Суббота, 23.09.2017, 05:02
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе по обновлению СО » Эссе с казахским языком обучения

КЭК20 "Менің Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда мектеп жаттықтырушысы ретінде ...
[ Скачать с сервера (22.5Kb) ] 28.04.2017, 20:47

Менің Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда мектеп жаттықтырушысы ретінде қосқан үлесім

\Эссе\

                        « Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз,

Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»

 Абай

               Бүгінгі таңда білім беру үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар  мектептерде болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздей-ді. Қазақстан Республикасының Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін сала – білім саласы болып отыр. Сол оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру-шылықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға болып көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барыншы жетілдіру және қызмет саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім қажет. мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу – қасиетті парызым деп білемін.  Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді. Сондықтан мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өз үлесімді қосу мақсатында «Мектеп жаттықтырушысы» курсын аяқтап келіп, жұмысқа кірісіп кеттім.

          Жалпы тренерлік курс барысында әріптестеріммен бірге түрлі сұрақтарға жауап іздеп, әртүрлі шешімдерге келіп, бір бірімізге сұрақтар қойып тіпті шешімге келе алмаған кездеріміз де кездесті. Бірақ тренеріміздің көмегімен түрлі жағдайлардан сәтті шыққан кездеріміз де болды.

          Мен «Тәжірибедегі рефлексия» курсына мұғалімдерді тіркеу барысында қиындықтар болатын шығар деп іштей қобалжыған едім. Ешкім оқуға қызығушылық танытпай курсқа тіркелмей қала ма деген қорқыныш та  болды. Бірақ мектебіміздегі І,ІІ,ІІІ деңгейлі әріптестерімнің атқарып жүрген қызмет-тері, көрсетіп жүрген сабақтары, шеберлік сыныптары, коучингтеріне деген қызығушылықтары менің ұйымдастырғалы отырған курсыма  қатысуларына да зор сетігін тигізді. Осы ретте, қызметімді басқару үшін өзіме қолдау, қызығу-шылық білдірген ұжым мүшелерін тартып, олардан шығармашылық фокус топ құрудан бастадым. Мақсатым: курс тыңдаушыларының курс бағдарламасының екінші, іс-тәжірибе кезеңінде әріптестеріне тәлімгерлік қолдау көрсету.

        Тәжірибе алмасу - бұл істеп жатқан ісімізді  басқамен бөлісу, түсінік беру  бұл қалай ойлайтынымызды ұғындыру, ортақ істі бастау, жағдайды өзгерту  жаңаша тәжірибе алмасу арқылы, қарым-қатынас жасау.

       Мектептегі  өзгерісті бастау мақсатында фокус тобына жауапкершілігі мол, деңгейлік курсқа барғысы келетін ұстаздарды  таңдадым, себебі олар  өз істерін жетік білетін, оқушы қажеттігіне сай білім беретін, өз іс-тәжірбиесін үнемі жетілдіріп отыратын ұстаздар. Осы фокус тобының құрамына деңгейлік курстан өткен, сабақтарын жеті модуль аясында құрылымдап, түрлі семинар-ларға қатысып жүрген жаңашыл, креативті, үнемі ізденіспен шәкірттерінің жүрегінен орын алып жүрген беделді  ұстаздарымызды да енгіздім.

Курс жұмысын бастамас бұрын, әріптестерімнің қызығушылықтарын анықтау мақсатында «Өзгеріске бетбұрыс» тақырыбында  сауалнама жүргізіп, әріптестерімнің көзқарастарын анықтадым.

Курс басында тыңдаушыларының өздерінің сабақтарында өзгерістер енгізіп, түрлі әдіс тәсілдерді меңгеріп, сабақтарын қызықты да әсерлі етіп өткізгілері келетіндерін айтқаны - маған сенім ұялатты.

           Жалпы бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушы-лардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

100 академиялық сағат..... «Осы сағаттарды қалай қызықты, әрі жетімді, әріптестерімді жалықтырмайтындай етіп өткіземін?» деген сұрақ мені қатты мазалады. Сондықтан, мен мектеп жаттықтырушысы ретінде өзіме де үлкен жауапкершіліктің артылып тұрғанын түсініп, әр сабағыма  жауапкершілікпен дайындалып, өткізіп жүрдім.

 Мен де осы бағытта 100 академиялық сағат өткізіп, жұмысымның екінші кезеңі басталып кетті.

«Көз қорқақ, қол батыр» демей ме халқымыз, басында бойымда «Үрей... Қорқыныш... Күдік...» болған менің өзімнің де өзіме деген сенімім артып, соңымнан ерген әріптестеріме лайықты көшбасшы болуға талпынып келемін. Курс тыңдаушылары арасында ынтымақтастық атмосферасы орнап, «Әрқайсысы бөлек бағытқа емес, бәрі де бір бағытқа» қарай алды. Олай дейтінім, әрқайсысы сабақ жоспарлауда бір-біріне көмектесіп, бар білгендерін аямады.

               Бұрынғы тәжірибесінде «әрқайсысы өз алдына бөлектеніп» жүретін кейбір әріптестерім топқа сіңісе білді, үйренді.Әрбір курс тыңдаушысына             І,ІІ, ІІІ деңгейлі әріптестерінен тәлімгерлер тағайындалды. Олар өз кезегінде курс тыңдаушыларына сабақ жоспарларын жеті модуль бойынша сауатты құруға, мақсатын жоспарға сәйкес анықтап, күтілетін нәтижені болжай алу үшін ақыл-кеңестерін беріп, әдіс алмасуда.

          Курс тыңдаушылары  үшін іс-тәжірибе кезеңі ойдағыдай жүріп жатыр.

Әрине, қиындықтар да жоқ емес. Кейбір сабақтар сәтті өтіп, мақсатына жетіп, әріптестері тарапынан жоғары бағаға ие болып жатса, кейбірі әлі де жұмыстарында толықтыруларды қажет етеді. Бұл ретте мектеп жаттықтыру-шысы ретінде, әр сабақ соңында сабақтарына рефлексия жасатып, курс тыңдаушыларына кәсіби кеңес беріп, «рефлексивті агент» қызметін атқарамын.

 Ендігі кезекте мені  мазалаған сауал - «Менің Қазақстан Республикасы-ның орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда мектеп жаттықтырушысы ретінде қосқан үлесім қандай?»

Бұл сұрақтың жауабын қайдан іздесем екен? Әрине, курс тыңдаушы әріптестерімнің іс-тәжірибе кезеңінде өткізген сабақтарынан... Асылы, егер курс тыңдашыларының сабақтары жақсы деңгейде өтіп, ұжым арасында өз бағасын алса, жұмыс басында қойылған мақсаттың күтілетін нәтижеге жеткені. Өйткені, құр сөзден гөрі, іс-әрекеттің нәтижесі сөзсіз дәлел. Әрине, бұл сұрағымның жауабына жеткенше біраз сенімсіздіктің болғаны рас.

Мектеп жаттықтырушысы ретінде жүргізген жұмыстарымның ішіндегі ең маңыздысы- ұжымдағы әріптестер арасындағы оң өзгеріс. Оны  бұрын сертификатталған әріптестерім мен курс тыңдаушыларынан қатысуымен жүргізілген бірнеше «Lesson study» үдерістерінің нәтижесінен де анық көруге болады. Жұмыс барысында зерттеу нысанына алынған 3,8,10-сынып оқушыларының тәртіптерінің жақсарып, білім сапасының көтеріліп, білім алуға қызығушылықтарының артуы соған дәлел.

Сонымен қатар, курс тыңдаушылары «Lesson study»   үдерісіне белсенді араласып, жаңартылған білім мазмұнына қызығушылықтары арта түсті. Болашақта мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында  жоғары нәтижеге жетудің бірден-бір жолы «Lesson study» үдерісі деген ой тұжырымдады курс тыңдаушылары.

«Болашақ бүгіннен басталады» деген ойды, мен мектептің болашағы білімді де, білікті көшбасшы мектеп жаттықтырушысының қолында десем қателеспеймін.

Себебі, мектеп жаттықтырушысының функциясының ауқымы кең. Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан» - дегендей, еліміздің болашағы - білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында талмай еңбек ететін, көшбасшы әріптестерді соңымнан ертіп, өзгеріс жасауға қадам жасауға қолдау көрсететіндей мен де,білікті,бағдары айқын көшбасшы болуым тиіс.

Білім теңіз, мектеп – кеме, ал мектеп жаттықтырушысы, болашаққа бағдар алған кеменің капитаны іспетті.  Ендеше мен өзімнің «Менің Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнының идеясын іске асыруда мектеп жаттықтырушысы ретінде қосқан үлесім қандай?» деген сауалыма жауап тапқандай болдым. Бағдарым айқын, мақсатым нақты, ендеше әріптестеріммен бірлескен  жұмысымның нәтижелі болатынына кәміл сенемін.

 

 

Категория: Эссе с казахским языком обучения | Добавил: Admin
Просмотров: 181 | Загрузок: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar