірлесе отырып жұмыс жасау, ойын ашық жеткізу, пікір алмасуға дағдыланды, сонымен қатар  бір-біріне құрметпен қарауға, проблеманы шешу жолдарын бірлесіп шешуге, көшбасшы болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықпен ізденуге, бір-біріне жоғары деңгейлік сұрақтар қоюға үйренді.

 

Топтық, жұптық жұмыстар барысында «тактикалық оқу» модуль мәтін бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді. Оқушыларға өзінiң серіктесін түсінісуге, қарым – қатынас жасауға көмектеседі. Идеяларын ортаға салуға, сыни тұрғыдан ойлауға мүмкiндік алады. Жоғары деңгейлі сұрақтарға жауап беруде ізденіс жасайды, жалпы диалог оқушының сыни тұрғыдан ойлауына жетелейтiндігіне көзім жетті.Оқушылардың тақырыпты түсініп оқуын қамтамасыз ету мақсатында оларға сұрақтарды түрлендіріп қойдым.Әрбір сабаққа жеке-жеке мақсат қоя отырып, мақсаттардың нақтылығына басты назар аудардым, себебі мақсаттың дұрыс қойылуы сабақтың нәтижелілігіне алып келеді. Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді анықтап алдым, әр сабаққа оқытудың жеті модулін ықпалдастыру арқылы әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерін қолдануды жоспарладым. Сыни тұрғыдан ойлауда түрлі стратегияларын таңдаған себебім, бұл тәсілдер дүниетану,жаратылыстану сабағын жоспарлауда және өткізуде тиімді деп ойлаймын.

Биыл 1 сыныптарда жаңа пән кіріктірілген ол «Жаратылыстану»Мысалы, бірінші сабақта Ғарыш дегеніміз не? Адамдар ғарышты қалай зерттейді? – деген сұрақтар болса, екінші сабақта Жер ғаламшарының көрінісі және тағы басқа сұрақтар қойдым. Осы тәріздес сұрақтар оқушылардың тақырыпты жан-жақты түсінуіне жағдай туғызады.

Өз сабақтарымды талдай келе оның сәтті және сәтсіз өткен тұстарына тоқталатын болсам, сабақта жаңа тәсілдерді қолдануымның мынадай тиімділігі болды: оқушылар жеке, жұпта, топта оқу-жазу әрекеттерін іске асырды, әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге, жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады және бұл олардың танымдық қабілеттерінің жоғарылауына, сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын оятты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым. «Бала жаны көрнекілікті жақсы көреді» демекші, сабағымда интерактивті тақта арқылы тапсырмаларды көрнекі түрде көрсету және тапсырмаларды тексеруде пайдалану уақыт үнемдеуге көмектесті.

Ал сабақтың сәтсіз тұстарына келетін болсақ, жоғарыда айтылып кеткендей менің жұмысты ұйымдастыруда ескермеген нәрселерімнен болар, сабақ соңында күтілетін нәтижелерге сынып толық жете алмады. Бұл кемшілікті жою үшін келешекте С деңгейіндегі оқушылардың деңгейін ескере отырып, олардың әрқайсысымен жеке жұмысты жандандыру керек және тапсырмалардың орындалуына берілген уақытты тиімді пайдалана білуге дағдыландыру қажет деген ой түйдім.

Өз тәжірибемде жеті модульді сабақтарыма тек қана кіріктіріп қана қоймай, сонымен қатар байланыстырған болатынмын. Мысалы, талантты және дарынды оқушыларға тапсырмаларды дайындаған кезде ол АКТ-мен де байланысты болды, AКТ пайдалану кезеңінде жаңа сабақтың тақырыбын ашып, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында электрондық оқулықты, бейнефильмдер,мультфильм,түрлі презентациялар мен флипчарттарды қолдандым. Оқушылардың тақырыпты толық меңгеруі мақсатында деңгейлі  тапсырмалардың толық орындалуын қадағаладым.Бұл жерде мұғалім мен оқушының және оқушы мен оқушының арасында диалогты оқыту да пайда болды, әрине жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмаларды ұйымдастырдым, сабақ барысында  оқушылардың көшбасшылығы да байқалды, сыни тұрғыдан ойлана отырып, мысалы, оқушылар жаңа тақырыпқа шықты, әр тапсырмалардан кейін формативті бағалаулар жүргізіліп отырды. Сондықтан да топпен жұмыс істеу барысында, жасаған жұмыстарыма шолу жасай отырып, жеті модульдың бір-бірімен тығыз байланысы бар .

«Блум таксономиясын» жоспарға енгізе отырып, бағалаудың бірнеше түрін даярлау арқылы сабақтың рефлексиясы ретінде шығу парағын қолдандым. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды дайындадым.

Сонымен қатар «Ақылдың алты қалпағы» тәсілі мені қызықтырды, бұл тәсіл сабақтың соңында рефлексия жасау кезінде өте қолайлы екенін түсіндім. Бұл тәсіл, айта кету керек, оқушыларыма да қатты ұнады, оны оқушылардың тапсырманы орындау кезіндегі асқан белсенділіктерінен байқадым.

«Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту» модулі бойынша А, В, С деңгейіндегі оқушыларды сырттай бақылауға алдым, ондағы мақсатым осы түрлі деңгейдегі оқушыларды бақылау арқылы сыныптағы басқа оқушылардың бойындағы өзгерістерді көру болды. А деңгейіндегі оқушым бұрын сабаққа белсенді қатысса да тапсырманы жалғыз орындап, тағы тапсырмалар беруімді сұрайтын. Сөйтіп, өз бетінше орындап отыра беретін. Енді байқағаным,  ол өз тобындағы басқа оқушыларға тақырыпты түсінбеген жерлерін түсіндіріп, олардың айтқан пікірлеріне құлақ асып, пікір алмасатын болды. В деңгейіндегі оқушы да С деңгейіндегі оқушыны қолпаштап, түсінбегенін А деңгейіндегі оқушыдан сұрап отырды.С деңгейіндегі оқушы өзіне сеніп тапсырған тапсырманы дұрыс орындауға тырысып, өз тарапынан олардың сенімін ақтауға тырысты, ол сөздік қорының аздығына қарамастан шамасы келгенше өз ойын жеткізе білді.  Ал бұрын бұл оқушы үндемей отыратын, өзін көрсетуге еш тырыспайтын. Осы жерде осы үш оқушының ойларының, іс-әрекеттерінің өзгергенін байқадым.

Сөзімді қорыта келе айтарым, өзімнің де оқушыларымның да тарапынан өзгерістерді байқадым.  Атап айтар болсам, бағдарламаның жеті модулін сабақтарымда пайдалану тиімді деп есептеймін, себебі мен  мұғалім ретінде ұйымдастырушы, бағыт-бағдар беруші рөлін атқарсам, оқушы өз кезегінде өздігінен ізденіп, білімді өзі алып шыға алатынына және өз ойын ашық, еркін дәлелдей алатынына көзім жетті. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатудың маңызы зор екенін түсіндім. Сонымен қатар, атқарған жұмысыма есеп беруге дағдыландым, сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануды үйрендім. Әр әдісті ұтымды пайдалана білсек, біздің еңбегіміздің жемісі биікте болатыны айдан анық деген ойдамын.

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Administrator
Просмотров: 1339 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar