Пятница, 03.05.2024, 05:45
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК2 Алсерикова Жұлдызай Абдурахмановна № 261 орта мектеп Қызылорда қаласы Қызыорда облысы
16.03.2016, 14:41

«Менің мектебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесім».

« Әлемнің өзгеруін қаласаң , сол өзгерістің алғашқысы өзің бол»

Күн сайын өзгеріп жатқан ақпарат пен ғылым заманында әр түрлі жаңалықтардың жаршысына айналған мұғалімге артылған жүктің салмағы ауыр екені анық.Бүгінде оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, болашақта да табысты болуы шарт.Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беруші ғана емес,рухани- шығармашылық тұрғыдан дамыған,жаңалыққа жаны құмар, түрлі педагогикалық, инновациялық- технологияларды меңгерген, мәдинетті тұлға болу керектігі өмірдің талабы . Қазіргі заман мұғалімі жан- жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан тұлға.Ғылыми- техникалық прогресс пен ғылыми жаңалықтар қол жетімді біліммен ақпарат көлемін мейлінше арттырып жіберді.Әр оқушының алдында телегей теңіз ақпарат бар. Болашағы мен кәсіптік қызметі үшін қажетті ақпаратты сауатты түрде алуы мен іздеуі және өңдей білуге дайын болуы тиіс.Осыған орай бізде мектепте оқушыларды дайындауға тиіспіз.Мұғалім заман мен оқушылардың талабы, сыны мен сұраныстарына төтеп бере алуы керек.Бұл тұрғыда мектебімде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Осы сұрақтарға жауап беру, мұғалімдердің кәсіби өсуі нендей жұмыстар атқаруға болатынына себепкер болуым: Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгейін бітіруім еді.Жоғарыда аталған мәселелер төңірегінде жауап алу үшін, мектеп мұғалімдерінің жұмысына , оқыту әдістемесіне,қарым-қатынасына, кәсіби дамуына, тәжірибеде қолданып жатқан технологиялардың ,жүргізіліп келген жұмыстардың жақсы және кемшілік тұстарын анықтау мақсатында мектеп мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналармен сауалнама жүргізілді. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуы мен мектеп басымдығын анықтау мақсатында алынған сауалнамаға мектеп мұғалімдерінің 25-40 жас аралығындағылар қатыстырылды.Сауалнама алу барысында кейбір сұрақтарға бірлескен талдау жүргізілді. Алынған сауалнама сұрақтарын талдай отырып, мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуы оның ұстанымдары мен оқыту әдістерін өзгертуге ынталы екенін көрдік. Сауалнама нәтижесі мектептің даму басымдығын айқындап, мектептің даму жоспары жасалынды. Жоспарға оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу, тәжірибелік дағдыларды дамыту, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін көтеру негізінде жұмыстар енгізілді. МДЖ-ны іске асыру топ мүшелерінің жұмысы. Өзгеріс үдерісін қадағалау барысында жоспарға сай тапсырманың орындалуын, өзгерістің ықпалы туралы мәліметтерді жинау,талдауды есепке ала отырып,үдерісті пысықтап отыру басты назарда болады. Мектебімізде екі мектепішілік кәсіби қауымдастық құрылды.Қауымдастық аясында мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп, инновациялық тиімді идеялармен алмасып, оқыту мен оқудағы тәсілдерді жетілдіреді.Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы бірлесіп жұмыс істеуге, сабақ жоспарлауға, оқыту әдістемесін жақсартуға, оқушыларды оқытуда өзгеріс енгізу үшін бірлесіп ізденуге үйренеді, тиімді оқытуды жүзеге асырады.Мектептің даму жоспарының жұмысын жүргізу нәтижесі: Мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуы үшін бірлескен кәсіби қоғамдастық құру арқылы үздіксіз білім алу мәселесін жоспарлау, мұғалімдер өзін-өзі реттеуге және бағалауға дағдыланады, сыни ойлай біледі,мұғалімнің мектеп әкімшілігінен, әріптестерінен және оқушылардан да кері байланыс алуына , бағалануына мүмкіндік беріп,өзінің кәсіби дамыуына жол ашады.Бастысы мұғалім оқыту мен оқуды жақсартып, қуатты педагогика құралдарын тәжірибеге енгізе отырып, инновациялық оқыту әдістеріне ерекше мән беретін бағалау мен кері байланыс жүйесінің тиімділігін көріп, оқушылардың үлгерімі жақсаратындығын тәжірибеде көрсете алады.Нәтижесінде мектепті дамытуда табысты мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіліп, мектеп мұғалімдері мен әкімшілігі ортақ мақсатқа қол жеткізуі үшін тиімді оқыту мен оқу тәжірибесін үнемі жетілдіріп, өзгеріс енгізіп, ұжымда бірлескен орта қалыптасады.Таңдап алған басымдықтар менктепке қажеттілігін көрсете білді. Мақсаттар мен құндылықтар үйлесуінен мұғалімдеріміз күткен нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді. І деңгей бағдарламасынан құзырлы коуч пен тәлімгер болуға үйретіліп мектепке барғаннан соң жаңа идеяларды іске асыру үшін өз мектебіме өзгеріс енгізудегі әріптестеріммен жүргізілетін жұмыстар ойластырылып жоспар құрылды. Жоспарлау барысында коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үшін 3 негізгі мәселені:1. Мәнмәтін; 2. Өзектілік; 3.Жүйелі тәлімгерлікті қамтыдым. Тәлім алушыларыма сенім білдіріп үнемі қолдау көрсетуді жадымда ұстай отырып, оқу қарым-қатынасын құруға негіздеп, тәлімгерлік ету жоспарын олардың кәсіби дамуына бағыттадым. Бұл үдеріс кезінде тәлім алушылардың өз мүмкіндіктерін аша отырып мәселелерді қарауға, шешуге итермеледім. Сратегиялық негізде өзімнің ноу- хоуымен алмасып,оның шынайы мақсат қоюға және соған жету жолдарын жоспарлауға көмектестім. Нәтижесінде тәлім алушыларым жеті модулды ықпалдастырып тізбектелген сабақтар топтамасы мен барлық оқушыларды қамту мақсатында бірлескен оқу әрекетіне көшті.Оқушылардың оқу үлгеріміне сәйкес оқушыға бағыттай отырып жеке дербес сабақ жоспарын жасауы.Үнемі тәлім алушылар мен кері байланыс пен бастапқы байланысқа түсіп отырдым.Осы орайда тәлім алушы- сыныбында тәжірибе енгізу арқылы- орындаушы; Осы үдеріске қатысып- қатысушы; Тәжірибе мен ақпараттың көзі болып- делдалдық; Өзара білім алып, қарым-қатынас сипаттамасын көрсете білді. Коучинг, тәлімгерлік үдерісінен бөлек , бағдарламаның идеяларын жүзеге асыру мен ОМЖ мен ҚМЖ даярлауға негізделген, әріптемтерімнің кәсіби әлеуетін, біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарлары мен түрлі шебер сыныптар жүргізіп келемін.Бұл жұмыстар арқылы мектептің барлық мұғалімдеріне оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел- уәждерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни ойлай алатын , өзіндік көзқарасы дамыған оқушы қалыптастыруға бағыттап келемін.Бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестеріме қолдау көрсетемін. Әрбір жүргізілген жұмыстардан соң алынған сауалнама, сұхбат пен кері байланыс парақшаларын оқығаннан кейінгі түйгенім: Жүргізіліп жатқан жұмыстардың табысты оқу мен оқытуға бағытталған, әрі кәсіби дамудың мықты тәсілі. Ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер еткен. Мектеп жұмыс жүйесін жетілдіруге ықпал еткен.Тәжірибенің өзгергенін байқадым. Нәтижелерді «SWOT» талдауымен жеткізсем: - S: Мұғалімдер бағдарлама негізінде сабақ өтуге даяр, оқушыларда ынталы; - Топ мүшелерінің ынтымақтастығы; - Құзырлы мұғалімге тән белгілер қалыптасқан; - Тәжірибелі дағдыларды дамыту, стратегиялық тұрғыдан ойланады; - Сындарлы оқыту теориясын меңгерген. - W: Сынып оқушыларының сиымдылығы, топқа бөлуде парталарды көшіру; - Әр сынып бойынша материалдық базаның (интербелсенді тақта) жетіспеуі - Топ мүшелерінің уақыттарының сәйкес келмеуі; - О: Оқушылар бойына ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру; - Үздіксіз кәсіби даму, желілік қоғамдастық арқылы қолдау көрсету; - Мұғалімдер ынтымақтастық ортасын құру; - Оқыту мен оқудағы түйінді 9 қағидатты негіздеу; - Әлемдік білім кеңістігінде еркін болу, өз тәжірибелерімізді тарату; - Іс- тәжірибені жетілдіруге бастама жасау, стратегиялық шешімдерді бірлесіп қарау. - Т: Кей әріптестеріміздің енжарлық танытуы; Бағдарлама негізінде « Неліктен» оқыту тәсілдерін өзгертуге, « Қалай» істейміз, сыныпта біз « Не» істеу керек екенін, Мен әріптестеріме ұғындыра алғанымнан теңіздің тамшысындай ғана өзгеріс байқалды. Әлі атқарар сан алуан жұмыстар үздіксіз жүргенде ғана тоңның ерігеніндей нәтижелі болмақ. Бастысы мектеп мұғалімдерінде Шульман атап көрсеткен «Құзырлы» мұғалімге тән белгілер қалыптасты. Ағашты отырғызсақ, сауаптты іс болады, бірақ ол бірден жеміс бермейді. Менің мектебімдегі отырғызылған, әлі де отырғызылатын ағаштар жылдар өте келе жемісін береді деп үміттенемін.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1521 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
avatar
1 azik_85_kz • 21:58, 16.03.2016
Эссе ашылып жазылған. Алайда нақты іс-шаралар көрсетілмеген және қорытындылау бөлімі толық ашылмаған.
avatar
2 Муратовна • 22:31, 20.03.2016
Рефлексиялық ойы нақты көрсетілген. Автор мектепшілік менторинг және коучинг үдерістер арқылы мұғалімдердің тәжірибесін өзгерту туралы хабарлап отыр. Кейбір жерлерде синтаксистік қателер кездеседі.
avatar