Четверг, 02.05.2024, 21:19
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК11 Оналова Нурия Сагыновна Мичурин ЖОББМБ БҚО
16.03.2016, 20:38

 «Менің мектебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесім»

Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі, болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім дер едім. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Білім –тоқтаусыз, толассыз үрдіс болғандықтан, «Білім беру» ұғымының  қaзіргі таңда бұрынғыға қарағанда мағынaсы да, қолданылу aясы да  кеңіді. Себебі бұрын жоғары білім алған адамға бүкіл өмірінe  алған білімі мектептeн соң басқа қaндай да сала бойынша азық болатын еді. Сондықтан да бұл оқу oрындары жетeтін білім беруге күш саналатын. Бұл күнде  адамның бүкіл өміріне жeтeтін білімді қандай мықты оқу орны болсын бере алмaйды. Оның басты себебі – жоғары жылдaмдықпен қоғамның дaмуы және  соның негізінде қазіргі таңда адамның ақпараттар кезеңіндe өмір сүруі деп ойлаймын. Ол  кез-келген aдамға үнемі білім алу үшін, өз қатарынан кейін қалып қоймау үшін қажет деп есептеймін.

         Сондықтан  жаңа ғасыр мұғалімін дайындауды біліктілікті арттырудың үш айлық курстары іске асырып жатыр. Шындығын айтсақ біз өзімізге «Мен қандай мұғаліммін» деген сұрақты  жиі қоямыз ба? Әрине жоқ. Иә, өзінен кәсібін жоғары қоятын ұстаздың бұл сұраққа жауап беруі шынында да қиын. Күнделікті өмір ағымын өзгертіп, өз қателіктерін мойындауға, адами құндылықтарды бағалауға, өзін- өзі өзгертуге мәжбүрлейді. Мен осы сұрақтың жауабын бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы курсына барып білімімді жетілдіру кезінде  ішкі дауысыммен жауап берген болатынмын.

Атап айтсам, осы оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздері арқылы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің үш айлық біліктілікті арттыру курсы мені ғана емес, барлық Қазақстандық мұғалімдер қауымы үшін үлкен жаңалық,  өзгеріс, жаңа бастау әкелді десек те болады. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан маған жаңаның бәрін қабылдау дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарым мен іс-тәжірибемді әрі қарай қалай ұштастырам деген ойлар да мазалады. Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсем, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайтынын аңғардым. Осы курстан кейін әрине маған жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруыма,  менің жұмыс істеу қабілетіме көп әсер етіп, шабытымды оятты. Өйткені, өзіңнің кім екеніңді, қандай екеніңді білмесең, жетілдіру тәрбиесінің қай бағытта жүретінін және қандай мінез-құлқын дамыту қажеттігін білу қиын.

Бұл курс бізге нені үйретті?

         Қайтсем оқушылардың өздеріне сенімін нығайта түсемін деген сауал курсты бітіріп келгенде қатты толғандырды.Оқушыларыма беретін сұрақтарым бірсарынды емес, олардың сыни ойлауын дамытатын болуы керек және олардың бойындағы сенімсіздікті жою үшін сыртқы уәжді арттыратын сұрақтар қою керек екенін түсіндім. Осы сұрақтардан кейін жаңа тақырыпты оқушылар менің көмегімсіз жан-жақты ашып, өздері түсіндірді. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізденуіне, жақсы нәтижеге қол жетуіне,

бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді. Осы әдістен оқушының бойындағы зерттеушілік қабілеттерін аша алдым деп ойлаймын. Сабақтарымда  оқушы жауабын асықпай тыңдап әр жетістікті марапаттап отырдым. Тапсырманы азайтып, нақтылап беруге тырыстым. Осы өзгерістен кейін сабақтарымда оқушылар өз–өздерін еркін ұстауға тырысты. Әр топ ынтымақтастықта жұмыс жасады.

Бұрын біз ешқандай жұмысымызға рефлексия жасамағандықтан өмірде осындай іс-әрекеттің маңызды екенін түсінбей келіппіз. Мен осы қажеттіліктерді ең алдымен осы оқу барысында оқытып жатқан оқушыларым өзіндік ойлауға, шешім қабылдауға,  батыл жеткізе білуге үйренгендіктерінен көрдім. Бұрын баладан жауап алуға асықсам, қазір оқушының ойлануын бірінші орынға қойып, әр сабағымда балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін сындарлы оқыту тәсілін қолданамын. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жерде ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау,  рефлексия, бағалау және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді деп ойлаймын.

         Мен осы курсты оқу арқылы ұстанымымды өзгертіп, күш алғаныма қуанамын. Менің педагог ретіндегі қазіргі басты ұстанымым өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, әлемдік кеңістікке еркін самғай алатын, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. Осы ұстанымымның арқасында тек сабақ барысын ғана емес көшбасшы болу  арқылы баланың рухани дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсы нәрсеге ұмтылдырудамын. Көшбасшы мұғалім ретінде желілік қоғамдастық аясында бірлесіп тәжірибе алмасуға, білім сапасын арттыруға, кездесіп, толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде пікір алмаса отырып, білім саласын дамытуға үлесімізді қосуға тиіс екеніме көзім жетті. Осы курстың өзімнің кәсіби дамуыма, оқыту үрдісіне,  болашағымды айқындауыма,  жетістіктерге жетуіме көмегі зор болды дегім келеді. Кәсіби қоғамдастық құру арқылы, мектептің дамуында кездесетін проблемаларды анықтап және осы проблемаларды шешу бағытында мектептің даму жоспарына да өзгеріс енгізу арқылы мектепішілік жұмыстарға да өз үлесімді қостым деп айта аламын. .   Талис сауалнамасын алуда және сараптауда, коучингтерді ұйымдастыруда,  желілік қоғамдастық, тәлімгерлік жұмыстар аясында өткен іс-шараларға талдау жасап, мектеп мұғалімдеріне де өзгеріс енгізгенімді байқадым

 «Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз,  ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Қазақ халқының бұл даналығы тегін айтылмаған. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым деп есептеймін.

 Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 940 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
avatar
1 azik_85_kz • 21:50, 16.03.2016
Эссе жақсы ашылып жазылған. Алайда тақырып мазмұны мұғалімнің өзінің өзгеруі екінші бағытына жақын келеді деп есептеймін. Осы тақырыпты алған соң өз мектебінде қандай өзгерістер еңгізгенін, аңықталған проблеманы қалай шешкенін жазу керек еді.
avatar
2 учитель1390 • 12:22, 24.03.2016
Бұл эссені оқи отырып, түйген ойым,  теориялық тұрғыда жазуға көп мән бергенсіз екен, ал мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып  мектеп ұжымымен, жиелілік қоғамдастықпен және т.б. жасаған  нақты жүргізген іс-әрекетіңізді көрсетпегенсіз. Әріптестер сөзді емес, өз ісімізді көрсете білейік. Әрине, қажетті мәселелерді жазғансыз. Рахмет сізге.
avatar