Пятница, 03.05.2024, 02:09
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК5 Жолдасова Гульбаршин Бакитовна Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі БҚО
16.03.2016, 19:45

                                               Мәңгілік ел ұрпақтарын оқыту

Бағыты:  «Педагогтың жеке өсіміндегі рефлексиялық үрдістің өзгеруі және мұғалім-көшбасшы мәртебесін алуы»

ҮІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлінің ( Әбу Әли ибн Әбу Талиб) ілімнің қақпасы аталып кеткенін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған, олардың бәрі Әзірет Әліге бір сұрақ: « Білім артық па, байлық артық па?», - деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі сұрақтарға былай деп жауап берген екен:

  1. Білім артық, өйткені ол пайғамбарлардан қалған мирас, ал байлық бақылардан қалған  мұра.                               
  2. Білім сені бағады, байлықты сен бағасың, сондықтан да білім артық.                                                                     
  3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді.                                                          
  4. Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды, білім артық болатыны осыдан.                                                                                             
  5. Білім артық, оны ұрыдан сақтаудың қажеті жоқ, ал жиған дүниеңді ұрылардан күнде қорғау керек.                                                                                     
  6. Білімің көп болса сені құрметтейді, байлығың көп болса қызғанады, білімнің артық болатыны сол.                                                                                            
  7.  Білім артық, білімің көп болғанмен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек.                                                                             
  8. Білімің қанша көп болса да іріп-шіріп бүлінбейді, дүние –мал бүлінеді, сондықтан да білім артық.                                                                             
  9.  Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін.                                                                                                                                                            10. Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол, бірақ білімсіз адам байлығына мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық,- деген екен.

                                                                                                                        Білімнің қажеттілігі мен артықшылығын мұнан артық дәлелдеуге  болмас.             XXI ғасыр-білімділердің ғасыры, ақпараттандырылған қоғам, технологияның күн санап дамыған дәуірі, қоршаған ортаға, әлемдегі алпауыт мемлекеттердің алдына шығуды мақсат тұтқан дәуір, адамның денсаулығына көңіл бөліп, кәсіби шеберліктерін дамытатын дәуір. Осы ойымызды жүзеге асыру үшін дені сау, білімді,  ой-өрісі шыңдалған, білімін өмірде қолдана алатын жеке тұлға болып қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеуді мемлекетіміз үлкен мәселелердің бірі етіп көтеріп отыр.  Қазіргі кездегі әлеуметтік қоғам өмірінің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістерді көре отырып, өзіміз білім саласында жұмыс істеп  отырғандықтан, жаңа технологиялар мен әдістердің жаңаруына оң көзқараспен қарап, қолдана білуіміз қажет.                                                                                                    Жұмыс өтілім 32 жыл болса да, «айналадағы құбылыс маған таныс, мен бәрін білемін»- деген ойдан аулақпын, керісінше заман ағымына ілесу,  сабақтарымды (жұмысымды)  жаңаша ұйымдастыру, қажырлы еңбек ету мақсатында мен өзім өзгерістерді көруге, үйренуге, өзгелерге таратуға үнемі әзір жүремін. Әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен менің өзгеруіме тура келді. Мен  білім алғанды, білім бергенді жақсы көремін,  және  мына жылдам өзгеретін әлемде балалардың бағыт беріп отыратын мені қажет ететіндігін білемін, оны істеу үшін мен алдымен өз жолымды табуым қажет. Осы мақсатта жаңа форматта оқытудың деңгейлі курсынан өтуден қашпадым.   Ал  бағдарламаны оқыған кезеңдерінде оқу үрдісі қалай жүретіні және сапалы оқыту дегеніміз не екендігі туралы материалдарды зерделеп, барлық  оқушыларды  тиімді тәсілдермен сабаққа тарту, өзара бағалау және өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру, балаларға  нені оқыту керек, қалай оқыту керек екенін түсінуге жинақтаған іс-тәжірибем көмекке келді деп айта аламын. Бағдарламаның негізін құрайтын жеті модуль кеңес дәуірі кезінде жаппай қолданысқа енбей, нәтижесі авторына ғана таныс жекелеген озық іс-тәжірибелердің жиынақталып, жүйеленген жиынтығы деп айтар едім.  Себебі, 7модуль бойынша (АКТ басқа, бірақ ол кезде ТСО болды) қолданылатын әдіс-тәсілдердің көпшілігі таныс бірақ нәтижесі  бұлыңғыр болатын. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізуге тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алу, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы тәсілдермен меңгеруіне мүмкіндік берілуі.                                                                                                                             «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан  жаңаша жұмыс істеуге, оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруға тура келді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалайтынын жасырмаймын. Десек те, өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзіміздің бойымызда өзгерістер қажет.                            Ол - жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге деген сенімділік, мұғалімнің өз ісінен қанағат табуы.  Жаңа бастамалардан мен бұрын қорықпасам да, бір дүдамал ой кейін тартатын.      Оқу мен іздену, үйрену барысында біріншіден, мен нені және қалай істеу керек екенін үйрендім.

   Екіншіден - өзімді шыдамдылыққа  үйреттім. Мен бұрын баладан жауап алғанша асықсам, қазір оқушының керегінше ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. 

«Жаңа сабағың өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек»- дегендей,мен де әр сабағымда  балалардың  қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді ( топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, диалог арқылы оқыту) кеңінен қолданамын. Бүгінгі күнде балалар жаттанды нәрсені  қайталамай, өз ойын еркін дәлелдеп айтуға, бір-біріне құрметпен қарап көмектесуге, топ ішінде өзін «жеке тұлға» ретінде санап,көшбасшы болуға,өз беттерінше ізденіп жұмыс істеуге, бір-бірін және өзін-өзі әділ бағалауға төселіп, қазірде бұл қалыпты жағдайға айналғандай.

Дәстүрлі сабақта өзім тақырыпты айтып, оны талдап, өзім бағалап, қорытындыны өзім жасап отыратынмын. Ойлап қарасам, мен оқушыны ойландыруға жағдай жасамаған екенмін. Ал қазір осының барлығын оқушы жасайды. Өздерін-өздері бағалайды, ойларын іркілмей айтады, қателесуден қорықпайды,қателіктерін күлкі қылмайды.. Бір-бірін толықтырады, көргені мен өзбеттерімен оқу нәтижесінде білетіндерін байланыстыра алады, ең бастысы армандай алады, оны елестете алады.

Олар басқарушы, жаңа  жол іздеушілер, жағдаяттардан шығып,мақсатына жетушілер. Ал мен болсам, бағыттаушымын.

Өзімнің осы жетістігімді  басқа әріптестеріммен бөлісу мақсатында шағын шығармашылық топ құрып  және оларға ықпал ете алдым деп ойлаймын. Іс-тәжірибе барысында менің сабақтарыма қатысқан әріптестерім мен қолданған әдіс-тәсілдерді өздері де сабақтарына енгізе отырып, оң өзгерістерімен бөлісті.

Ойымды  қорыта  келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ мақсатын қоя білу, жоспарлау мен сабақ өткізудің тәсілін, оқұушыны сыни тұрғыдан ойлана білуге, үшіншіден –бала еркіндігін шектемеу, төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін-өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалау, бағаланудың мәнін өзгерттім. Менің түсінгенім- жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек. Өз әріптестерімді деңгейлі курстардан өтіп қана қоймай, курста алған білімдерін практикада үздіксіз жетілдіруге баулып келемін. Әріптестерімнің әрқайсысымен көшбасшылықты бөлісіп атқара аламын, бөліскен көшбасшылықты атқара алуды үйретіп жүрмін.

«Ұстаз шәкіртке күн болып көрініп, нұр болып төгілуі керек»- демекші, жаңа ғасыр мұғалімінің бойында  сергектік, байқағыштық, сезімталдық, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау  сияқты қасиеттер  тоғыса келе , олар мейірімділік  атты  ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана  біз діттеген мақсат- мүддемізге  жетіп, әріптестерімнің «Ұлы ұстаз» деген  ардақты атаудың шын иегері болатынымызға кәміл сенемін.

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 915 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 Муратовна • 16:11, 22.03.2016
Эссе шығармашылық бағытында жазылған.  Метафора сөздері бар. Бірақ, мектептегі  басталған өзгерістер туралы мәлімет ашылмаған.
avatar