Четверг, 02.05.2024, 19:20
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Меню сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Вход на сайт

Сайт живет...
WOweb.ru - Scripts - JavaScript - Дни существования сайта
Поиск
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке)

КЭК7 Мендыгазиева Аксамал Муратовна Белес жалпы орта білім беретін мектеп –балабақша КММ БҚО
16.03.2016, 20:02

Эссе бағытының атауы: «Менің мектебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесім»

Көшбасшылық-тәжірибені жетілдіру құралы

Оқу сияқты көшбасшылық та адамның басты,бірақ аса күрделі қасиеттерінің бірі болып табылады.Басшы қызметін атқармастан-ақ білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының  бірінші деңгей бағдарламасын игерген мұғалім ретіндегі менің алға қойған мақсатым- коучинг, тәлімгерлік және сыныптағы  бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі,әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестеріме қолдау көрсету, мектепті дамыту мақсатында кәсіби желілік қоғамдастық аясында білім алуға бастама жасау.Осы мақсатымды жүзеге асыруға  әлемдік тәжірибелер, білім жүйесіндегі өзгерістер негіз болды.

 «Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді.Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады» Осындай тұжырымды ойларды оқи отырып, мақсатымды жүзеге асыру үшін оқушыларыма дайын білім мен идеяларды ұсынбай, сол білім мен идеяларды оқушылардың өздерінің құруына түрткі болудамын.

Бағдарлама идеяларын жүзеге асырушы көшбасшы ретінде қол жеткен жетістіктерім- өз іс-тәжірибеме сындарлы оқыту тәсілдерін енгізу арқылы мектеп шеңберінде даму бағдарламасын іске асыруым.

Менің сабақтарыма қатысу, кәсіби әңгіме жүргізу, бастапқы және кері байланыстар арқылы тәлім алушы өзінің оқыту тәжірибесіне нақты өзгерістер енгізе алды,қолдау көрді, алдына мақсат қойып, соған жету жолында проблемаларды анықтай білді деп айта аламын.  Жұмыстың жаңа жолдарын және жаңа идеяларды оқыту туралы ойланудың нәтижесінде алған тәжірибесі мұғалімнің жұмыс стилін дамытуға ықпал етеді.

 Мұғалімдердің оқушылармен өзара қарым-қатынасына өзгерістердің ықпалы топтық жұмыстың көмегімен анықталды. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Заманауи зерттеушілер ( Sinek ,2009) перспективті идеялар мен тәсілдерді игерген көшбасшы мұғалімдер тәжірибесін өзгертуге қауқарсыз екендігін атап көрсетуде, өйткені олар әдетте өзінен «Өзгеріс не үшін қажет?»  деп сұрамайды. Ал бірінші деңгей бағдарламасы ең әуелі «неге?»  содан кейін ғана «не?» деп сұрақтардың ретін өзгерту арқылы мұғалімдер тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігін алға тартады.

     Болып жатқан өзгерістердің мұғалімнің жұмысына ,олардың оқушылармен қарым-қатынасына және оқыту үдерісінің нәтижесіне ықпал еткенін LS үдерісінен де анықтауға болады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп, оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. ( МАН,47-б)

    Бұл тәсілдің  мұғалімдерге  ықпалы топ мүшелері бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болды.Нені, кімді оқытуды бірлесіп анықтады. LS үдерісінен кейін «бақылаудағы» үш оқушыдан сұхбат алу арқылы өзгерістердің тиімділігі анықталды. Сұхбат алу арқылы біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастадық.Сұхбат барысында «саған сабақта бәрінен де не ұнады?»  «нені үйрендің?» «оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?» деген сұрақтар қою арқылы алдағы уақытта нені өзгертуге болатынын білуге болады.

  Мектептегі өзгерістер оқушыларға қатты ықпал еткенін осындай сұхбаттар жүргізу, сауалнамалар жүргізу, сырттай бақылау жүргізу арқылы да анық көрдім. Әр сынып өзінің топтық ережесін шығарып, өз пікірін еркін айтып, кері байланыс орната білді. Оқушылар ынтымақтаса жұмыс жасап, өз идеяларын еркін айтып, көшбасшылық қасиеттері дамыды. Бұл арқылы мұғалімдер оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы қалыптастыруға мән беру қажет екендігін айқындадым.

Көшбасшы ретінде тағы бір қол жеткен жетістігім-әріптестеріме коучинг жүргізу арқылы және 3 деңгей бағдарламасын оқыту арқылы  қолдау көрсетуім дер едім.30 жылдан астам еңбек өтілі бар ұстаздарымыз да коучингтерге ынтамен қатысып, деңгейлі бағдарламаны игергісі келетіндерін жасырмады.Коучингтердің  әсері коучингке қатысушылардың сабақтарына қатысу кезінде және одан кейін де байқалады. Әр мұғалім өз сабақтарының бір сәтінде болса да 7 модуль идеяларын  пайдалануға тырысуда. Бірі тренингтерді сәтті ұйымдастырса,  енді бірі сергіту сәттерін,топтық жұмыс әдістерін тиімді қолданады. Көпшілігі  формативті бағалау түрлерін,кері байланыс түрлерін  қызыға пайдаланып, кәсіби дамуға бағытталуда.Коучинг сабағы барысында менің  мұғалім-әріптестерім  топпен  ынтымақтаса жұмыстануға бағытталып,диалогқа тартылды,постер қорғап, өзіндік пікірлерін еркін білдірді,бір-бірінің жұмысын талдап, салыстырып және бағалаудың жаңа түрлері «екі жұлдыз, бір ұсыныс», «қол белгісі », қол шапалақтау арқылы  бағалауды үйренді.Кездесулер қысқа мерзімді болса да дамудың нақты мәселелеріне бағытталып отырады.

Тағы бір баса айтуға болатын мәселе-3 деңгей бағдарламасын игерген әріптесімнің өз біліктілігін арттырып,коучингтерді де тиімді ұйымдастыратын коуч дағдыларын меңгеруі. Кері байланыс кезінде бір әріптесіміз өз рефлексиясын былай білдіріпті: «Әлемдегі өзгеріс біздің мектебімізге де келіп жетті. «Күлтөбенің басында күнде жиын» дегендей, коучингтерге қызыға қатысудамыз. Несі бар, керемет, осылай жалғаса берсін, ісімізге серпін берді, шығармашылығымызды дамытты» Шынымен де коучингтер барысында кейбір әріптестермізді жаңа қырынан тани түсудемін.

Менің сабақтарыма қатысу, кәсіби әңгіме жүргізу, бастапқы және кері байланыстар арқылы тәлім алушым да өзінің оқыту тәжірибесіне нақты өзгерістер енгізе алды,қолдау көрді, алдына мақсат қойып, соған жету жолында проблемаларды анықтай білді деп айта аламын. 

Бұл бағдарламаның басты,әрі тиімділігі ретінде атап өткім келетіні-ата-аналар жиналыстарына енгізілген өзгерістер дер едім.Мектепте қалыптасқан жағдайдың бірі-ата-аналар белсенділігінің орташа болуы еді. Осы мәселені шешуде сынып жетекші ретінде де өзіндік амал-тәсілдер енгізіп, ата-аналарға коучингтер өткіземін.Бұл тәжірибе мектеп шеңберіне оң ықпал етіп, жалпы ата-аналар жиналыстары да дәстүрлі әдістерден арылды.  Ата-аналар  ынтымақтаса жұмыс жасауға оң көзқараспен қарап, талқыланатын сұрақтарды өз бетінше талдай білді.

  Мектепке енгізілген өзгерістердің бірі -мектепті дамыту жоспары бойынша  желілік қоғамдастық аясында іс-шаралар өткізу, мұғалім көшбасшылығын дамыту. Жүйе басшылары желінің жай ғана тәжірибе алмасуға қарағанда,едәуір іргелі үдерістерді ұсынатындығын атап көрсетеді.Желілер адамдарды ынтымақтастырып,жаңа идеялар мен тәжірибелерді шоғырландыру үшін серпінді жағдайлар жасайды. ( МАН,57-б) сондықтан мен мектеп әкімшілігінен, әріптестерден, ата-аналардан, оқушылардан қолдау таба отырып, желілік байланыс арқылы форумдағы әріптестерімізбен де мақсатты жұмыс жасай білудемін.Мектепішілік қоғамдастық,мектептер арасындағы қоғамдастық жұмыстары жыл өткен сайын нығайып келеді. Астана қаласында өткізілген «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі»  тақырыбындағы республикалық форумға қатысуым да іс-тәжірибемді жетілдіруге үлкен әсерін тигізді.Астана қаласының Халықаралық мектебіне барып, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесімен танысу, шеберлік сыныптарына қатысу мен үшін нағыз желілік қоғамдастықтың  лебін сездірді. Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалім ретінде форумдағы талқыланған тақырыптардың бәрі маған таныс, жақын еді. Әсіресе, халықаралық сарапшы Тауфик Черкауи мырзаның сабақтағы кері байланыс жөнінде айтқан пікірлері өте құнды болды.

  Жалпы мекебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесімді  төмендегі мәселелер бойынша талдағым келеді:

«Сөйлей-сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боларсың» дегендей, осы кезге дейін іске асырылған әрекеттерді саралай келе , төмендегі мәселелерді жеткен жетістіктеріміз деп көрсеткім келеді:

-Мұғалімдер оқу үдерісін жақсарту үшін НЕ ІСТЕУ керектігін білді.

-Бүкіл мектеп жағдайында коучингті іске асырдық.

-Өзгерістердің  мақсатын   анық түсіндік.

-Желілік қоғамдастық аясында ынтымақтастық орнады.

- мұғалімдер мен оқушыларды кері байланыс орната білу дағдысы қалыптасты.

- Оқытуды басқару мен көшбасшылық дамыды.

-Бағалау  үрдісіне оқушылар тартылды.

   Сондықтан да болашақта « Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей» деп Мұхаммед пайғамбарымыз айтқандай, 1 деңгей бағдарламасын игерген мұғалім ретінде  болашақта осы бағдарламаның түйінді идеяларын өз тәжірибемде жете қолданып, әріптестеріме қолдау көрсетемін. Келешектегі іс-қимылдарым:

-желілік қоғамдастық аясындағы  іс-шараларға  толық бастама жасай алу.

-оқушылардың өзін-өзі, өзара бағалауды, жалпы бағалау үдерісіне тартылуын жетілдіре түсу.

-оқушылардың білімдегі жеке қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды алға жылжыту.

-LS тәсілін іске асыруды жетілдіру

-әріптестерімді іс-қимылдарды бірлесіп жоспарлауға,рефлекцияға және зерттеу жұмысына тарту.

  Қорыта айтқанда, мұғалімнің көшбасшылығы оқытуға байланысты , әрі кәсіби дамудың қуатты тәсілі болып табылады.Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық,кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда      көшбасшылықтың   бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алатындығы туралы тұжырым жасауға болады.

 

Категория: КЭК (эссе на казахском языке) | Добавил: Administrator
Просмотров: 1380 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 3
avatar
1 azik_85_kz • 20:41, 17.03.2016
Эссе мазмұны ашылған. Мұғалімнің мекетбіндегі өзгерістерге өзінің қосқан үлесін, Лессон Стадиге қатысу, тәлімгерлік жұмыс, желілік байланысты орнатудағы жұмысы, өзінің қосқан үлесін жазған, талдау жұмысы жүргізілген.
avatar
2 Муратовна • 15:47, 20.03.2016
Автор мектебінде 1 (ілгері) деңгей мұғалімнің атқарған жұмысы туралы мәлімет бере отырып, жеткен нәтижелерін ашты. Эсседе рефлексиялық ойлар аздау көрінеді. Кейбір жерде мәтін мұғалімнің есебіне ұқсайды.
avatar
3 учитель1390 • 12:11, 24.03.2016
Мен жоғарыда камментари жазған әріптестеріме қосыла отырып, эссе барысында автор Лессон Стадиге қатысуында , тәлімгерлік жұмысында, желілік байланыстарында "қарын аштырып" жазғанмен, өз практикасында қалай қолданып іске асырғандығы нақты жазылмағын.Себебі, бұл әріптесіміздің тақырыбы "Көшбасшылық - тәжірибені жетілдіру құралыі" болғандықтан нақты мәліметтермен өз тәжірибесінен мысалдар келтіру керек еді. Себебі, біз оқырмандар тәжірибе алмасуда құр сөзбен жазған емес , әріптестеріміздің іс-әректінің нәтижесі арқылы ой түйіндегіміз келеді. Тақырыбы қысқа жақсы таңдалған, тек қысқа тақырыпқа қысқаша өз іс-әрекеттермен жоғарыда жазған әріптестеріміздің ойын жүзеге асырғанын практика жүзінде қолданысын көрек  деген ой білдіремін. Эссеңізге рахмет.
avatar