Пятница, 03.05.2024, 04:29
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК15 Хаируллина Алмагул Орынгалиевна Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша БҚ
16.03.2016, 21:11

Эссе бағыты: «Педагогтың жеке өсіміндегі рефлексиялық үрдістің өзгеруі және мұғалім-көшбасшы мәртебесін алуы»

Эссе тақырыбы: «Мұғалімнің кәсіби дамуындағы педагогикалық қоғамдастық және көшбасшылық»

        Қазіргі таңда педагогикалық мамандарды республикалық қайта даярлау мақсатындағы деңгейлік оқыту курстарынан өткізе отырып, мұғалімдердің алдына үлкен  жауапкершілік артуда. Ең басты мақсат өзгеріс енгізуге қатысты әр мұғалімнің көзқарасы мен ұсыныстарының қалыптасуы. Қазіргі таңда  әлем елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін білім беру жүйесін дамытуға бағытталудамыз.

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп көрсеткен еді.

     Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Мектеп мұғалімдері де мектептің алға қойған мақсатын жүзеге асыруға бағытталып жұмыстануда. Жоғарыда айтылғандай мектебіміз білім саласындағы өзгерістерді, тиімді тұстарын қабылдауға дайын сол өзгерістің бірі-оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс. Әрине, оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталып келеді. Дегенмен дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Бүгінгі оқыту оқушы қабілетін жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Хоу мен Мерсер айтқандай мұғалімдер сыныпта көмектесуші адам ретінде барлық оқушылардың дамуына қолдау көрсетуші болып табылады. Шындығында қазіргі оқу жүйесінің дәстүрлі оқу жүйесінен айырмашылығы  оқушылардың жеке тұлғалық дамуына бағытталуы болып отыр. Бұл үдеріс оқуымды аяқтағаннан кейінгі өзімнің іс-тәжірибемде анық байқалуда. Біздің әрекетіміз–баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу болып отыр. Сондықтан да мен осы эссемнің эпиграфы ретінде ХХ ғасырдағы қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен бастағанды жөн көрдім «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген қағидатты басымдыққа ала отырып, мектебіміздегі өзгерістерге қосқан өзімнің үлесімді бөлісуді жөн көрдім.

      Мектептегі жүргізілетін жұмыстарға өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да және әріптестердің білім жүйесіндегі жаңа көзқарастарына белгілі бір өзгеріс енгізе алдым деп ойлаймын. Жұмыс барысында өзгеріс дегеніміз–жаңа әдіс-тәсіл және жаңа көзқарас екенін нақты түсіндім. Өткен оқу жылындағы мектеп сараптамасына қарай отырып, мектептегі басымдылықтарды мектептің дамыту жоспарына енгізе отырып, жүзеге асыруға бағыт алдым. Мектепті дамыту жоспарында  негізгі мәселе болып анықталған «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында жұмыстандым. Бұл тақырыбымды жүзеге асырып, нәтижеге қол жетіку үшін ең бірінші маған әріптестерімнің бұл жүйені түсінуі және қолдауы қажет болды. Сондықтан да мен ең бірінші әріптестеріме ақпараттық семинар өткізуді жөн көрдім. Ондағы мақсатым әріптестерге жалпы білім жүйесіндегі өзгерістердің не үшін керек екендігі жөнінде ақпараттандыру.

      Сонымен қатар ең негізгі оқытудағы сабақ барысында қамтылуға тиіс жеті модуль жөнінде де түсінік бере отырып, ақпараттық семинарымның екінші бөлімінде әріптестеріме осы модульдің қайсысын анық білетіндігін байқау үшін әр топқа тапсырма бердім.   Бұл менде теориялық білімді тәжірбиелік білім мен ұштастыру болды. Семинар соңында қатысқан  әріптестер сабақ көрсетуімді ұсыныстарында айтып өтті.

       Мектеп әкімшілігінің ұйғарымы мен тәлім алушы мұғалім және коуч мұғалім белгіленіп сол әріптестеріммен жоспарға сай кәсіби әңгіме, сұхбат жүргіздім. Алдыңғы жоспарым бойынша тәлім алушымның бірнеше дәстүрлі сабағына қатысып, өзімнің ұсыныстарымды білдіре отырып, тәлім алушымның артықшылығын әрдайым дәріптеп отырдым. Ондағы мақсатым тәлім алушымның алдағы уақытта жұмыстануына күш-жігер беру болды. Тәлім алушымен ресми кездесіп, орта мерзімдік сабақ жоспары, яғни тізбектелген сабақ жоспары және қысқа мерзімдік сабақ жоспары жөнінде түсінік бердім. Берілген ақпаратым түсінікті болу үшін коучинг өткізуді жоспарлап оған міндетті түрде тәлім алушым мен коуч тәлім алушымды шақырдым. Коучингке сауалнама қорытындысын сараптау нәтижесі бойынша және келесі оқу жылында деңгейлік курсқа тапсырыс берген мұғалімдер сонымен қатар жас мамандар қатыстырылды. Коучинг тақырыбын мектептің негізгі басымдылығы болып көрінген «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» деп белгіледім.  

     Өзім сабақ өткізуге және бақылауға 7 «б» сыныбын таңдадым. Бұл сыныпты таңдауымның себебі білім сапасына байланысты туындады.  Сонымен қатар әр сабақта оқушылардың іс-әрекеттін зерттеу барысында алынған үш оқушылармен де жұмыстандым. А,В,С деңгейдегі оқушылар сауалнама сараптамасы бойынша белгілі болды. Бұл оқушылар тек менің назарымда ғана емес фокус топ құрамындағы ІІІ деңгейді бітірген мұғалім және психологтің бақылауында да болды. Сонымен қатар  бұл оқушылардың деңгейін басқа сабақтардан қандай екенін білу үшін әріптестеріммен келісе отырып, сабақтарына өзім және жоғарда аталған мектеп психологі мен ІІІ деңгей бітірген мұғалім қатысты. Әр сабақтан соң оқушылардың іс-әрекеті талқыланып отырылды. Әр сабақ соңында фокус топ құрамындағы аталған мұғалімдермен біріге отырып, тек үш оқушыға сабақтан тыс LS зерттеу өткіздім. Мақсатым: Оқушылардың сабақта алған білімдерін шынайы өмірмен байланыстыра отырып, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын байқап, оқушылардың сөйлеу мәнерін және ойлау мүмкіндігін анықтау болды.  

        Тағайындалған тәлім алушым бастауыш сынып (4 сынып) мұғалімі, бұл сыныпты таңдау себебім мектептің жоспары бойынша бастауыш сынып пен орта буынның арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру болды.

     Тәлім алушымның дүниетану пәнінен бірігіп өткіздік. Бұл сабақ тарихпен байланыстыра өткізген соң кіріктірілген сабақ болды. Тәлім алушым да өз сыныбынан А,В,С  деңгейлі оқушыларды анықтап, әр сабақ сайын оларды бақылауға алып отырды. Өткізілген сабақтардан соң сабаққа талдау жасалып, әр сабақтың жетістігі дәріптеліп, жетіспеушілік жақтарына ұсыныстар айтылды.

   Сонымен қатар мектеп жұмысының бірізді, жүйелі болуын бағалау барысында өткен оқу жылында облыс көлемінде «Заманауи оқыту-шығармашылық ізденіс негізі» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырдым. Бұл семинарға осы бағытта білім берген өзімнің тренерім Абакиева Лилия Елемесқызы және Мыңбаева Жанна    қатысып, мектеп жұмысына оң баға берді. Өткізілген семинар «Ұстаз» журналына жарияланды.

     Тәрбиені балаға беретін отбасы,  мектеп,  және қоғам деген қағидатты ұстана отырып, «Отбасы мен мектеп-бала тәрбиесіндегі серіктес» тақырыбында жалпы ата-ааналар жиналысын өткіздім. Ондағы мақсатым: отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығын тәжірибе жүзінде көрсете отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың жүйелі болуына көмектесу.    

       Мектептің дамыту жоспарына енгізілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін басқа мектептердегі әріптестермен «Ынтымақ» желілік қоғамдастығы құрылды. Бұл желілік қоғамдастыққа төменде көрсетілген мектеп мұғалімдерімен бірігіп тәжірибе алмастым. Олар қаламыздағы № 40, №5, №16 және аудан мектептері болатын. Мұндағы мақсатым:Ізденімпаз, көшбасшылыққа қабілеті бар мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарта отырып, оқушылардың белсенділік, құзіреттілігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін ашу және кездескен проблемаларды ортаға салып, ой түйіндеу болды.

            Менің осындай курс бағдарламасын терең түсініп, тәжірбиеде еш қиындықсыз қолдануыма бірден-бір себебін тигізген өзімнің тренерім Абакиева Лилия Елемесқызы болды. Курс кезінде өзінің бойындағы бар білімін сарқыла беріп, тәжірбиесін бізбен бөлісіп, қиындығымызбен, қуанышымызды топпен біріге көрді. Ол кісінің мейірімді көзқарасы, жылы жүрегі топтағы әр тыңдаушы бойына мейірімділік пен жылылық орнатты десем артық болмас еді.

     Сондықтан да эссемді түйіндей келе, мұғалімнің кәсіби дамуындағы педагогикалық қоғамдастық және көшбасшылық жүйелі түрде жоспарланса әр ұстаз өз жемісін көруі қақ.  

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1290 | Загрузок: 0 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 8
avatar
1 azik_85_kz • 21:32, 16.03.2016
Эссе тақырыбы ашылған. Мектептің проблемасы  іс-әрекетті зерттеу арқылы аңықталып, сол бойынша жұмыстардың жүргізілгені, олардың нәтиежелері рефлексиялық тұрғыда баяндалған.
avatar
2 Муратовна • 22:06, 19.03.2016
Жұмыс нақты жазылған. Мектептегі өзгерістер және педагогтардың қоғамдастығы туралы мәлімет жақсы ашылды. Сонымен қатар, мұғалім өзінің жеке кәсіби дамуын толық көрсетпеген.
avatar
3 kundiz1990 • 20:09, 22.03.2016
Жұмыс жақсы жазылған. Мұғалім өзінің теориялық білімін практикалық тұрғыдан қолданғанын көрсете білген.
avatar
4 учитель1390 • 08:57, 24.03.2016
Эссе тақырыбы толық ашылған. Эссе ережелері сақталып, ұстаз көшбасшы ретінде мектепте жүргізген жұмыстарын эссе барысында толық баяндаған. Ұстаз өз ойында мектеп басымдықтарын анықтай отырып, ұжым барысында атқарылатын жұмыстарды нақты ашып көрсете білген. Кәсіби ұжым барысындағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін.
avatar
5 учитель1390 • 09:52, 24.03.2016
Автор  мектеп барысындағы көшбасшы мұғалім ретінде жүргізілетін жұмыс барысы толықтай жан-жақты ашқан. Әсіресе тәлімгерлік, мектептер арасындағы қоғамдастық және сынып көлеміндегі жұмыс үрдісіндегі жаңашылдық ілгерілеудің бар екендігі нақты көрсете білген.
avatar
6 мұғалім • 12:23, 24.03.2016
Атқарған жұмыстары көрініп тұр.Жұмысы берекелі болсын.Эсседен есеп беруге келеді.
avatar
7 asrashid • 19:45, 25.03.2016
Бұл эсседен мұғалімнің алдына қойған мақсаты болашақ ұрпаққа  жаңа заман талабына сай білім беру екендігін байқауға болады.     Оқушылармен жұмыстануда жаңа - әдіс тәсілдерді сабақ барысында үнемі қолданып, оларды өз ойларын айта білуге дағдыландыру, өзіндік көзқарасын қалыптастыру мұғалімнің алдына қойған мақсаты деп ойлаймын.
      Өз іс -тәжірибесін әріптестерімен бөлісуде мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейде өткізген іс - шаралары  ұстаздың кәсіби шеберлігін көрсетеді. Үнемі ізденіс бағытында жұмыстанып, әріптестерінің де жаңа технологиялармен жұмыстануына тәлім тәрбие, бағыт беріп отыратын ұстаздың еңбегі зор. Мектеп, ата -ана, оқушы арасындағы  байланысты  -ұстаздың  өткізген "Отбасы мен мектеп бала тәрбисіндегі серіктес" атты  жалпы ата - аналар жиналысынан көруге болады.  
Ұстазға болашақта тілерім еңбегің әрқашан өрлей берсін!
Сәттілік тілеймін!
avatar
8 Gulmarzhan • 20:31, 25.03.2016
Мұғалім еңбегінің шынайылығы  істеген іс -әрекетінен көрініп тұр. Эссенің тақырыбы толық ашылған ,алдына қойған мақсатына жеткен. "Бұлақ көрсең көзін аш демекші" өз білімімен біліктілігін әріптестерімен, шәкірттерінің бойына сіңіре білген. Әліде жетер белестерің көп болсын,биіктен көрін.!
avatar