Четверг, 02.05.2024, 20:07
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК1 Абдулова Матуза Максутовна СОШ Махамбет БҚО
15.03.2016, 13:06

Біздің ұжым – тату отбасы

Татулық пен сыйластықтың сыры мол. Оның өзі адамгершілік қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, парасаттылыққа толы болады. Мектептегі әр мұғалімнің шығармашылық іс – әрекетінің мазмұны  зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен,  ата-анамен  тығыз ынтымақтастық  жұмыстан тұрады. Мұғалім педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылады.

Әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың «Бала жүрегі - кішкентай күйсандық.  Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында  әр кез сол кілт жүруі керек» дегендей, бала бойындағы қалыптан тыс  ойлай алатын, шығармашыл  қабілеті бар болса, соны көре біліп, оны әрі қарай дамыту міндеті де – мұғалімде. Бүгінгі заманның  күн санап тез өзгеруі  білім беруге деген талапты күшейтуде. Жаңа идеялар, білім беруге  жаңаша көзқарастар, кәсіби біліктіліктің бұрынғыдан да жоғары сатыға  көтерілгендігінің белгісі.

Міне,  мұның бәріне  қол жеткізуде  әр ұстаздың шығармашылығының қажеттігін ұғынамыз. Ол үшін  мұғалім – оқушы - ата-ана арасында  ынтымақ, бірлік болуы керек. Осы мақсатта шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімнің бірімін. Осының барлығы бар ұжымда  шәкірттерімді жылы жүрегіммен баулып, дәріс беремін. Оқушыларымды білімге, еңбексүйгіштікке баули отырып, оқыту үрдісінде  жаңа технологияларды қолдану арқылы  шығармашылықпен жұмыстанамын. 2015 жылдан І деңгей (ілгері) бағдарламасы бойынша курсты  аяқтадым. Курстың өз тәжірибеме қосары көп болды.

Міне, бүгін  жаным жайланып, шәкірттерім мен әріптестерімнің  нұрлы жүзімен қуаттанып, қуаныш пен шаттықтың шуағына шомылғандаймын. Бұл - І деңгей (ілгері) бағдарламаның жұмыс мазмұндарын іске асыруда өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Әсіресе, әріптестермен  пікірлесу, ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысына сауалнама арқылы   қажеттілігін анықтау жұмыстары тиімді болды.  

Жұмыс барысында ұжымды біріктіруде көп қиындықтарға  кездестім, сөйтіп, жеңу үшін тәжірибелі педагогтар мен баланың жанын, ұжымның тыныс – тіршілігін нәзік  сезінетін  әріптестермен  кеңестім, әңгімелестім. Балалар үні басылған сәтте ауық-ауық бас қосып, әрқайсымыз ұжымның  көп қырлы өмірін  қалай түсінетіні туралы  ойларымызды ортаға салдық. Мен әріптестеріммен  коучинг тақырыптарын таңдауда да, өз арамыздағы  шын жүректі, жылы жүзді қарым-қатынастардан  өз көрінісін табатын  болуына күш  салып отырдым.

Білімнің дәрежесіне кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тура алмайды, осы ретте мен өз әріптестеріммен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынамын. Коучинг білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында ынтымақтастықтағы мектеп ортасында жүзеге асырылады.

 Педагогтердің кәсіби біліктілігін  қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, мұғалімнің шығармашылығын дамыту –  тиімді бағыт болмақ. Мұғалім өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекетті талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг факторы болып табылады.  

 Іс - тәжірибеден өту кезеңінде өзіме үлкен тәжірибе жинақтай отырып, жүйелілікпен жұмыс істеуге дағдыландым. Коучинг сабақ өтпес бұрын «Әріптестеріме не үйрете аламын?», «Қалай үйретемін?» деген сұрақтар төңірегінде көп ойланып жоспар құруды үйрендім. Жоспар менің коучинг сабағымның нәтижелі өтуіне ықпал етті. Оқыған курсымның құндылығын  және  оқыту мен оқуда маңызы жағынан ерекшелігін   әріптестерімнің қызығушылығының оянуына себепші болғанда ғана  білдім.   

«Сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі», «Оқу мен оқытудағы бағалаудың түрлері», «Дарынды және қабілетті балалармен жұмыс» тақырыбындағы   коучинг және тәлімгерлік үрдісі ұйымдастырылды

Маған   әріптестерімнің коучингке қызығушылықпен қатысулары өте ұнады. Коучинг арқылы әр  мұғалімнің іс - тәжірибесінің  жетілетіндігін, ынтымақтастық қарым-қатынастың нығая түсуге  әсері болатынын байқадым. Әр коучинг сайын бірін-бірі тануына, жақындай түсуіне, әріптестер ортасында еркін  сезінуіне  әсер етті. Әр адам өз басына деген  қызметті орнықтыра алса ғана  тәрбиелеуші \ коуч\ бола алады екен. Дүниеде бар қайырымды, ізгі жүректі, әсем нәрсе  туралы адамның  адамға деген сүйіспеншілігі туралы  алғашқы ойлардың  жеке бастың тәжірибесінде  оянғаны, олардың салмақты ойларының ортада айтылуы  қандай маңызды десеңші!

Жүргізу барысында      тәлімгер  тыңдаушы және бағыттаушы болды.    Даму қағидатына негізделген  коучинг  мұғалімдерге өз мүмкіндіктерін пайдалануға әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектесетіні анықталды. Осындай коучингтен кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында  инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізілді. Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.

Менің пікірімше , тәлім алушы тәлімгерлік  тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты  ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне  көп өзгеріс енгізе алады.

Жақында өткен желілік қоғамдастықтың «Сабақтастық – қоғамдастықтың жұмыс жасау негіздері» тақырыбындағы семинарда да   «Жылы жүрек - жақсы тілек» тақырыбындағы  коучингімен қортындыладық. Басқа аудан мектептеріндегі әріптестерімізбен бірден тіл табысып, ойымыз бен ісіміз орайласып, ертеңгі күнгі жаңа істерімізге жоспарда жасалды.

Мұғалім өз білімін осылайша бір – бірінің іс – тәжірибесін, кәсіби дамуын  үздіксіз жетілдіріп тұрғанда ғана оқушылардың сұранысына, құрметіне ие болатыны сөзсіз-ақ түсінікті. 

 Сондықтан  алдағы оқу жылында коучингті тек сабақ барысында ғана емес, сынып жиналысында, ата-аналар жиналысында, семинарларда, ашық сабақтарда пайдаланғымыз  келеді.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты - әріптестерді оқыту, сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру. Бұл бізді жаңа табыстарға жеткізеді деп сенеміз.

Ұжымдағы қатынастардың  жанға жайлылығы, шын жүректілігі менің ұдайы қамқорлық жасайтын ісіме айналды.Ұжым өмірінің  алуан қырлылығы  маған тек  бірыңғай мақсатпен,ортақ еңбекпен біріккен  бір пікірлестердің  ынтымақтастығы ғана емес, сондай-ақ бір-біріне деген сергектігі, басқалардың  қуанышы мен қайғысын ақылмен де, жанмен де танып білуге  деген  рухани қабілетте болып  көрінді. Менің тәлімгерлік  жұмысымның  бұдан кейінгі жылдары да  шын мәнінде баланың, жас өспірімнің   адамгершілік қасиетін көтеру  жөніндегі қамқорлыққа толы жылдар болмақ.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер  бүгінгі  мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан  сол деңгейде  болады» деген болатын.

 Әрбір педагог мұғалім мамандыңын таңдап алған соң   жауапкершілігін  бірге алып жүруі керек.Ұстаз өз пәнін, дүние сырын, қоғамдағы  өзгерістерді, адам мінезі мен өнердің қуат әсерін біледі. Мұғалім  шығармашылығының  шеберлігінің дамуына ықпал ететін фактор - олардың тұрақты  білімдерін көтерумен байланысты. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті  рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің  еншісіне тиері анық. Жаһандану заманында  ұлттық бәсекеге  қабілетті болудың көрсеткіші -  білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық  биікке көтеру  кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл  мәселені шешудің кілті де  ұстаз қолында.

«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәріне жете түсінген, көрген,  естіген және аңғарған  нәрселердің бәрін  жадында жақсы сақтайтын,   ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл  жаны асқақ және ар- намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ  жұрттың бәріне  жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқануды  білмейтін  батыл, ержүрек  болуы керек » - деген екен Әл- Фараби бабамыз.

Сондықтанда әрбір ұстаз педагогикалық үрдістің бірізділігі және оқу мен тәрбиенің  біртұтастығын  сақтай отырып, оқушының  рухани өсуіне  жағдай туғыза алатын, жаңалықты  қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі  өмірге  оқушыны да, өзін де  даярлай білетін шығармашыл  тұлға болуы тиіс.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 798 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 azik_85_kz • 22:01, 16.03.2016
эссе толық ашылмаған, негізгі және қорытынды бөлімі толық талданып жазылмаған.
avatar