Четверг, 02.05.2024, 18:42
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК4 Турдалиева Салтанат Абдоновна Трекин ЖОББҚМ БҚО
16.03.2016, 19:30

 

«Кәсіби қоғамдастық-ұстаздар қауымын жетістікке бастайды»

 

                                                           Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 

                                                                  Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
                                                                  Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
                                                                  Ұстаз болу – адамның асылдығы.


               Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаз мамандығы. Себебі, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  

           Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі деген болатын. Бүгінгі мектeптің ахуалын өзгертіп жаңашылдыққа бастайтын көшбасшылар. Тиімді көшбасшылық мектeп жүйесін жeтілдірудің басты элемeнті болып тaбылады деген пікір кеңінeн тараған.  Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуінe басты назар аудару болып табылады. Көшбасшылар мектeп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да, қатты ықпал ететіндігін дәлелдейді.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ұстаз тек оқушы емес бір-бірін де әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті.

Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша дәріс алған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналса, Бірінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер оқытуды басқару мен көшбасшылық мәселелерін көтеруге тиісті.  Осы қағиданы берік ұстанып, Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталғаннан  кейін мектепте «НЕ? ҚАЛАЙ? НЕГЕ?» тәсілдерін басшылыққа алып, «әріптестірімді көшбасшылыққа қалай жетелеймін?», «мектепке қандай өзгерістер әкелемін?», «желілік қоғамдастық аясында ынтымақтастықты қалай орнатамын?» деген сан сауал мазалады.  Мектептің даму жоспaрының бaсымдығы ретінде «Оқушылардың білім сапасын арттыруда оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану» тaқырыбын aлдым. Сократтың: «Мен ешкімді, ештеңеге үйрете алмаймын, мен тек қана ойлануға мәжбүрлей аламын» дегендей  мектебімізде кәсіби қоғамдастық  топ құрдық. Оның құрамында 2,3 деңгей бойынша сертификатталған, жаңашыл ұстаздармен қатар деңгейлік курстарға өтініш білдіріп отырған мұғалімдер кірді. Бірінші күннен бірігіп коучинг, семинар, сабақтар өткізіліп, тәлімгерлік жұмыстары басталды. 

Кәсіби қоғамдастық аясында бірлесе ынтымақтаса жұмыс жасау үшін, алдымен желілік қоғамдастыққа тарту  амалдарын, соның ішінде, сенім, ашықтық, шынайылық, адамгершілік, мейірімділік т.б. қасиеттерді басшылыққа ала отырып, әрекеттестік және бақылау, бағалау идеяларын жетілдіру керектігін айтар едім.

 2015 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп ұжымы мүшелерін деңгейлі бағдарламалары аясында оқыту курсы басталды. Бір жылда әріптестеріміз 285 сағат теория және практикалық сабақтарын меңгерді. Жыл бойы рефлексия, ынталандыру жұмыстары жүргізіліп отырды. Қазіргі білім парадигмасы “барлығы баланың өзі үшін”, “баланың рухани байлығы үшін” деген ізгілік ұстанымдарына негізделіп, баланың, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.  Оқушылардың білім сапасын арттыруда оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану мақсатында мұғалімнің кәсіби қызметіне көмек көрсету, педагогтердің ақпарат алмасуына жағдай жасау, өзіндік  жұмыс жоспарын, жаңа идеяларды, кәсіби шешімдерді жүзеге асыру, желілік қоғамдастықтың мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар арқылы кәсіби және желілік қоғамдастықтың әрбір мүшесіне қол жетімді деңгейдегі біртұтас ақпараттық педагогикалық ресурс калыптастыру мақсатында Трекин ЖОББҚМ ұжымы ұйымдастыруымен «Жаңа толқын» желілік  коғамдастығының «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің білім сапасына ықпалы» атты аудандық семинар оздырылды.  «Жаңашылдық-заман талабы. Алдағы уақытта біздің құрылған шағын топтың аясын кеңейтіп, мақсат-мүддесі бар жандарды жанымызға тартып сапалы және табысты білім беретін, жетістікке жетуге ұмтылған, желілік қоғамдастық аясында жұмыла жұмыс жасайтын көшбасшыларды даярлау арқылы білім саласына еніп жатқан өзгерістердің қажеттілігін өзге де әріптестеріміздің көзін жеткізіп, үлгерім сапасының көтерілуіне, ұлтжанды, елін сүйетін жеке тұлға даярлауға үлес қосу деп есептейміз»- деп семинарымызды қорытындылаған болатынбыз.Тәлімгерлік жұмыста қолға алынды.Жұмысымның мaқсaты: тәлiм aлушының мүмкiндiктерiн aшу, стрaтегиялық деңгейде жaңaлықпен aлмaсу, мaқсaт қою, оғaн жету жолдaрын жоспaрлaуғa көмектесу. Тәлімгерлік үдерісінде қолдaнылғaн іс-шaрaлaр:

кәсіби кездесу, сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген қадамдар, жеті модульден тaңдaу – диалогтік оқыту, кері бaйлaныс. Нәтижесінде тәлім алушы тізбектелген сaбaқтaр топтaмaсының жоспaрын жaсaйды, оқыту  мен оқу үдерісі бaрысындa оқушылaрғa жaғымды эмоционaлдық, психологиялық жaғдaй туғызып, алған теориялық білімін қолданып жүр.

         Болaшaқта тәлімгер мен тәлім алушы арасындағы ынтымақтастықты жалғастырып сабақтың идеялық мазмұнына сай жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді қолданудың жолдарын түсіндіріп, теориясын  бірлесіп талқылап кері байланысты жиі ұсынып отырамыз деген ойдамыз.

       Ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», өлеңінің жолдары ойға оралады.Шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!  

      Ұстаз  – білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыстанатын жаңашыл болу керек.

      Білім берудің мақсатын айқындауда  Жүсіпбек Аймауытовтың "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты-осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Ұстаздың алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу. Осы іске қызығушылық пен сүйіспеншілік  небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымызбен, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.  
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 855 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 azik_85_kz • 22:05, 16.03.2016
Эссе ашылып жазылған. Алайда негізгі бөлімі мен қорытындылау бөлімі толықтай ашылмаған.
avatar