Пятница, 03.05.2024, 01:52
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК6 Мендигалиева Айгул Ерсаиновна Жамбыл жалпы білім беретін негізгі мектебі БҚО
16.03.2016, 19:49

 Бағыт: «Педагогтың жеке өсіміндегі рефлексиялық үрдістің өзгеруі және мұғалім-көшбасшы мәртебесін алуы»

«Менің жеке өсуімдегі рефлексиялық үрдістің өзгеруі» эссе.

       Қазір өмірдің қай саласында болсын, әлем қарқынды дамуда.  Қарқынды дамып келе жатқан әлеммен бірге ілесе отырып, өз үлесімізді  қосу- өмір талабы. Әлемдегі білім беру жүйесінің алдында: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген мәселелерді шешу тұрған болатын. Сондықтан да әлемдік білім беру жүйесінің бір бөлігі ретінде, Қазақстандағы білім беру жүйесін қайта қарау қажеттілігі туындады.  Осы мақсатты жүзеге асыруда,  білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген, танымал оқыту әдістемесі – сындарлы оқыту теориясына негізделген,  Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары аясында мұғалімдерді оқыту курстары жүргізілуде.  Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.[МАН. 2015]

       Қазіргі таңда оқушы үшін меңгерген білімімен қоса дағдылар да маңызды болып отыр. Оқушы білім алып қана қоймай, алған білімін орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударуда. Біздің мектептердегі басты проблема -оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға ала отырып,  білімді тексеру қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмай қалуы. Алған білімдерін  жеке тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне  пайдалана алмауы.  Сондықтан да, оқушыларымыз  ОЖСБ-да,  ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай жатады.  Міне, сондықтан  мұғалім оқушының білімі  мен дағдыларын дамытуда ғана емес, баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыра  білуі керек болып отыр. Яғни мұғалім  оқушының бойында пәнді терең түсіне білу қабілетін дамытуы керек. Ол үшін мұғалімнен  жан-жақтылық, іздемпаздық, құзіреттілік талап етіледі. Осы тұста «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» деген ХІХ ғасырда өмір сүрген немістің педагогы А. Дистервегтің сөзі еске түседі.  Оқушыны оқулықта берілген білімнің көлемімен шектеп қоймай, ізденуге, зерттеуге бағыттап отыру керек. «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын,
өзіме жасатсаң – үйренемін» деп Конфуций айтқандай, оқушы - сабақтағы басты тұлғаға айналғаны жөн. Осындай сындарлы ойлай алатын, мектептегі алған теориялық білімін, сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана алатын оқушы тәрбиелеу бүгінгі  мұғалімнің  міндеті.

       Деңгейлік курс бағдарламалары  мұғалімге теориялық  білім берді. Оны әрі қарай қорытып, жүзеге асыру, басқа да әріптестермен бөлісу, деңгейлік курсты тамамдаған біздің міндетіміз.   Бұл бағдарлама ең әуелі асқан қызығушылық танытуды қажет етеді. Қызығушылық болмайынша, оны меңгеру, жүзеге асыру мүмкін емес. Ашықтықты және оқыту мен оқу үдерісі туралы рефлексия жасауға қабілеттілік танытып, енгізілетін өзгерістерді қабылдай білуді көздейді. Барлық мұғалімдерге құрметпен қарауға,  ұсынылған  идеялар мен ұсыныстарды  ықыласпен тыңдауға үйретеді. Бұл бағдарламаның мұғалімдердің тәжірибесіне, оқушылардың білім алу үдерісіне оң әсер ететіне сенімдімін. Бұрын дәстүрлі сабақ кезінде оқушының, мұғалімнің сабақтан алған әсері, түйген түйіні, рефлексиялық ойлауы жүйелі болды десек, артық айтқан болар едік. Ал қазір біз мұғалімдердің өз сабақтарын асқан ыждағаттылықпен,  дайындықпен өткізуінен,  олардың кәсіби өсуінің болашағына деген сенімін көреміз. Мұғалім әрбір өткізілген сабақтың бағасын бере отырып, алдағы сабақтарын жетілдірудің жолдарын іздестіріп отырады. Өткізген  сабақтарын бағалап, әрі қарай жетілдіру үшін іс-әрекетті зерттеу әдістерін қолданады. Сабақта деңгейлік тапсырмаларды, жеке және топтық жұмыстарды пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа қатынасу белсенділігі артты. Мұғалім сабақты зерттеу арқылы, оларды жетілдірудің тәсілдерін іздестіре білуді үйренеді.  Ол үшін әріптестерімен  топ құрып, жұмыстану арқылы қол жеткізуге болатындығын түсіндік. Бұл мектептің ішіндегі кәсіби қоғамдастықтың құрылуына әкеледі. Осы бағдарлама аясында жұмыстанған кезде, мен әріптестерімнің іс-тәжірибесіне жаңаша көзқараста қарауды үйрендім. Басқа мұғалімдермен қарым-қатынас жасап, ынтымақтастық орнату мақсатында аудан ішінде әріптестерімнің арасында құрылған қоғамдастық жұмысына қатынасып жүрмін.  Ал қоғамдастықтан алған әсерім, тәжірибем маған көп пайдасын тигізуде. Қоғамдастық мүшелері өздерінің  әдіс-тәсілдерін  өз мектебіне және басқа да мектептерге ықпалын бағалау үшін, желілік қауымдастық арқылы таратады. Қоғамдастыққа біріктірілген мектептердегі ынтымақтастық, мұғалімдердің құзіретін арттырып, оқушылардың мүмкіндігін кеңейтеді. Мысалы, жақында аудан мектептерінің тарихшылары арасында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - заман талабы» тақырыбында тәжірибе бөлісу семинары өтті. Бірнеше мұғалім сабақ берудегі өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Мұғалімдердің арасында «Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясы»  коучингі ұйымдастырды.  Мұндай басқосулар мен тәжірибе алмасудан кейін мұғалімнің жеке өсіміндегі рефлексиялық үрдістердің  өзгеруі байқалады. Әрине ол оң өзгерістер. Оны мұғалімнің іс-әрекетінен, көзқарасы мен пікірінен көруге болады. Бұл байланыстың тиімділігі- мұғалімнің кәсіби өсуіне жетелейді. Осы курс барысында алған теориялық білімім және әріптестермен іс-тәжірибе алмасу барысында, менің кәсіби дамуыма, оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, болашақ бағытымды айқындауыма зор көмегін тигізді.

        Курстан кейін көшбасшы мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым - мектептегі басқа да әріптестеріме осы бағдарламаның мәнін түсіндіріп, іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізуге, сол арқылы бүкіл мектеп шеңберінде  өзгеріс  жүргізуге ықпал ету.  Өзгерісті ең әуелі өзімнен  және өзімнің жүргізіп жүрген пәнімнен бастадым. Сабақта оқыту мен оқудың жаңа тәсілдерін пайдалану, диалогтік оқыту, тапсырманы орындауда сыни тұрғыдан ойлануды үйрету оқушыны жаңа қырынан танып білуге көмектесті. Сабақты жаңа үлгіде өткізу мұғалімнен көп ізденуді талап етті. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар бір-бірінің идеяларын талқылап, баға беру арқылы бірлескен түсінік қалыптастыруы, оқушылардың қызығушылығын оятты. Бұрын сабаққа белсенділік танытпай отырытын оқушылардың қатары азайды. Өз идеясын ортаға салып, басқалардың пікірін тыңдайтын болды. Топтық жұмыс барысында оқушылардың бойындағы  ұйымшылдық, бір-біріне сыйластық, татулық сияқты қасиеттерінің  шыңдалғандығын  байқадым.  Оқытуды бағалау, әсіресе формативті, критериалды  бағалау сабақтың мақсатына  жетуге жетелейді. Бағалаудың осы түрін пайдалану арқылы сыныптағы оқушыларды түгел бағалануына қол жеткізуге болатындығын көз жеткіздім.                                                       

       ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  жолдауыда  «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы  жоғары елге айналуымыз керек. Сондай-ақ балаларымыздың,  жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»  деп атап  көрсеткен болатын. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқыту мен оқудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.   Сондықтанда сабақтарда оқушылар ғаламтор, компьютер, ноутбук  т.б. сандық технологияны пайдалану арқылы қажетті ақпаратты алу, оны пайдалану әдістерін  үйренуі маңызды.

               Мектепте мұғалімнің көшбасшылығы жеке дамуға бағытталмаған.        

       Мектептегі көшбасшылықты ұжымдағы әріптестердің қолдауынсыз жүзеге 

       асыру мүмкін емес. Мектептің дамуына мұғалімдердің жеке  іс-тәжірибесін

       жетілдіруі  жеткілікті ғана емес. Егер іс-тәжірибесі нәтежелі  болып, мектептегі

       әріптестері   қызығушылық танытса, ұжымда  кеңінен қолдау

       тауып жатса ғана тиімді. Менде мектептегі көшбасшы ретінде алған білімімді,                 

       тәжірибемен ұштастыра  отырып, әріптестерімнің арасында қызығушылықты    

       тудыра  білуім  керек екендігін түсіндім. Кәсіби  қызығушылықты  танытып,  

       үйренуді мақсат қойған   әріптестеріммен  бірлесе жұмыстана бастадым.

       Әріптестерім арқылы мектепте  осы бағдарламаның  жүзеге  асуына ықпал  

       етудемін.   Менің осы бағдарлама  бойынша жұмыстанғаныма  аз уақыт болса,  

       ой түйдім, кәсіби жағынан жетілдім.

       «180 градусқа  бұрылу» атты  эссе байқауындағы  «Педагогтың жеке өсіміндегі

       рефлексиялық үрдістің өзгеруі   және мұғалім- көшбасшы мәртебесін алуы»  

       бағытын таңдауымның мәні осында.

      Пaйдаланылған әдебиeттеp:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей (ілгері) Үшінші басылым, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
  2. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауы.
Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1047 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
avatar
1 azik_85_kz • 20:27, 17.03.2016
Эссе мазмұны толық ашылған. Мұғалімнің өзінің бойындағы өзгерістерінің жүруі, оның мұғалімдік қызметіне деңгейлік курстың берген әсерін, жұмыстары бойынша жазған. Эссенің құрылымдық байланысы сақталынған.
avatar