- В помощь учителю 1 класса
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2017"
- Фестиваль "Калейдоскоп исследований-2019"
- Конкурс-эссе "180-degrees turn"
- Молодому педагогу
Главная » Файлы » Конкурс эссе "180-degrees turn " » КЭК (эссе на казахском языке) |
16.03.2016, 20:21 | |
Бағыты: «Менің мектебімде болып жатқан өзгерістер мен дамуға мұғалім-көшбасшы ретінде қосқан үлесім».
Көшбасшы мұғалім – болашақтың шам шырағы. Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж Университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында мұғалімдер оқу көшбасшылары болып саналады. Осы мақсатқа жету үшін оқыту мен оқудағы әдістерді өзгертуіміз қажет екендігін түсіндім. Мен бірінші деңгей бағдарламасының теориялық білімін меңгеру кезінде мұғалім өзгеруге, өзгеріске дайын болуы керек, көшбасшы бола білу керек екенін ұқтым. Ал мектептегі тәжірибе кезеңінде мектеп көшбасшылары оқушы нәтижелерін жақсартуда басты рөл атқаратынына көзім жетті, әрине оған мұғалімдердің сабақ барысында орнататын ахуал басты ықпал етеді, сондықтан осыған байланысты көшбасшы сабақты қалай мейлінше тиімді оқыту керектігін, оған қол жеткізу үшін мұғалімдерге қандай көмек қажет екенін білуі тиіс. Сондықтан өз мектебімнің ЭЫДҰ талаптарының негізінде дамып, өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыратын оқушыны тәрбиелеу мақсатында мектептегі тәжірибе барысында бақылау, қадағалау, қорытынды жасай білудің ұтымды жақтары (зерттеу, жоспарлау, дамыту, көшбасшылық) бар екенін білдім. Осы мақсатта сауалнама алудың, сұхбат жүргізу барысында «Мұғалімдердің АКТ-ны оның ішінде pzezi.com, kahoot.it технологиялық аспектілерді сабақ барысында қолдануы оқушылардың АКТ құзіреттілігіне қалай ықпал етеді» деген сұраққа жауап бере келе. Міне осы жағдайларды жақсарту үшін мен өз әріптестеріммен жүйелі түрде жұмыс жүргізуім қажет. Жаңаша әдістің негізгі ерекшелігі балалардың қол жеткізген білімдерін жай ғана біліп қоймай, оларды қажетті жерде қолдана білуіне басты көңіл аудару болып табылады, ал негізінде ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың ең басты мәні де осында жатқаны даусыз. Өзгерістер енгізу арқылы, топқа бөлудің түрлерін тиімді қолданып, кейбір оқушыларды, тырнақшаға алынған, тани білдім. Шыдамдылық пен табандылық сенімді серігім болды. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады » деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Ұлы ұстаз А. Байтұрсынов "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы" деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кәсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Әріптестеріме ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды оқушы бойына тиімді қалыптастыра алу үшін, алдымен мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруі керек екеніне мектептегі тәжірибе кезінде көзім жетті. Яғни оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді. Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Мұғалімнің құзыреттілігі оның көшбасшылығынан байқалады. Өзінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін белсенділігі, білімділігі, оқушыларын талапқа сай оқытуы оның кәсіби өсуі болып табылады. «Оқыту үшін ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ету арқылы бағыт-бағдар беретін, еркін және белсенді ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін болжайтын және оқыту-тәрбиелеу үрдісінде шығармашылықпен қызмет жасайтын мұғалімдер - алға қойған міндеттерді шешудің кепілі бола алары сөзсіз. Ұлы ғұлама Әл-Фараби ұстаз туралы: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсесін ұмытпайтын...,алғыр да аңғарымпаз... мейлінше шешен, өнер білімге құштар қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да жат адамдарына да әділ..., бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп..., қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек " деген еді. Ендеше бұрынғы іс-тәжірибені жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыра отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын жеке тұлға даярлау ісінде нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім барын салары анық. Өзіндік оқуға белсенді қатысу үшін тиімді кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында АКТ-ны оның ішінде pzezi.com, kahoot.it технологиялық аспектілерді құрылғысы арқылы тестіленіп, сабақ қорытындыланып, өз нәтижесіне жетті. Кahoot.it арқылы берілген тест бір жағынан уақытты үнемдесе, екінші жағынан оқушылардың бағасын сол бойы шығарып беріп, дұрыс – бұрыстығын тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар оқушы психологиясына оң әсерін тигізді Бұл жөнінде Мишра және Келер (2006) түсініктемелерінде де нақты білімді мағыналы тұсаукесермен бағдар көрсетуге болатындығын көрсеткен. Аталған мәселе бойынша мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу бойынша коучинг, тәлімгерлік, кәсіби әңгіме шараларын қамтыған шаралар жоспары жасалды. «АКТ құзыреттілігі неде?» деген тақырыбындағы коучинг мұғалімдерге стратегияларын игеруге бағытталды. Осы тақырып бойынша жоспарланған коучинг арқылы оқушылардың креативтік ойлар мен идеяларды туғызу қабілетін дамыту үшін мұғалімдер ашық сұрақтарды сабақта қолдану арқылы ақпаратты ашуға, оларды жауапкершілік сезімін оятуға көңіл бөлінді. «АКТ құзіреттілігіне pzezi.com, kahoot.it технологиялық аспетілерін сабаққа енгізу» тақырыбында жоспарланған коучинг мұғалімдерді сабақ беруіне көп ықпалын береді. Осы өзгерістердің барлығын зерделей отырып мектептің даму жоспарының мақсатына жеттім деп ойлаймын. Тәлімгеpлік ету барыcында өзімнің де білімімді oдан cайын толықтыpып, іс-әрекет нәтижелерін реттедім. Бoлашaқта көшбаcшы бoла тұpа әріптестеpіме қoлдау көрcетіп, кәcіби дамулаpына көмектeсемін, әлде де cыни тұpғыдан ойлaудың тиімді әдіcтерін үйpетемін, oқушыларға cыни ойландыpатын тапсырмалаpды жетілдіpемін. | |
Просмотров: 1232 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Всего комментариев: 3 | |
| |